интернет-ресурсында орналыстырған 26.02.2016 г.
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк бос орын лауазымына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшінің санаты Е-1. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 150740 теңгеден 203208теңгеге дейiн.
Негiзгi функциялық мiндеттерi:
Әлеуметтік саланы дамыту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ұлтаралық қарым-қатынас, көші-қон және демография, телекоммуникация, қылмыстық-атқару жүйе мәселелері бойынша аудандық және аумақтық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Бұқаралық ақпарат құралдары, көрнекі ақпарат, діни конфессиялар, құқық бұзушылықты алдын алу және қылмыспен күрес, туберкулез және АИТВ/ЖИТС індетін алдын алу мәселелері. Жұмылдыру, аумақтық қорғаныс мәселелері.
Төмендегі қызметтерге жалпы бақылауды іске асырады: аудандық білім бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт; аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Мемлекеттік тіл саясатын, мемлекеттік рәміздерді насихаттау мәселелерін үйлестіреді. Ардагерлер, жастар және әйелдер ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты іске асырады.
Төмендегілермен байланысты іске асырады: Мамлют ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясымен, «Знамя труда» және «Солтүстік жұлдызы» газеттерінің редакцияларымен, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен, аудандық орталық ауруханамен, балалар жасөспірімдер спорт мектебі.
Төмендегі комиссияларды басқарады: әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, нашақорлық және нашақорлық бизнесімен күрес жөніндегі, Семей полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шекке азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі, коммуналдық тұрғын үйді беру жөніндегі, қоғамдық тәртіппен қамтамасыз етуге қатысушы азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияны, эвакуациялық, көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдерімен марапаттау жөніндегі, мекемелердің қызметіне көмек көрсету, қылмыстық жазалау атқарушы және осыдай қылмыстық-құқықтық іс-шараларды, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеуші тұлғаларға әлеуметтік және осындай көмектерді ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы кеңес, мүгедектер ісі жөніндегі үйлестіру кеңесі, мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толған азаматтарға, сонымен қатар психикалық ауру және ақыл-ойының кемшілігі салдарынан сотпен қабілетсіз деп танылған тұлғаларға қамқоршылық және қорғанышылық жөніндегі кеңес, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жөніндегі кеңес.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
- бiлiмi жоғары: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Білім; Құқық бейіндері бойынша.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
Iшкi конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi Министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
Қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) нысан бойынша өтiнiш;
2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен расталған қызметтiк тiзiм.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкі конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртiпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Құжаттарды электронды түрде не «E-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер, оларды әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күнiнен бастап, 5 жұмыс күн iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi. Бірыңғай конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол берiледi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде бірыңғай конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Iшкi конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмi аппаратының және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде 150900, СҚО, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi, 12, 3-кабинет, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты мекенжайы бойынша немесе maml-akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиiс. Анықтама телефоны: 8(71541)22927, факс 8(71541)21788.
Достарыңызбен бөлісу: |