Б. М. Мырзагелдиев 2023ж Станция меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы



бет1/2
Дата30.05.2024
өлшемі21.78 Kb.
#502106
түріКодекс
  1   2
менгерушіснің қызметтік нұсқаулығы


<<Бекітемін>>
ТО ДСБ « Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК
______________Б.М.Мырзагелдиев
«___»___________2023ж


Станция меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы
Осы лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің баптарына сәйкес әзірленді және бекітілді.
1. Жалпы ережелер
1) Станция меңгерушісі лауазымына «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттық курсынан өткені туралы куәлігі және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлігі бар, басшылық лауазымдағы немесе денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
2) Лауазымға тағайындауды және одан босатуды басшы белгіленген тәртіппен жүргізеді.
3) Станция меңгерушісі басшыға және оның орынбасарларына олардың функционалдық міндеттері шегінде тікелей бағынады.
4) Өзінің жұмысында жедел медициналық жәрдем қызметі басшының, жоғары тұрған денсаулық сақтау және басқару органдарының бұйрықтарын, өкімдерін, регламенттерін, нұсқаулықтарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
5) Меңгерушінің жұмысын басшы және оның орынбасарлары қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау негізінде, KPI индикаторларының талабын орындауы бойынша бағалайды.
2. Лауазымдық міндеттері
Станция меңгерушісі өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшенің жұмысын, емдеу-диагностикалық процесті ұйымдастыруға, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жауап береді.
Станцияның меңгерушісі өзінің функцияларын орындау үшін:
1) Медициналық көмек көрсетіп отырған мекеменің құжаттарын(Лицензия және мекеме құжаттарын) сәйкестендіруге міндетті.
2) Ұйымдастырушылық және профилактикалық жұмыстардың жоспарларын әзірлейді және жасайды.
3) Станцияның медициналық персоналының біліктілігін арттыру іс-шараларын қамтамасыз етеді, біліктілікті арттыру курстары мен циклдерінде оқу кестесін жоспарлайды.
4) Станцияның көшпелі бригадаларының медициналық құжаттамасына (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды пайдаланғанда, бригада бар кезде өлім болғанда және қайталанғанда, шағым түскенде), жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету көлеміне, уақыттылығына, диагностиканың дұрыстығына, дәрілердің қолданылуына, емдеуге жатқызу көрсетілімдеріне сараптамалық бағалауды жүргізеді.
5) Станцияның көшпелі бригадаларға арналған дәрілік заттарға, шприцтер мен жүйелерге, таңғыш материалдарға, аспаптарға, аппаратураға, жабдықтарға талаптарына қол қояды.
6) Станцияның көшпелі бригадаларының желідегі және емдеу мекемелерінің қабылдау бөлімшелеріндегі жұмысын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
7) Станцияның дәрігерлері мен орта медициналық персоналын біліктілік санаттарына аттестаттауға дайындауға қатысады.
8) Халықтың емдеу жұмысына, этиканы және деонтологияны бұзуға, заңсыз сыйақы алуға қатысты арыздары мен шағымдарын қарауға қатысады, кейін оларды талдап, қосалқы станцияның барлық қызметкерін ақпараттандырады. Халықтың арыздары мен шағымдарын заңнамада көзделген белгіленген мерзімде қарайды.
9) Станция қызметкерлерінің госпитальға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру мәселесіне қатысты денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын бақылайды;
10) Медицина қызметкерлерінің еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруды, санитарлық көлік пен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, тиімділікті арттыруға және материалдық ресурстарды үнемдеуге көмектеседі.
11) Қарауындағы құрылымдық бөлiмшеде бақылауға жататын, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың сақталуын, есепке алынуын, жазылуын ұйымдастыруға, тағайындалуы мен пайдаланылуының орындылығына, жұмсалуына дербес жауапты болады.
12) Диспетчерлік қызметтің жұмысын ұйымдастырады.
13) Санитарлық автокөліктердің қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылуына жеке бақылауды қамтамасыз етеді.
14) Қызметкерлердің еңбек демалыстары кестелерінің, жұмыс кестелерінің және жұмыс уақыты табельдерінің дұрыс жасалуына жауапты болады. Жоғары тұрған басшылықпен алдын ала келісім бойынша қызметкерлерге қажет болған жағдайда кезекшіліктерімен, еңбек демалыстарымен ауысуға рұқсат береді.
15) Басшы өткізетін апта сайынғы жиналыстарға белсене қатысады және ақпаратты станция қызметкерлерінің назарына жеткізеді.
16) Жедел медициналық көмекті жиі шақыратын созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсетудегі сабақтастық мәселелері бойынша аумақтық емханалардың басшыларымен бірлескен жиналыстарға қатысады және олармен тұрақты байланыста болады.
17) Медициналық ұйымдардың (бұдан әрі – МҰ) бас дәрігерлерінің МБ жөніндегі орынбасарларымен ЖМКС көшпелі бригадалары мен МҰ қабылдау бөлімшелерінің жұмысындағы өзара ескертулер мен шағымдарды немесе ұсыныстарды анықтап, кейін оларды басшылыққа жеткізу бойынша өзара байланысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
18) Диагностикалық қателерді, ЖМКС бригадалары бар кезде болған өлім жағдайларын, жеделділікті, қайта шақыртуларды және ең қызықты жағдайларды талдап таңғы конференциялар өткізеді.
19) Диагностиканың, госпитальға дейінгі көмектің сапасын талдайды және директорға есеп, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар береді.
20) Жұмысқа жаңадан қабылданған дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуін қадағалайды.
21) Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізеді. Барлығының тергеуіне қатысады.
22) Персоналдың еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директордың, Қазақстан Республикасының жоғары тұрған денсаулық сақтау органдарының бұйрықтары мен өкімдерін сақтауын қамтамасыз етеді.
23) Станцияда санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы режимдердің сақталуын қамтамасыз етеді.
24) Халық арасында санитариялық ағарту және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады, салауатты өмір салтын насихаттайды.
25) Жағдайларды анықтап, тәртіптік комиссияның отырысында қарау үшін материалдарды дайындайды.
26) Станцияда және оның іргелес аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтінімдер береді.
27) Станцияның жұмсақ, қатты мүкәммалға, арнайы киімдерге, кеңсе тауарларына, жуғыш заттарға, гигиена заттарына, өрт сөндіру құралдарына, байланыс құралдарына қажеттілігіне өтінімдер береді;
28) Қызметін медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа алып орындайды.
29) Ұлттық аккредиттеуде көзделген операциялық рәсімдер стандарттарын әзiрлеуге қатысады және персоналдың аккредиттеу стандарттарының талаптарын сақтауын, сондай-ақ сапа индикаторларына қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
30) Қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi немесе өзiне қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты белгiлi болған заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпейді.
31) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде жұмыс берушіге келтірген зиянын өтеуге міндетті.
32) Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтауға және өндірістік жарақаттану және денсаулыққа басқа да зиян келтіру жағдайлары туралы дереу хабарлауға міндетті.
33) Қызмет бабын асыра пайдалануға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет