2014 жылғы 29 мамырдағы № 63 «Арқа ажары» газетінде жарияланды
«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бос орын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Аршалы ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маман-бухгалтер, санаты E-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті және қаржылық есеп берулерді жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды, құжаттау және ісқағаздарын жүргізу процесстерін ұйымдастыру және өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары экономика және бизнес саласында, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес экономика және бизнес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маман-бухгалтер, санаты E-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімнің бюджеттік өтінімдерін, орта мерзімдік даму жоспарын жинақтау және қалыптастыру, жоспарлау. Кешенді жоспарды жасау. Бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті және есеп берулерді жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу. Негізгі құралдарға түгендеу өткізу, мекеменің материалдық құндылығын сақталу есебі және бақылау. Бұйрық жобаларын дайындау және оны тіркеу.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары экономика және бизнес саласында, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес экономика және бизнес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
3. «Аршалы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-сы бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне) , санаты E-R-1, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті қолдау бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру, кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізу. Құжаттандыруды және ісқағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалар өтініштері есебін жүргізу.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес салаларында білімі жоғары. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына экономика және бизнес салаларында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі және конкурстық комиссия құру» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
-
Ережесінің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініші;
-
Ережесінің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлеміндегі фотосуретпен толтырылған анкета;
-
Нотариалды куәлендірілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
-
Нотариалды куәлендірілген жұмыс істегендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
-
Берілген үлгідегі (№ 086/У) денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азматының жеке бас куәлігінің көшірмесі,
-
Құжаттарды тапсыру сәтінде тестен өткендігі туралы жарамды сертификат.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссия оны қараудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілетін жоғарыдағы 3) және 4)-тармақтағы құжаттарды өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналдарды басқару қызметі (кадрлық қызметі) куәлендіреді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппараты» ММ-де үміткердің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде тапсыру қажет.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Мекен-жайы: 020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов к. 47, 307 каб., анықтама үшін телефондар: 8/71644/2-18-70 (108), факс - 8/71644/2-13-52, электрондық почта – arshaly_org83@mail.ru.
Достарыңызбен бөлісу: |