«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата17.07.2016
өлшемі71.02 Kb.
#205203


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына

құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут;

құжаттарды қабылдау сәтіне дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері, ауылдық жерлерде – әкімдік берген жолдама;

3) сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқа және көшірме);

4) баланың денсаулық паспорты



5) эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы

бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:

1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына;

2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.



11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле

отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

______________________


«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына

құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама






Уәкілетті орган_____________________________

Уполномоченный орган______________________
№ ____ ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ № _______

Берілген күні «_____» ____________ 20_____ ж.

Дата выдачи «_____» ____________ 20_____ г.
Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты бар болса) ________

__________________________________________

Туған күні, айы және жылы _________________
Ф.И.О (при наличии отчество) ребенка __________________________

Дата, месяц, год рождения __________________


Мектепке дейінгі ұйым ___________________
_________________________________________

Дошкольная организация___________________


_________________________________________


ЖЫРТПАЛЫ ПАРАҚ

ОТРЫВНОЙ ЛИСТ



Уәкілетті орган____________________________

Уполномоченный орган_______________________
№ ____ЖОЛДАМА
НАПРАВЛЕНИЕ № _______

Берілген күні «_____» ____________ 20_____ ж.

Дата выдачи «_____» ____________ 20_____г.
Баланың Т.А.Ә.(әкесінің аты бар болса) ________

__________________________________________

Туған күні, айы және жылы _________________
Ф.И.О. (при наличии отчество) ребенка __________________________

Дата, месяц, год рождения __________________


Мектепке дейінгі ұйым ___________________
_________________________________________

Дошкольная организация___________________


________________________________________






РЕГИСТРАЦИОННЫЙ В

ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ - __



ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________

РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____


Жауапты адамның Т.А.Ә..(әкесінің аты бар болса)

______________________________________

Қолы _____________

Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица ___________________________________

Подпись _____________

Мөрдің орны/



Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады

Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи

ЖОЛДАМА БЛАНКІСІН БЕРУ ЖУРНАЛЫНДАҒЫ ТІРКЕУ № _________

РЕГИСТРАЦИОННЫЙ НОМЕР В ЖУРНАЛЕ ВЫДАЧИ БЛАНКОВ НАПРАВЛЕНИЙ №_____



Жауапты адамның Т.А.Ә..(әкесінің аты бар болса)

______________________________________

Қолы _____________

Ф.И.О. (при наличии отчество) ответственного лица _____________________________________

Подпись _____________

/Место печати



Жолдама берілген күннен бастап 5 күн бойы жарамды болады

Направление действительно в течение 5-и дней со дня выдачи




Жолдаманың негізгі нысанымен міндетті түрде бақылау үшін салыстыра тексеруге жатады.

Подлежит обязательной контрольной сверке с основной формой направления.



____________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет