Конкурс жариялайды конкурс өтетін мерзімі



Дата03.07.2016
өлшемі28.95 Kb.
#175470
түріКонкурс
Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары» № 1353 қаулысының негізінде Ақсукент ауылдық округінде орналаскан Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «№2 Сайрам» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс өтетін мерзімі: Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» осы хабарландыруды жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн өткен соң белгілейді

Конкурс өткізілетін орын: Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мекен-жайы: Ақсукент ауылы, Жібек Жолы көшесі №172, индекс 160800, телефондар 8-72 (531) 21-517, 21-527

Кәсіпорынның мекен жайы және қызметі: 160800, ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Сұраншы батыр көшесі, н/з Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «№2 Сайрам» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мектепке дейінгі білім беру қызметі
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының басшысын таңдауда қойылатын негізгі талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білуге міндетті Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Бiлiм туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тiл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы " Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; экономика негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрiгерге дейiнгi медициналық көмектiң негiздерiн. 

Кәсіби білім мен дағдысы. Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжап, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау. Өзін басқара білу, бейімделу.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға хабарландыруда көрсетiлген құжаттарды қабылдайтын мерзiмде ұйымға қолма-қол немесе почта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: 
      1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама.

      Көрсетiлген құжаттардың бiрiнiң болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшiн негiз болып табылады. 
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс стажына, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi және т.б.) беруiне болады.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 160800, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі №172 , Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты

Анықтама телефоны: 8-72(531) 21-517, 21-527



Құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 күнтізбелік күннен соң тоқтатылады

Сайрам ауданының «Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет