Конкурс туралы хабарландыру Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата17.07.2016
өлшемі45.18 Kb.
#205094
Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының

мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-1 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

D-O-1


182 388

246 515

«Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефондар: 271-66-50, e-mail: aliya@a-a.kz, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өзінің функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілікте болу. Бірыңғай стратегияны және жергілікті мемлекеттік және атқарушы биліктің қоғамдық-саяси қатынастар саласындағы, әлеуметтік сала, ғылым, білім мәдениет, денсаулық сақтау, БАҚ, жастар, тіл саясаты, туризм, спорт саласындағы барлық құрылымдарының келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру. Өңірлік БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, ақпараттық нарықтың жай-күйіне мониторингті, шетелдік БАҚ есепке алуды жүзеге асыру. Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, конституциялық қағидалар мен қолданыстағы заңнаманы сақтау бойынша партиялармен, қозғалыстармен, ұйымдармен жұмыс жасау, қоғамдағы дау-жанжалды жағдайларды болжау және олардың алдын алу. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және басқа да құжаттарды насихаттау, әрі қарай қазақстандық қоғамды шоғырландыру, бірыңғай мемлекеттік идеологияны қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру саласындағы нақты шараларды жүзеге асыру. ҚР Мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын ретке келтіруді ұйымдастыру және бақылау, қаланың сыртқы келбетіндегі олардың келісілген тұжырымдамасын қамтамасыз ету. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, мемлекеттілік пен ұлт бірлігін нығайту, азаматтық қоғам институттарымен диалогтық үдеріс тетігін жетілдіру. Адами әлеует пен гендерлік теңдікті дамыту, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыс тану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызметтер саласындағы жоғары білімі. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 5 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы 28 сауір – 5 мамыр аралығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет