Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
E-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
Е-3
|
102 437 т.
|
138 248 т.
|
Е-R-3
|
96 607 т.
|
129 920 т.
|
E-R-4
|
73 288 т.
|
99 105 т.
|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-52468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншіктегі объектілерге есеп жүргізу сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік. (уақытша бос орын, 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, коммуналдық меншіктің объектілерін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу, коммуналдық меншікті мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жасау. Мемлекеттік мүліктің есебінің жүргізілуін қамтамасыз ету және есебінің мерзімінен кешіктірілмей табысталуын қадағалау. Барлық қалалық коммуналдық мекемелердің қаржы-шаруашылық жағдайына талдау, бақылау жасау. Басқа да өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді толықтай орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).
Құқық мамандықтары (құқық , құқықтану).
2. «Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік сала және жинақтап-талдау сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің ағымдағы жылдың штат саны мен еңбекақы қоры бойынша ақпаратты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынады. Сектор қызметінің негізгі мәселелері бойынша жергілікті мекемелер мен облыстық басқармалармен хат алмасулар, оларға жауаптар әзірлейді. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттемелерді толықтай орындау, мекеме басшысының, сектор меңгерушілерінің тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).
3. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
экономика және есептеу секторының меңгерушісі, Е-R-3, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Экономика және есептеу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, қаржы және экономика сұрауларына басшылық жасау, штаттық кесте, қаражат тәртібін қадағалау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығын есебін тексеру және бақылау, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына талдау жасау. Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп бойынша методикалық көмек көрсету, айына, тоқсанына бюджеттің орындалысы туралы есептерін тексеру, білім саласы бойынша есептер жиынтығын, мемлекеттік сатып алу есептерін жүргізу және дебиторлық, кредиторлық қарыздарын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, есеп және аудит, қаржы).
4. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мектепішілік қайырымдылық акция өтуін, мүжәлсіз отбасы балаларының ыстық тамақпен тамақтандыруын, кәмелет жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қабылданған шешiмдердiң орындалысын және іс-құжатарының даярлығына бақылау жасау, қадағалау. Баспанасыз, бағусыз қалған балаларды арнайы тәрбие беру орындарына орналастыру жұмыстарын жүргізу. Мектеп жасындағы жетім, жартылай жетім, мүжәлсіз балалардың есебін алу, құқығын қорғау. Бала асырап алу жұмысын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары.
Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, шетел тілі: екі шетел тілі, география, биология, информатика, дене шынықтыру және спорт);
Құқық мамандықтары (құқықтану, құқық қорғау қызметі);
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару).
6. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Жетім балаларға (ата-анасы жоқ, тумаларының қолында тәрбиеленіп жатқан) материалдық көмек беру, демалыс, емдеу-сауықтыру орындарына жіберу, қайырымдылық көмек көрсету. Мектептердегі мүжәлсіз отбасы балаларының уақытында тамақтандырылуын, олардың тізімінің бекітілуін қадағалау. Жетім, ата-ана қамқорлықсыз қалған, мүжәлсіз отбасы балаларының жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары.
Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, шетел тілі: екі шетел тілі, география, биология);
Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі);
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;
-
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім
Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |