Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата03.07.2016
өлшемі65.07 Kb.
#175218
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

1

D-4

93276

125756

2

D-O-3

109 932

148 242


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімі қабылдау бөлмесінің бас маманы, D-4 санаты, №03-1-1, 1 бірлік.

Облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысатын лауазымды тұлғаларды шақыруды, қабылдауға шақырылған немесе келген азаматтардың қозғалысын қамтамасыз ету. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, жұмысты жоспарлау, болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық ғылымдар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе білім саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар саласында (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



2. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы, 1 бірлік, D-О-3 санаты, №9-1.

Функционалдық міндеттері: орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қысқа және ұзақ мерзімдік бағдарламалар әзірленіп бекітуге ұсынады және орындалуын қадағалайды. Құқықтық нормативтік актілердің жобасын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік мекемелердегі ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру шараларының қаржылық жоспарын дайындайды, бекітуге ұсынады орындалуын қамтамасыз етеді. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастыры жөніндегі мекемелердің есебін қабылдап жинақтайды, уәкілетті органға тапсырады. Рұқсат беретін құжаттардың бланкілерін орталықтан жасалуын ұйымдастырады: орман кесу билеті, босатылатын отындық орман жөнелтпе құжаттары, орманшыға тапсырма беру бланкісі, орман ресурстарын пайдаланатын орман билеттері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырудың рұқсат құжаттарын, ағаш кесу билеті мен орман билетінің есебін жүргізіп, пайдалану тәртібін қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы өрт сөндіру қызметтері мен қоғамдық өрт сөндіру топтарымен бірлескен жұмыс жоспарын дайындап бекітуге ұсынады. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөнінде іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлеп іске асырады. Е-лицензиялау ақпараттық жүйесімен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: орман ресурстары және орман шаруашылығы немесе агрономия немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Орман және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы»Заңын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет