Адами капитал экономикалық өсудің инновациялық факторы ретінде



Дата13.06.2016
өлшемі56.69 Kb.
#133783
Адами капитал экономикалық өсудің инновациялық факторы ретінде
Умирзакова М. А. э.ғ.к., аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Еліміздің экономикалық жағдайы күн санап көтерілу үстінде. Соның ішінде инновацияның атқаратын рөлі, қосатын үлесі зор деп айтуға болады. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, бұл – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже.

Адами капитал – инновациялық эконо­ми­ка мен білімді дамытуды айқындайтын факторға айналып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Инновациялық даму – бұл тек жаңа техника-технологияларды пайдалану емес, оны ойлап табу» деген екен. Мемлекеттік қолдау көрсете отырып,  адами капиталды дамыту арқылы өзге алдыңғы қатарлы дамыған елдер сияқты жаһандық заманға сай техника мен технологияларды ойлап тауып, оны жарыққа шығарып, қолданысқа енгізу керек. Адам капиталы мемлекет дамуындағы стратегиялық бөлік болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық өсуін инновациялық тұрғыдан қамтасыз етуде адам капиталының маңызы зор.

«Инновация» терминін енгізген И. Шумпетер инновацияға мыналарды жатқызады:



ИННОВАЦИЯ






Сурет 1. Инновация терминінің бірнеше мағынасы


Й. Шумпетер экономикалық өсуді тауар шығару ауқымының артуы деп белгіледі. Экономикалық өсудің нәтижесінде ірі инновациялардың әсерінен экономика мен өмірде оң өзгерістер орын алады. Өсуші экономикада тауарлар мен ақша бір-біріне қарай дәстүрлі жолдармен жылжиды. Мұндай қозғалысты Й. Шумпетер экономикалық өмірді циркулярлы ағыны деп атады Жиналған білім аясында адам капиталы сапасының артуы және адам капиталының өсуі мен дамуының нәтижесінде орын алған экономикалық өсу циркулярлы ағын жағдайындағы біртектілікті бұзып, ірі инновациялардың тууына себепші болады, сол арқылы өнеркәсіптің жаңа салалары ашылады. Тіпті, ескірген салаларды жаңғыртуға, қысқартуға немесе жоюға жол ашады. Мәселен, автомобильдің темір жол транспортының маңызын төмендетіп, ат «транспортын», сол арқылы жылқы зауыттарын жоюын айтуымызға болады.

Инновациялар арқылы адам капиталын дамыту, адам капиталын инвестициялаудың маңыздылығын түсінген Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2010 жылғы Жолдауында «2020 Стратегиялық жоспарының» басты бағыты, үшінші тармағы ретінде  адам капиталының бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін болашаққа бел­сенді инвестициялауды ерекше атады. Сонымен қатар Елбасы: «Жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды әлемдегi ең әлеуеттi, бәсекеге қабiлетi адами капиталға ие елге айналдыруға» қол жеткізетіндігімізді де баса көрсетті .

Адами капитал экономикалық өсудің сапалы жаңа факторы ретінде қарастырылатындықтан, адами капиталды дамыту мәселесі бүгінгі күні отандық экономиканың инновациялық даму сатысына өтуі арқылы бәсекелік қабілеттілігін көтеруде аса көкейкесті болып табылады.

Қазақстанның экономикалық өсудің және бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің стратегиялық факторы ретіндегі айтарлықтай ғылыми және білім беру әлеуеті бар. Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жатқан кәсіпорындар кемде-кем болып табылады. Сондықтан жаңа технологиялар еңбек өнімділігін арттырып, ел экономикасының гүлденуіне көмектесу үшін әлі де керекті жаңа білім мен мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Ондай шаралардың біріне Қазақстанның 1 млрд. 725 млн. теңге көлемінде бөлінген инновациялық грантын атауға болады. Ғылымды қаржыландыру мәселелері шығындардың абсолютті көлемінің өсуімен шешілмейді. Қаржыландыру механизмдерінің өздерін өзгерту қажет. Қаржыландырудың ұлғаюымен бірге, іске жарамды ұйымдардың шектеулі тобын қолдау үшін ресурстарды жинақтау мақсатында тура бюджетті алушылар санын шектеу қажет. Сондықтан, «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды қаржыландыруды ұлғайтумен бірге ғылымды қаржыландыру тәсілдері өзгертілді. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың үш тәсілі енгізілді: гранттық – елдің ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды қаржыландыру; бағдарламалық-мақсаттық – стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; базалық – мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдар үшін қаржыландыру.

Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық экономикада өз орнын табады. Қазақстанның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі болып отыр. Осы артықшылықтарды біздің еліміздің инновациялық экономикаға көшуінің алғышарттары ретінде санайды.

«Инновациялы Қазақстан-2020» форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев инновациялық дамудың ұзақ мерзімді және бүтін стратегиясы қажет екендігін атап өткен болатын. Мемлекеттің реттеуші рөлі маңыздырақ болып келе жатыр, ол, бір жағынан, инновациялық қызметтің ұзақ мерзімді даму стратегиясын әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасымен бірге қалыптастыра отырып, екінші жағынан, инновациялық қызметті қолдау және ынталандыру бойынша нақты шараларды жүзеге асырады.

Қазақстанның жаңа ке­зең­де әлеуметтік-эконо­ми­калық да­муы өмірдің барлық салаларын ау­қымды өз­герту арқылы ин­но­вациялық технологияларды ен­ді­ру, өн­дірістің энергия тиімділігі, әлеу­меттік құрылымды жетіл­ді­­ру, білімнің әлем­дік деңгейіне қол жеткізу арқылы жүзеге асы­рылатын болса, тұрғын үй құ­ры­лысы бағ­дар­ла­масын іске асы­ру, сондай-ақ энергетика мен көлік ин­фра­құрылымын да­мы­ту, елді газдандыру бойынша ме­га­жо­ба­ларды іске қосу өндіріс пен әлеу­меттік саланы дамытудың ка­та­ли­за­торлары болады. Биылғы Жолдауда білім жүйесін жа­ңар­ту бойынша нақты мін­деттер қо­йылған. Табысты бәсекелестік үшін жоғары технологиялар са­ла­сын­да инновациялар са­нат­та­ры­мен ойлайтын, бәсекелес ортада ин­новациялық өнімді құруға ғана емес, сонымен бірге іске асыруға қа­білетті мамандар қажет. Жоғары тех­нологияларда, инновацияларда іс­ке асырылатын жаңа ойлардың та­ралуы еліміздің әлеуметтік-эко­но­микалық даму сапасын және аза­маттардың әл-ауқаты деңгейін анық­тайды.

Адами капитал теориясы бағытындағы ғылыми ойдың жетістіктерін осы кезеңдедегі қазақстандық жағдайға икемдеп қолдану білім, денсаулық, көші- қон, еңбекпен қамтамасыз ету, кіріс салаларындағы нарықтық өзгерістердің халықтың әртүрлі топтары мен ұйымдарына тигізетін әсерін, салаларын анықтап, осыған орай адам капиталын жан- жақты өндірудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Уақыт талабына сай адам капиталы қоғамның қазіргі инновациялық даму кезеңіне парапар творчестволық инновациялық қабілеттері мен сұраныстар кешеніне айналып, инновациялық ресурстар қалпында қызмет етуі қажет.

Адами капиталдың тиімді қалыптасуы әлеуметтік құрылымдар мен стратификациялық процестердің өзара байланысының сипатымен де анықталады.

Адам капиталын әлеуметтік қайта өндіру мен іске асырудың негізгі шарты -қоғамның әлеуметтік - инновациялық потенциалын, оның негізгі институттарының құрылымын, сол сияқты әлеуметтік – кәсіптік және экономикалық құрылымдарды өзгертуге бейімділігін көрсететін стратификация болып саналады. Бұның өзі адам капиталын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін қоғамның стратификацияық құрылымындағы элементтерді анықтауды; өндіріс құрал- жабдықтарының иесі болып отырған жаңа топтың ішкі құрылымы мен әлеуметтік генезисінің адам капиталын қалыптастырудағы рөлін; билік пен бизнестің өзара әрекет ету процесінде адам капиталын пайдаланудың түрі мен әдістерін ерекшелеуді көрсетеді.



Адами инновациялық ресурстан инновациялық экономикаға негізгі фактор ретінде еніп, қоғамның сапалы әлеуметтік – экономкалық өрлеуін және жоғарғы динамизді қамтамасыз етеді. Ел байлығы оның азаматтарының өнімді де, еселі еңбегінің арқасында қалыптасады.

Экономикалық өсу мен адам дамуы деңгейлерінің өзара байланыс қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуының жай ғана нәтижесі емес, ол күрделі процесс. Осыған орай адам- ақылды, инновациялық экономиканың жай ғана құралы емес, онық түпкі мақсатына, қоғамның әлеуметтік – экономикалық салаларының нәтижелі қортындысына айналды. Білім алуға, мамандықты көтеруге, денмаулықты жақсартуға жұмсалатын шығыындарды адам капиталына құйылған өнімді инвестиция деп қарастыру әлеуметтік- экономикалық қайтарымдылық мәселелерін жаңаша зерделеуді қажет етеді. Бұл жағдайда адам капиталын ұдайы өндіруге және біліми әлеуеті әр деңгейдегі қызметкерлердің неңбек ақысының жіктелуіне орай жұмсалатын шығынды қайтаруды анықтайтын мәселелер өзекті болып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет