Конкурс туралы хабарландыру «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»



Дата12.07.2016
өлшемі118.06 Kb.
#195660
түріКонкурс




Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік

қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932076, факс: 8(7132)932076, e-mail: A.Zainolaeva@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы, D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлiм қызметiн ұйымдастыру, облыс әкiмдiгiнің қызметiн информациялық-аналитикалық қамтамасыз ету, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын және экономика салаларын талдау және болжау, жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк, салалық және басқа бағдарламалардың іске асыру барысын талдау негiзiнде тиiстi ұсыныстар дайындау.

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдайларды зерттеу, талдау және болжау. Халықаралық тәжiрибенi және оның облыстағы әр түрлi экономика салаларының дамуы бойынша қолдануды зерттеу.

Облыс әкiмдiгінің құрылымдық бөлiмшелермен, аудандар және Ақтөбе қаласы әкiмдiктерiмен әзірленіп жатқан бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, бағдарламалық сөздерді және басқа да құжаттарды дайындауға және жүзеге асыруға қатысу.

Қызметкерлердің жұмысын болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәлелдеу икемдiлiгі.

Талдау жүргiзу, ақпаратты реттеу және жинақтау, есептер, бағдарламалар, анықтамалар және қарамағындағы мәселелер бойынша басқа да құжаттар әзірлей білу және т.б. икемдiлiгі.

Облыс әкiмдiгі басшылығы анықтайтын өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асыра білу.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, техникалық мамандығы бойынша жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.


«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы, D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдардың өкімі мен шешімдерінің, қаулыларының жобаларына құқықтық сараптама жасайды. Ақтөбе облысы әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және мемлекеттік тіркеуге жолдауға қатысу. Келісім шарттарға, құжаттарға заң сараптамасын жүргізу.

Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты, құқықтық актілерді, бағдарламаларды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттарды жүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзіреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.

Басшылық жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілетттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - заңгерлік мамандығы бойынша жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

(13.04.2016ж.)
«Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ, 030500, Қарғалы ауданы Бадамша ауылы Әбілқайыр хан көшесі, 38, анықтама үшін телефоны: 8(71342) 22-9-02, факс: 8(71342) 22-9-02, e-mail: kargala@mail.ru, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты (№ 01-14-3-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288,23 теңгеден 99105,67 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорындардан қажетті ақпараттарды сұрап алады. Қарғалы ауданының азаматтық бюджетін әзірлейді және оны веб-сайтқа орналастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына, елдің әлеуметтік – экономикалық даму болжамына, қолданыстағы натуралды нормаларға сәйкес қабылдайды. Бюджеттік жоспарлауға қатысты барлық сұрақтар бойынша келіп түскен сұраулар мен тапсырмаларға орай, ақпараттарды және тоқсандық, айлық есептерді дайындап оны тиісті жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындарға да ұсынады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде белгіленген бюджеттік бағдарламаларға қатысты барлық сұрақтар бойынша келіп түскен сұраулар мен тапсырмаларға орай, ақпараттарды және тоқсандық, айлық есептерді дайындап оны тиісті жоғары тұрған мемлекеттік органдарға ұсынады, тиісті жұмыстар жүргізеді.



Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

       2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарғалы ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет