Маңғыстау облысының білім басқармасы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Д-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
Д-О-4
|
83282,08
|
112430,81
|
«Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ-сі
130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «б» ш/аудан, 34 ғимарат, 2 қабат, №11 кеңсе. Тел-факс: 8-(7292) 57-12-57, басқарманың электрондық почтасы p.zhankeldi@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Облыс оқушыларының қозғалысы мен үлгерімі, оқу жылының басталуы мен аяқталуына қатысты статистикалық есебін жүргізеді. Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалысын бақылайды.
Жалпы білім беретін мектептердегі пәндер бойынша мемлекеттік білім стандартының орындалысын және білім сапасын бақылайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білімнің базистік оқу жоспарын жүзеге асыру, вариативтік сағаттарға бақылау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Оқушылардың ғылыми жарыстарын, пәндік олимпиадаларын, республикалық танымдық сайыстардың өткізілуін қадағалайды және жеңімпаздарын республикалық сайыстарға дайындауды ұйымдастырады. «Алтын белгі», үздік аттестатқа және үздік куәлікке үміткерлердің құжаттарын дайындауды қамтамасыз етеді. Шағын комплектілі мектептер жұмысын үйлестіреді. Қазақстан Республикасының баспа орындарымен оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендеріне берілген сұраныстардың орындалысы жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады. Кітапхана қоры және оқулықтар бойынша ақпараттарды жинайды, талдау жүргізеді, болжам жасайды және солардың негізінде ұсыныстар береді. Қызметкерлер бөлімнің барлық іс-шараларына бірдей жауапты болып табылады. Бөлімге түскен лауазымдық міндеттеріне қатысты өтініштерге, арыздарға және хаттарға уақытылы жауап дайындайды. Іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, химия, биология, тарих, физика, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, география, дефектология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих, халықаралық қатынастар, мәдениеттану, дінтану, аударма ісі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, механика, химия, биология, география). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).
2. Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, D-O-4 cанаты, 1- бірлік.
Функционалдық міндеттері: Тікелей бөлім басшысына және басқарма басшысының орынбасарларына бағынады және олардан бұйрық алады, сондай-ақ қызметтік өкімдерін орындайды. Басқарма басшысына облыстағы білім беру саласы дамуы туралы ай сайынғы талдамалық ақпаратты дайындайды. Білім ұйымдары бойынша мониторингтік зерттеу нәтижелерін өңдеп, дайындайды. БАҚ жариялау үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды, сөз сөйлеулерді, басқарма басшысының баяндамаларын, анықтамаларды, мақалаларды және ескертпелерді дайындайды және БАҚ-қа жариялануын қамтамасыз етеді. Бөлім құзырындағы арыздар мен ұсыныстарды талқылау барысына қатысады, жауап, анықтама дайындайды. Қызметкерлер бөлімнің барлық іс-шараларына бірдей жауапты болып табылады. Іс номенклатурасына сәйкес іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, химия, биология, тарих, физика, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, география, дефектология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару). Гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих, халықаралық қатынастар). Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, механика, химия, биология, география). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).
3. Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы, D-O-4 cанаты, 1- бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Тікелей бөлім басшысына және басқарма басшысының орынбасарларына бағынады және олардан бұйрық алады, сондай-ақ қызметтік өкімдерін орындайды. Техникалық және кәсіптік білім беру мәселеріне (қысқа мерзімді курстардан басқа) құзырлық етеді. Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламалардың және іс-шаралар жоспарларының орындалысына талдау жасайды және олардың негізінде Бағдарламаларға (өзінің құзырылық ететін мәселелері бойынша) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс дайындайды және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.Меншік түріне қарамастан колледждердің мемлекеттік стандарттарға оқу жоспарларының сәйкестігін тексереді және олардың орындалысына бақылау жасайды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курсқа қабылдау жоспарларының орындалысын қамтамасыз етеді.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ағымдағы есептік мәліметтерді, тоқсандық және жылдық есептерді және басқа да аналитикалық мағлұматтар мен ақпараттарды бекітілген үлгілерде және уақыттарда қабылдайды. Жоғарғы тұрған органдарға беру үшін және басшылықтың тапсырмалары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мәселелер бойынша мәлімдеме, ақпарат және өзге құжаттарды дайындайды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысына талдау және мониторинг жүргізіп, мамандар даярлауда олардың жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Құзырлылық төңірегінде және лауазымдық ережелер шеңберінде бағынысты білім ұйымдарына білікті мамандар даярлауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Бөлімге түскен лауазымдық міндеттеріне қатысты өтініштерге, арыздарға және хаттарға уақытылы жауап дайындайды.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін дамыту және олардың материалдық-техникалық базаларын нығайту бойынша мониторинг жасайды, қажеттілікті анықтайды және ұсыныстар береді. Олардың жаңа оқу жылына дайындықтарына бақылау жасайды, ақпараттар мен ұсыныстар дайындайды және күзгі-қысқы маусымда үздіксіз қызмет етулерін қадағалайды. Осы бағыттарда ұсыныстар дайындайды.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты жасақтайды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мемлекеттік біліктілік емтиханы комиссиясының жұмысына бақылау жасайды.Бағынысты мекемелердің жұмыстарын жақсарту жөніндегі ұсыныстар жасақтауға қатысады.Іс номенклатурасына сәйкес және сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау бойынша іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, химия, биология, тарих, физика, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, география, дефектология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих, халықаралық қатынастар, мәдениеттану). Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, механика, химия, биология, география). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ ісі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару).
4. Техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы, D-O-4 cанаты, 1- бірлік.
Функционалдық міндеттері: Тікелей бөлім басшысына және басқарма басшысының орынбасарларына бағынады және олардан бұйрық алады, сондай-ақ қызметтік өкімдерін орындайды.Кадрларды даярлау және қайта даярлау және әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламалардың орындалысына талдау жасайды және олардың негізінде Бағдарламаларға (өзінің құзырылық ететін мәселелері бойынша) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс дайындайды және олардың жүзеге асырылуына жауапты.Техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне жұмыс берушімен (шет елдік және отандық инвесторлармен) әлеуметтік серіктестік аясында контакт орнатуларына және техникалық және кәсіптік білім саласында бірлесе жұмыс жасауға (техникалық және қызмет көрсетудің мамандардын дайындаудың сапасын аттыруға) келісімдер (шарттар) жасақтауға жәрдем береді.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестік туралы келісімдердің орындалысына және оқушы жастарға кәсіптік бағдар беру бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жұмыстарына бақылау жасайды. Оқу-курс орталықтарының, комбинаттардың қызметтеріне талдау және мониторинг жүргізіп мамандар даярлауда олардың жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.Құзырлылық төңірегінде және лауазымдық ережелер шеңберінде бағынысты білім ұйымдарына білікті мамандар даярлауда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді.Бағынысты мекемелердің жұмыстарын жақсарту жөніндегі ұсыныстар жасақтауға қатысады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ағымдағы есептік мәліметтерді, тоқсандық және жылдық есептерді және басқа да аналитикалық мағлұматтар мен ақпараттарды белгілген үлгілерде және уақыттарда қабылдайды. Жоғарғы тұрған органдарға беру үшін және басшылықтың тапсырмалары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мәселелер бойынша мәлімдеме, ақпарат және өзге құжаттарды дайындайды. Бөлімге түскен лауазымдық міндеттеріне қатысты өтініштерге, арыздарға және хаттарға уақытылы жауап дайындайды.Іс номенклатурасына сәйкес және сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау бойынша іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы (бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, химия, биология, тарих, физика, құқық және экономика негіздері, кәсіптік оқыту, география, дефектология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану). Гуманитарлық ғылымдар (филология, тарих, халықаралық қатынастар, мәдениеттану). Жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, механика, химия, биология, география). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ ісі). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару).
5. Экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы D-O-4, 1 бірлік (уақытша бала күтімі бойынша демалыс аяқталғанға дейін 17.06.2018 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Білім басқармасына бағынысты мекемелердің бюджеттік қорды мақсатты қолдануы мен жоспарлауға байланысты жұмыстарды орындайды.Білім беру ұйымдарының желісін дамыту және материалдық техникалық базаларын нығайту, оқулықтармен қамту бойынша ұсыныстар мен сұраныстарға сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жасақтайды және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына уақытында тапсырады.Тиісті қаулылардың жобасын бекітуге дайындайды. Бағынысты білім ұйымдарының еңбекақы қорын қалыптастырудың дұрыстығын тексереді.Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындардың шығыс сметасын құруының дұрыстығын тексереді. Бағынысты мекемелердің ұсыныстары негізінде бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаражат бөлу үшін тиісті органдарға есептеулермен жинақтап, ұсыныс дайындайды. Бағынысты мекемелердің бекітілген қаржы-шаруашылық жоспарларына (шығындар сметасына) өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасайды. Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламалары бойынша барлық қажетті есептерді дайындайды.Қолданыстағы барлық Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламаларға сәйкес бөлінген қаражаттардың орындалысын мониторинг жасайды және жоғары органдарға тапсыру үшін жиынтық мәліметтерді жасақтайды. Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры бойынша есептердегі қаржыға қатысты бөлігінің дұрыс толтырылуына көмек көрсетеді. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, бағыныстағы мекемелердің ұсыныстары негізінде республикалық және облыстық бюджеттен қаражаттар бөлуге жинақ сұранысын жасайды. Шығындар бойынша бюджеттің орындалуын сипаттайтын анықтамалар, кестелер және басқа да материалдар дайындайды Іс номенклатурасына сәйкес және сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау бойынша іс-қағаз жүргізу жұмысына меншікті жауапкершілікте болады.«Бюджет орындалысы жөнінде есеп» бағдарламасы бойынша, форма №3-2 «Білім мекемелерінің сеть, штат және контингенті жөнінде есеп» мәліметтерін қабылдайды және жасақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынат орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының білім басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |