2016 жылғы 29 ақпандағы «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында ішкі конкурс туралы хабарландыру орналастырылды
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
Қызылжар ауданы жергілікті орындаушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.
«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудандық жобалау сызбаларымен жобаларды, ауданның бас жоспарын, егжей-тегжейлі жобалау жобаларын, жеке ғимараттар мен ғимарттарды салу жобаларын әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады. Құрылыс барысына және барлық салынып жатқан объектілердің уақытында пайдалануға беруге бақылау жүргізеді. Салынған ғимараттарды, ғимараттар мен инженерлік желілерді пайдалануға енгізу бойынша қабылдау жұмысы және мемлекеттік комиссия жұмысын ұйымдастырады және қатысады. Атқарылған жұмыстарды қабылдайды және олардың жоба-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді. Объектілерді пайдалануға енгізу бойынша комиссияға қатысады, құрылыс бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, құрылыс саласы бойынша талдау ақпаратын жинауды жүзеге асырады, жоғары тұрған ұйымдарға есеп дайындайды, бас жоспарға сәйкес ауданның елді мекендерін салу ережесінің сақтауына бақылау жүргізеді. Сәулет қызметі саласында азаматтарға кеңес береді. Әділет органдарында салынған объектілердің құқығын анықтайтын құжаттарды рәсімдейді. Олардың толық пайдалануға берілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік құрылыс бойынша талдау жасайды. Конкурстық комисия төрағасының орынбасары ретінде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады. Бөлім басшысы болмаған жағдайда функцианалдық міндеттерін атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, көлік, көліктік техника және технология) немесе «өнер» (сәулет) бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ және уәкілетті органның интернет-ресурсында мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегрлендірілген ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |