Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні;
ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
порталға өтініш берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні;
Құжаттарды қабылдау Білім және ғылым министрлігі жыл сайын бекітетін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін 30 (отыз) күн бұрын жарияланатын мерзімде жүзеге асырылады;
2) құжаттар пакетін тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды, қағаз жүзінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Министрлікке (бұдан әрі - жұмыс органы) жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы қолхат;
2) ХҚО-да - конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы қолхат;
3) порталда - уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды жұмыс органына жеке тәртіппен қарау үшін жіберу туралы электронды құжат түріндегі қолхат.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі - жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) ХҚО: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Электронды кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмыс органы бекітетін нысан бойынша мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі (бұдан әрі - өтінім) (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);
2) өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушіден ұсыным хат (жұмыс берушіден маман даярлауға өтінім ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендерді қоспағанда);
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнының өтінімі және аталған жоғары оқу орнының оқу кеңесінің ұсынымы (жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
4) таңдап алынған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген қағаз тасымалдағыштағы еркін нысандағы өтініш;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер толтырған сауалнама;
6) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің және паспортының түпнұсқалары мен көшірмелері (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
7) қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі (тағылымдамадан өтуге үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда - білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі;
8) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
9) мынадай санаттар үшін еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мемлекеттік қызметші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы ғылыми немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медициналық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде көрсетілген қызметкерлер ретінде - кемінде 12 (он екі) ай;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - мәдениет ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
10) мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып жазылған) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттардың көшірмелері (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
11) жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес жасалған тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
12) оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада білім алу үшін оқуға түскен адамдар үшін - шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шартты қоспағанда) қабылданатынын растайтын құжаттардың көшірмелері және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжат/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, аталған оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
13) аталған дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын, конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне (бұдан әрі - тізім) енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
14) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекітетін белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі;
15) бар болған жағдайда, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелері бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесі.
ХҚО-ға:
1) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімі (бұдан әрі - өтінім) (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер, тағылымдамадан өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);
2) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс берушіден ұсыным хат (жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімін ұсынатын мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендерді қоспағанда);
3) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан өтінім (жоғары оқу орындарының бітірушілері санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
4) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында таңдап алынған мамандық/зерттеу тақырыбы мен оқу/тағылымдамадан өту елінің негіздемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекіткен нысан бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер толтырған сауалнама;
6) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі мен паспорты (сәйкестендіру үшін);
7) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы (тағылымдамадан өтуге үміткерлер қосымшаны ұсынбайды), сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда - білім туралы құжатты тану және ностификациялау туралы куәліктің көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжаттың көшірмесі;
8) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
9) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанында мынадай санаттар үшін еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мемлекеттік қызметші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы ғылыми немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық не медициналық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде көрсетілген қызметкерлер ретінде - кемінде 12 (он екі) ай;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде мәдениет қызметкерлері, мәдениет ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - мәдениет ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
магистр дәрежесін алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл;
10) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанындағы мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (есептері ашып жазылған) көрсетілген тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның шартсыз (қаржылық шарттар мен шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) шақыртуын растайтын құжаттар (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
11) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанындағы жұмыс органы белгілейтін және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен талаптарға сәйкес құрастырылған тағылымдамадан өту бағдарламасы (тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
12) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанындағы, оқу бағдарламасы, мамандығы және кезеңі көрсетілген, академиялық оқуға шартсыз (қаржылық шарттарды және резидентурада оқуға түскен адамдар үшін шет тілін талап етілетін деңгейге дейін арттыру шартын қоспағанда) қабылданғанын растайтын құжаттар және бар болған жағдайда, шетелдің жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/оқу мамандығын, курсын (оқу жылын), нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар, осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін);
13) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында конкурсқа өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін аталған дәрежені алу үшін шетелдің жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдің жетекші жоғары оқу орнымен келісілген жеке оқу жоспары (философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);
14) ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжатының электрондық көшірмесі нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес, жұмыс органы бекітетін белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың (бар болған жағдайда) көшірмесі;
15) бар болған жағдайда, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат көшірмесі нысанындағы, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижелері бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы нақты ресми сертификаттың көшірмесі тапсырылады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі зейнетақы аударымдарын төлеу құжаттары туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, осыдан кейін ол құжатты көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелердегі құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтер көрсетіліп тиісті құжаттың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
порталға:
1) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өз бетінше оқуға түскендер санаттары бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс берушінің электрондық құжат көшірмесі түріндегі маман даярлауға өтінімі (бұдан әрі - өтінім) (мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, ғылыми не педагог қызметкерлер, тағылымдаман өтуге үміткерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін);
2) өз бетінше оқуға түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін электрондық құжат көшірмесі түріндегі жұмыс берушіден ұсыным хат (жұмыс берушінің маман даярлауға өтінімін ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше оқуға түскендерді қоспағанда);
3) электрондық құжат көшірмесі түріндегі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
Достарыңызбен бөлісу: |