«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына ішкі конкурс жариялайды. -
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілік сектордың меңгерушісі, 1 бірлік.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкер санаты Е-R-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас есепшісінің міндеттерін атқару. Бөлімді материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, ғимаратты сақтау жұмыстарын ұйымдастыру; мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жұмыс жағдайын ұйымдастыру.Әкімшілік жұмыс сектор мамандары мен техникалық қызметкерлердің жұмысын бақылау. Сектор жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бөлім қызметкерлерінің қабілеттілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру. Бухгалтерлік есептеуді басқару, касса мен банктік операциялар бойынша есеп беру мен есептеуді басқару жұмыстарын ұйымдастыру, кассалық және есептеу тәртіптерін сақтауды бақылау, есеп беру мен балансты құру, ақшалай қаржы мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығару және жүргізілуін бақылау, түгендеу, есептеу. Декларациялар және басқа есеп берулерді толтыру және оларды салық басқармасына тапсыру, статитикалық есеп беруді басқару және оларды статистикалық органдарға тапсыру, материалдық жауапты тұлғалармен, кәсіпорындармен, мекемелермен келісім-шарттарды дайындау. Инвентаризациялауды кезекпен жүргізу және мүлікті бағалау және олардың барлығын құжатпен растау, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру, шаруашылық операцияларының дұрыс толтырылуы; бастапқы есептік құжаттарының толтыру кезегін сақтау бойынша жұмыстарды басқару. Салықтар және жарналарды бюджетке, қажет төлеулерді мемлекеттік бюджеттік емес әлеуметтік қорларға уақытылы аударуды қамтамасыз ету; еңбекақы төлеу қорларының шығындарын бақылау, қызметкерлерге еңбекақы төлеуді дұрыс есептеу мен оларға жалақы аударуды бақылау. Жеткіліксіздік, ақшалай қаржы мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз кетіру бойынша құжаттарды толтыруға қатысу, осы жағдайларды болдырмауды бақылайды. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуы мен олардың кезекке сәйкес уақытында мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызметтерін жүргізу ұйымдастыру , мемлекеттік сатып алу саласында қажетті есеп беруді құру. Бөлімнің техникалық қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру. Энергия тұтыну ережелерін сақтау мен электр құралдарын қолдану және өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау. Мекеменің дамуы бағдарламалары жобаларын, стратегиялық және операциялық жоспарларды жасауда қатысу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың хаттарын және өтініштерін қарастырады. Автокөліктерді эксплуатациялау нәтижесіндегі шығынды есептеуді, ЖЖМ мен қосалқы бөлшектердің жылжуы бойынша бақылауды және есепті қамтамасыз етеді Мемлекеттік мекеме бойынша қаржының игерілуін бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) бейіні бойынша.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмi аппаратының және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органының интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150900, СҚО, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi, 12, 3-кабинет, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты немесе maml-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды мына телефон 8(71541)22927, факс 8(71541)21788 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |