Конкурс жариялайды



Дата01.07.2016
өлшемі36 Kb.
#170618
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда облысы әкімінің аппараты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды:

1. Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы (D-2)

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 125 564 теңгеден 169 767 теңгеге дейін (экологиялық коэффицентті есепке алмағанда).



Қызметтік міндеттері: жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша ҚР Заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, сондай-ақ, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінің аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінде, облыстық басқармаларда орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Тиісті ақпараттарды басшыларға хабарлау, тексерулер ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөліміне басшылық жасау. Бөлім қызметшілеріне жүктелген функционалдық міндеттердің орындалуына бақылау жасау. Хаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау.

- Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жоғары заңгерлік, немесе экономикалық, немесе педагогикалық, немесе техникалық, немесе жергілікті мемлекеттік басқару білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

2) жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) Ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

Конкурс «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы
19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығына сәйкес өткізіледі.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Қызылорда облысы әкімінің аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі 1 фотосурет пен өкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.     

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде Қызылорда облыс әкімі аппаратының ғимаратында, 120003, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 76 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі әңгімелесу жүргізілгеннен соң 2 (екі) жұмыс күн ішінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн аралығында Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 76 үй, № 314 бөлмеде қабылданады. Анықтама телефондары 8 (7242) 26-10-84.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан адамдар үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.



Қызылорда облысы әкімі аппаратының

конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет