Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
конкурс туралы хабарландыру
(2015 жылғы 12 ақпандағы №17 «Ақтөбе»
облыстық газетінде жарияланған).
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ, 030010, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-20-60, факс: 8(7132) 561662, е-mail: aktoboblfih@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысының орынбасары – (1 бірлік).
Санаты D-О-2.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 144142 теңгеден 169762 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Жетекшілік ететін бөлімдердің жұмыстарын ұйымдастырады, жоспарлайды және басшылыққа алады; электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізу қағидаларымен белгіленген, құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс берушімен берілген тапсырманы қарау, конкурстық және аукциондық құжаттамаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы бекіту; конкурстық немесе аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту; мемлекеттік сатып алулар туралы хабарлама жариялау; мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу; конкурстық немесе аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру; облыс әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу; конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау; мемлекеттік сатып алу туралы заңымен және электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізу ережесімен белгіленген тәртіпте тапсырыс берушіге конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы хаттаманы жолдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді олардың орындауын қамтамасыз ету; Басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік сатып алулар өткізудің талдауы мен мониторингін жүзеге асыруды ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператормен: мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін интеграциялау және қамтамасыз ету, электрондық үкіметтің интерактивті сервистерін білу, техникалық ерекшеліктермен жұмыс жасай білуі бөлігінде өзара әрекет ету; тапсырыс берушілерге тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын беруге сұраныстар жіберу, сонымен қатар басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты дайындау, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары – заңгерлік, экономикалық, техникалық.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бөлім басшысы (1 бірлік).
Санаты D-О-3.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін жалпы басшылыққа алу, облыс әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; Басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастыру және өткізу; тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы бекіту; конкурстық немесе аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту; мемлекеттік сатып алулар туралы хабарлама жариялау; мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу; конкурстық немесе аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру; конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау; мемлекеттік сатып алу туралы заңымен және электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізу ережесімен белгіленген тәртіпте тапсырыс берушіге конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы хаттаманы жолдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді олардың орындауын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары-заңгерлік, экономикалық.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі
бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.
3. Мемлекеттік сатып алулар процедураларын өткізу бойынша бөлімнің бас маманы (2 бірлік).
Санаты D-О-4.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Облыс әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу; Басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастыру және өткізу; тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы бекіту; конкурстық немесе аукциондық комиссия құрамын анықтау және бекіту; мемлекеттік сатып алулар туралы хабарлама жариялау; мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған адамдарды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген адамдар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу; конкурстық немесе аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіру; конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау; мемлекеттік сатып алу туралы заңымен және электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізу ережесімен белгіленген тәртіпте тапсырыс берушіге конкурс немесе аукцион тәсіліміен мемлекеттік сатып алудың қортындылары туралы хаттаманы жолдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; бөлімнің қызметі туралы ақпарат дайындау, бөлімнің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары-заңгерлік, экономикалық.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда заңгерлік, экономикалықортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.
4. Басқарма қызметін және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (1 бірлік).
Санаты D-О-3.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 92891 теңгеден 114032 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін жалпы басшылыққа алу; басқарманың қызметін құқықтық қамтамасыз ету; басқармада жасалған шаруашылық шарттарын және басқа келісімдерді құқықтық сараптамалауды жүргізу; құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; соттарда және басқа мемлекеттік органдарда басқарма мүддесін қорғайды және талап жұмыстарын жүзеге асыру; процессуалдық құжаттарды дайындау; жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, арыз-шағымдарын қарау; басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын талдау; кадрларды мониторингілеу, кадр бойынша белгіленген құжаттамаларды есепке алу, талдау, қабылдау және кадрлық есептілікті жасау; басқарманы кадрлық қамтамасыз ету мәселесін реттейтін актілерді әзірлеу; қызметкерлерлі жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту процедураларын жүзеге асыру; кадр бойныша есепті және белгіленген құжаттаманы жүргізу; еңбек заңдылығы және мемлекеттік қызмет заңдылығы бойынша кеңес беру; конкурстық іріктеу, аттестация, біліктілік талаптарын әзірлеу, еңбек өтілін анықтау, персоналды басқару міндеттерін кешенді шешуді қамтамасыз ету жұмыстарын, ақпараттық жүйеде жұмыс жасауды жүргізу; бөлімнің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары-заңгерлік.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі
бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.
5. Басқарманың қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік).
Санаты D-О-4.
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы – 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Басқарма бюджетін жоспарлау, атқару және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру; бухгалтерлік есепті жүргізу; бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес басқарма есептілігін жасау; бөлім қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары- экономикалық.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономикалық ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.
Құжаттар Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының № 435 кабинетінде қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
D-O-2, D-O-3 cанаттары үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) конституциялық заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) заңдарын білу кіреді.
D-O-4 cанаты үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) конституциялық заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) заңдарын білу кіреді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |