«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ
ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы Е-4 санаты Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ауданның атқарушы органдарының және селолық округ әкімдерінің жұмыс жоспарын құру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Істер номенклатурасына сәйкес өзінің қызметі бағыты бойынша анықтамалық – ақпараттық материалын жүйелендіреді және жинақтайды. Сыни ескертулер бойынша іс-шаралар әзірлейді және оларға бақылау жүргізеді. Облыс әкімі берген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылайды, аудан әкімі аппаратында және жергілікті атқарушы органдарда бағдарламалардың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талдауға дайындықты және өткізуді бақылайды, елдің өкілетті және атқарушы органдарға сайлауды өткізуді қамтамасыз етеді. «Тапсырмалар мониторингі» ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. «Күміс алқа», Алтын алқа» алқаларымен, мемлекеттік наградаларымен, Құрмет грамотасымен және алғыс хатпен марапаттау бойынша материалдарды жүргізу. Істер номенклатурасына сәйкес «Тапсырмалар мониторингі» ақпараттық жүйесін жүргізу, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау бойынша материалдарды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «Білім», «Құқық», «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия), «Зоотехния», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (көлік, көліктік техникасы және технологиялар, құрылыс), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (қаржы, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіндері бойынша.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бөлімнің бас маманы, E–R–4 санаты. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
«Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асырады. Аудан жерлерінің орынды қолдану бойынша сызбаны және жобаларды, бағдарлама әзірлеуді ұйымдастырады,жер учаскілерін сатып алу – сату келісім шарттарын және жер телімін уақытша өтеулі мен өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасайды, жер телімдерінің бөлінуін анықтайды, сауда-саттықты (конкурсты, бәсеке сауданы) өткізуін ұйымдастырады, жер комиссиясының отырысының хаттамасын жүргізу мен жұмысты құжаттылық қамтамасыз етуді, жер телімдердің жобаларын жасау үшін хаттаманың көшірмесін беру, жер телімдерін беру туралы өтінішіне жауап дайындау. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жаткан немесе жер заңнамасын бұза отырып пйдаланып жатқан, жер телімдерін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен алып қою бойынша соты мекемесіне талап арызын дайындау; азаматтар мен ұйымдар қызметінің әсері нәтижесіндегі жер саппасының төмендеумен келтірілген шығасылардың өтемі бойынша. Сатып алу- сату жасалған келісім шарттарының орындалуын және жер телімдерінің уақытша өтеулі және өтеусіз жер пйдалану шарттарының орындалуын бақлауды жүзеге асырады, заңнамаға сәйкес, жер учаскілерін жалға алу және өтеп алу төлемдерінің уақытында және толық бюджетттік міндетті төлену мониторингін жүргізеді, заңнамамен орнатылған қажетті есепті жүргізеді, бөлімнің жоспарлары мен бағдарламаларын құру үшін қажетті ақпаратты ұсынады, бұқараралық ақпарат құралдарына бөлім бастығының тапсыруымен сөз сөйледі, азамакттардың жер заңдылықтарының сұрақтары бойынша, істер номенклатурасына сай құжаттарды тіркеу журналдары мен кітаптарында есеп жүргізеді, ақпаратты алу үшін мекемелер мен ұйымдарға қажетті сұраныстарды жібереді, қызметтік міндеттерді орындау мақсатында, бөлімнің өндірістік тапсырмаларын орындау үшін бөлім бастығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «Қызметтер» (жерге орналастыру, кадастр), «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, топырақтану және агрохимия, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау), «Құқық» (заңтану) бейіндері бойынша.
3. «Солтүстік-Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ талдау, жинақтау және жоспарлау бойынша жетекші маманы негізгі қызметкердің болмауы кезеңінде, Е-R-5 санаты. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығы, егіншілік инженер техникалық инфрақұрылым мамандарымен бірігіп өз жұмыстарын құру және үйлестіру керек. Селолық аумақтар аймағында ауыл шаруашылығында қосымша жұмыс орындарын жасауға және сақтап қалу бағдарламасын жүзеге асыруды қадағалайды. Ай сайын ауыл шаруашылығы басқарамасына есеп беріп отырады. Аудандық агроқұрылым бойынша еңбек ақыларын төлеуге жүзеге асырады. Шаруашылық өнімнің ұсыныз жасау бойынша және сұранысың оқып меңгеру, баға және базардың жағдайын талдау. Бөлімнің негізгі шаралар жоспарын ай сайын құрастыру. . Әлеуметтік-экономикалық дамудың сипатамасы, талдау бойынша көрсеткішті жүзеге асыру. Аудының аумағының даму бағдарламасы орындалы талдауын жүзеге асыру. Аудандағы аграрлық кадрлардың барлығы және қажеттілік мониторингын жүзеге асыру. Жеке еңбек шарттары, жеке құрам бойынша бұйрықтар және өкім жобасын әзірлеу, жұмыс уақытының есепке алу табілі жүргізу, қызметкерлердің еңбек өтілін есептеп, комиссияға қарауға уақытылы береді және дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, аграрлық техника және технология), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (қаржы, есеп және аудит, экономика) бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі білім: «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, ауыл шаруашылығын механизациялау), «Сервис, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша) бейіндері бойынша.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-4», «Е-R-4», «E-R-5» санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
белгіленген нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде (жариялаған «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка с. Ленин көш. 10, «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі немесе esil_kadry@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(71543) 2-28-32 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |