«АЛИШЕР НАВОИ» АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ЖШС
Мектеп оқушылар арасында «Қызылша ауруын алдын алу» тақырыбында өткізілген түсіндіру жұмыстарының
№ ___ХАТТАМАСЫ
Ақсукент ауылы 7.11.2023ж.
Қатысқандар: Мектеп медбикелері 4, 6, 9- сынып оқушылары.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Оқушылар арасында қызылша ауруын алдын алу, асқынуынан пайда болатын аурулары, адам ағзасында тигізетін әсері туралы айтылды.
Әңгіме мақсаты: Қызылша ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бүгінгі күнде бұл ауруға шалдыққан адамдардың саны көбейді. Оның басты себебі- Вакцинациядан бас тарту.
Қызылшаның алғашқы белгісі- дене температурасының 38-39 градусқа дейін көтерілуі, ол үш немесе төрт күнге дейін созылады. Бастапқы кезеңде тұмау , жөтел, жүрек айныуы, бастың ауруы және конъюктивит болады. Науқастың тәбеті жоғалады, бірнеше күннен соң бетте және мойында бөртпелер пайда болады. 5-6 күн өткен соң бөртпелер жоғалып кетеді. Статистикаға сүйенетін болсақ, 40% жағдайда ауру асқынады , әсіресе 5 жасқа толмаған балаларда. Оларда соқырлық ,құлақтың қабынуы, энцефалит сияқты дерттер пайда болуы түсіндіріліп айтылды. Оқушыларға тест таратылып бейнероликтер көрсетілді.
2. Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Оқушылардың ой-пікірлері мен сұрақтары тыңдалып, қызылша ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі екенін түсінді.
Мектеп директоры: М.Т.Абдисаттаров
Мектеп медбикесі: Н.А.Юлдашева
Н.Р.Мирзакадырова
Достарыңызбен бөлісу: |