2013 жылдың 16 қаңтарындағы
№5 облыстық «Ақ жол» газетінде жарияланды
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» КММ, индекс 080008,
Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 үй, 505, 511 іс бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс: 43-25-17), e-mail: obl_akim@zhambyl.kz
бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
конкурс жариялау туралы хабарландыру жариялайды.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын
жалпы біліктілік талаптары:
D-3 санаты үшiн: жоғары білім;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4) ғылыми дәрежесінің болуы.
D-4 санаты үшін: жоғары білім;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4) ғылыми дәрежесінің болуы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
D-3
|
94813
|
128126
|
D-4
|
71751
|
96735
|
1.Облыс әкімінің кеңесшісі, 1 бірлік, D-3 санаты (№03-2).
Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысатын лауазымды тұлғаларды шақыруды, қабылдауға шақырылған немесе келген азаматтардың қозғалысын қамтамасыз ету. Жұмысты жоспарлау, болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
Конкурсқа катысушыларға қойылатын талаптар: білімі - Гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы)
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
2.Облыс әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-4 санаты (№09-2)
Функционалдық міндеттері: Жалпы экономика саласы шеңберінде отын-энергетика кешені және өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің барысы туралы министрлікке және ҚР Үкіметіне материалдар дайындау. Жұмысты болжамдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, жоспарлау және болжамдау қабілетінің болуы. Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және әкімдік қаулыларын жүзеге асыру; әкімдік мәжілістеріне материалдар дайындау, облыстық бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен, отын-энергетика кешені, көлік, байланыс және коммуникация, жол құрылысы, коммуналдық қызметтермен және пәтер иелерінің кооперативтерімен, облыстық басқармалармен өзара әрекет ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы.
Мамандығы: экономика немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы)
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан мекемеге – Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайда орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |