Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «11» ақпандағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия және пайымдау
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымдауы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені, сондай-ақ ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуді қамтамасыз ететін дамыған және қолжетімді ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым.
2. Ағымдағы жағдайды және даму үрдісін талдау
1-cтратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын білдіретін республиканың көлік кешеніне шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл беріледі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі
2011 жылы 5,6%-ды құрады.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,9 мың км теміржолдан; 97,2 мың км автомобиль жолынан; 4,1 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан құралды.
2011 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының тығыздығы 1000 ш.км аумаққа жалпы пайдаланымдағы темір жол жолдары бойынша 5,4 км-ні; жалпы пайдаланымдағы қатты жабындысы бар автомобиль жолдары бойынша 31,6 км-ді құрайды.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2011 жылы 2974,9 млн. тоннаны құрады, ол 2010 жылғы көлемнен 22%-ға артық.
Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, жолаушыларды тасымалдау 2011 жылы 26,2%-ға артты және 16647,2 млн. адамды құрады.
Жүк және жолаушылар тасымалдау серпіні.
Темір жол саласы
Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөлге ие. Тасымалдаудың үлкен арақашықтығы жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері теміржол көлігін пайдаланушылар неғұрлым қажетті етуде.
Қазақстан темір жолының пайдалану ұзындығы 14,6 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүксыйымдылығы – км-ге 24,2 млн. тонна-км –ді құрайды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ»ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
Кезең
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
Жүктер тасымалданды
|
млн. тонна
|
268,9 (+3%)
|
247,7
(-7,9%)
|
267,7
(+8%)
|
279,6
(+4,4%)
|
Жолаушылар тасымалданды
|
млн. жолаушы
|
16,6
(-2%)
|
18,9
(+5,9%)
|
19,2
(+1,6%)
|
20,7
(+7,8%)
|
Кірістер
|
млрд. теңге
|
433,7
|
432,3
(-0,3%)
|
597,6
(+38,2%)
|
625,5
(+4,7%)
|
Шығыстар
|
млрд. теңге
|
392,0
|
416,0 (+6,1%)
|
532,6
(+28%)
|
531,3
(-0,2%)
|
Қаржылық нәтиже
|
млрд. теңге
|
41,8
|
16,3
(-61%)
|
65,2
(+400%)
|
94,2
(+44,5%)
|
Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.
Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:
-
магистральдық темір жол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда темір жол көлігін нарыққа бейімдеу;
-
тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен темір жол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
-
салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;
-
темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.
Қазақстан Республикасының темір жол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:
1) шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінген және жергілікті билік органдарына берілді;
2) бәсекелі секторға жөндеу кәсіпорындары бөлінді;
3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |