Конкурс жариялайды Кербұлақ ауданының әкімі, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 10, тел: ( 8-728-40) 3-17-05, 3-15-07



Дата20.06.2016
өлшемі120.98 Kb.
#149230
түріКонкурс


26.04.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.18.4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Кербұлақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы

конкурс жариялайды
Кербұлақ ауданының әкімі, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 10,

тел: ( 8-728-40) 3-17-05, 3-15-07.


Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

-осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

-3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама ;

-бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен  бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

-Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі);

-конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сәйкес мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, одан аталмыш конкурс бойынша тестілеу рәсімін конкурс жарияланған мемлекеттік органдарда өтеді.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 10.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат:

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде Кербұлақ аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Кербұлақ жұлдызы» аудандық газетінің директор - бас редакторы қатысады.


1.Кербұлақ ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты / №10-24-04/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: ветеринарлық.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Аудан аумағында эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларын жүргізу жоспарларын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тізімін жасау, аудан бойынша жанаурларын бірдейлендіру іс-шараларын ұйымдастыру, бірдейлендірілген мал басының саның дерекқорға енгізілуін қадағалау. Ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының есебін жүргізу және жоғары тұрған органдарға ветеринария саласы бойынша атқарылып, жоспарлы орындалып жатқан жұмыстар туралы есептерді, мәліметтерді береді. Кіріс корреспонденциясын тіркеу, талдау, және оны орындаушыларға тарату. Шығыс құжаттарын тіркеу, ресімдеу және жолдау. Электронды байланыс құралдары арқылы құжаттардың қабылдануын және жіберілуін қамамасыз ету. Жоғары органдардан түскен құжаттардың орындалуы жөніндегі ақпараттың уақытымен беріліп отыруын бақылау.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.


2.Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты / №10-23-05/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: ветеринарлық.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: 

-Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудан өткізу;

-жұмыс жоспарының дайындалуын қамтамасыз ету, білім бөлімінің іс номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу.

-Мектеп алды, жалпы орта білім беру мекемелерінің педагог мамандарының сапалық және сандық құрамына талдау жасау.

-Келіп түскен хаттармен, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу, білім бөліміндегі нормативті және нұскау құжаттарының орындалуын тексерудің бақылауын ұйымдастыру.

-Жалпыға бірдей білім беру саласының жұмысын жоспарлау, бағдарламаны әзірлеу және үйлестіруге бақылау жасайды. Білім мекемелеріндегі бюджетті қалыптастыру және қаржыландыру бойынша ұсыныс дайындау.

-Облыс, аудан әкімінің және әкімнің орынбасарының білім беру мәселелеріне қатысты бар шешімдерінің, өкімдерінің жүзеге асыруын бақылау жасайды.

-Бөлімнің тоқсандық, айлық жұмыс жоспарын және жасалған жұмыс

есебін дайындайды.

-Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.


3.Кербұлақ аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты / №10-35-05/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, статистика, дүниежүзілік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Ауданның индустриялық иновациялық стратегияны және өнеркәсіптік құрылыс материалдарды дамыту мемлекеттік саясатты жүзеге асыруына қатысады. Аудан кәсіпорындарымен және мекемелермен, халықаралық стандарттау және техникалық реттеуді енгізуге ықпал ету. Ауданның әлеуметтік – экономикалық стратегиялық жоспарларды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, оның ішінде өнеркәсіп, энергетика, кәсіпкерлік, сауда.

Аудан бойынша жоғары органдарға қажетті мәліметтер ұсынады, зерттеу, болжамдауды жүргізеді.Меншік түріне қарамастан, нарық саудасының қызметін қадағалайды, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін сатып алатын және өткізетін мекемелер жұмысын ұйымдастырады, өнімдердің бағасының тұрақтануын, ауыл тұтынушыларының талабын қанағаттандыруды және мемлекеттік реттеуге жәрдемдеседі. Аудандағы кәсіпорындарды халықаралық, республикалық, салалық және өнім сапасының облыстық көрмелерінде ұйымдастыру және қатыстыру, олардын қызметіне өнімнің халықаралық сапа жүйе стандартын енгізуін үйлестіреді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық Орта мерзімді жоспарына сәйкес экономиканың нақты секторы бойынша тоқсан сайың экономикалық сараптама жасау.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
4. Кербұлақ аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы /негізгі қызметкердің бала күту демалысына шығуына байланысты/, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін, Е-R-4 санаты / №10-28-03/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: құқық, өнер, техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Жергілікті атқару органдармен бірге аудандағы елді мекендерде сәулет, қалақұрылысы және құрылыс жағдайын жақсарту іс-шараларын жүргізу.Тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени саладағы нысандардың құрылысын даму, олардың инженерлік желілерімен қамту материалдарын сараптау.

Ағымдағы есептерді жүргізу және аудандағы елді мекендерді көркейту жұмыстарын үлестіру. Келіп түскен бақылаудағы құжаттарды қадағалау және олардың мерзімдерінде орындалуын жүзеге асыру.Бөлімнің іс-құжаттарының есебі мен тіркеуін жүргізу.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

5. Қарашоқы ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін, Е-G-3 санаты / №10-19-02/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринарлық.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Ауыл округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау, жұмыс жоспарын жасайды.

Округтегі елді-мекеннің тазалығына, көркейтілуіне бақылау жасау , ауыл тұрғындарына адрестік - әлеуметтік көмек жасау мақсатында аулаларды аралау, барлық деңгейдегі сайлауды өткізу, құқықтық тәртіпті қорғау жөнінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау. Құжат айналымы және іс жүргізумен айналысу, азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.Жоғары тұрған органдардың және өздері шығарған шешімдердің орындалуын тексеру және бақылау, корреспонденциялармен жұмыс жасау, ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлауды ұйымдастыру –техникалық жағынан қамтамасыз ету. Округ әкімдігінің іс жүргізілуіне, архив жұмыстарының құжаттарын сапалы жүргізуге жауапты. Архивтің жұмыстарын реттейді. Кәмелетке толмаған азаматтарды қамқорлыққа алып, тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысын үйлестіру. Шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысын ұйымдастырады.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
6.Қаспан ауылдық округі әкімі аппаратының тұрғын үй - коммуналды шаруашылық, жолаушылар автокөлігі және автокөлік жолдары бойынша жетекші маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84114 теңге дейін, Е-G-4 санаты / №10-15-05/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринарлық немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Автокөлік жолдарының және көпірлердің дұрыс пайдаланылуына және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жасау. Мәдениет білім және денсаулық сақтау салаларында жүргізілетін шараларға көмектеседі. Орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. шаруашылық кітаптарын жүргізуді қамтамасыз етеді, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысын ұйымдастырады.Жолаушылар көлігі, телекоммуникация және энергетика мекемелері қызметіне бағыт беру және үйлестіру.

“Ауыз су” бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру , жолаушылар тасымалдау автокөлігінің жұмысын дамыту.

Округтегі елді – мекендердің тазалығын, шаруашылық кітаптарының жүргізілуін, әскери міндеттілердің есебінің жүргізілуін және төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау. Жерді тізімге алу (кадастр) жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Жер пайдаланушылар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау жөніндегі ағымдағы жұмыс. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысын үйлестіру, сайлауды ұйымдастыру –техникалық жағынан қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастыру –техникалық жағынан қамтамасыз ету. Округ әкімдігінің іс жүргізілуіне, архив жұмыстарының құжаттарын сапалы жүргізуге жауапты. Архивтің жұмыстарын реттейді.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.



7.Алтынемел ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы- есепшісі, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84114 теңге дейін, Е-G-4 санаты / №10-12-05/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Жинақтаушы қорға зейнетақы жарналарын аудару, электр энергииясы , байланыс қызметі үшін есептесу, барлық салық түрлері бойынша қаржы аудару жұмыстарын жасау. Қаржы органдарымен және банктермен өзара бірлесіп жұмыс жасау.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.


8.Қоғалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84114 теңге дейін, Е-G-4 санаты / №10-10-09/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринарлық немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Ауыл округі әкімінің қызметін ұйымдастыру, жұмыс регламентінің сақталуын қадағалау, жұмыс жоспарын дайындау.

Округтегі елді-мекеннің тазалығына, көркейтілуіне бақылау жасау , ауыл тұрғындарына адрестік - әлеуметтік көмек жасау мақсатында аулаларды аралау, барлық деңгейдегі сайлауды өткізу іс-шараларын жүргізу, құқықтық тәртіпті қорғау жөнінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау.

Құжат айналымы және іс жүргізумен айналысу, азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

Жоғары тұрған органдардың және өздері шығарған шешімдердің орындалуын тексеру және бақылау, корреспонденциялармен жұмыс жасау, ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлауды ұйымдастыру –техникалық жағынан қамтамасыз ету.

Мәдениет білім және денсаулық сақтау салаларында жүргізілетін шараларға көмектеседі. Орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді. Жолаушылар көлігі, телекоммуникация және энергетика мекемелері қызметіне бағыт беру және үйлестіру.

Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.


9.Жоламан ауылдық округі әкімі аппаратының тұрғын үй - коммуналды шаруашылық, жолаушылар автокөлігі және автокөлік жолдары бойынша жетекші маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84114 теңге дейін, Е-G-4 санаты / №10-20-06/, 1 бірлік.

Үміткерге қойылатын талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, ветеринарлық немесе осы салаға сәйкес ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Осы лауазымға жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Атқаратын міндеттері: Ауылшаруашылық науқанын өткізу кезеңінде фермерлік және шаруа қожалықтарына көмек жасау, құқықтық тәртіпті қорғау жөнінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау.

Құжат айналымы және іс жүргізумен айналысу, азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

Жоғары тұрған органдардың және өздері шығарған шешімдердің орындалуын тексеру және бақылау, корреспонденциялармен жұмыс жасау, ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізу, шаруашылық кітаптарын жүргізу, сайлауды ұйымдастыру –техникалық жағынан қамтамасыз ету.

Округтегі елді – мекендердің тазалығын қадағалау. Жер пайдаланушылар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау жөніндегі ағымдағы жұмыстарды жүргізу. Жерді тізімге алу (кадастр) жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Жер пайдаланушылар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау жөніндегі ағымдағы жұмыс. Округ әкімдігінің іс жүргізілуіне, архив және қорғаныс жұмыстарының құжаттарын сапалы жүргізуге жауапты. Архивтің жұмыстарын реттейді.



Осы қойылатын қызметті орындау үшін арнаулы талаптар – мемлекеттік тілді, компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет