Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата30.06.2016
өлшемі139.44 Kb.
#168450
«Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзіреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзіреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Е-G-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Келесі құзіреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

Е-5

69 124

93 276

Е-R-4

73 288

99 106

Е-G-3

69 957

94 109



«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы n.beybitova@mangystau.gov.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


  1. «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және мемлекеттік құқықтық бөлімінің жетекші маманы. Санаты E-5, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігінің отырысының құжаттарын дайындайды. Аудан әкімі жанында құрылған комиссияларының және кеңестерінің жұмыстарына бақылау, орындалысына талдау жасайды. Аудан әкімдігімен және аудан әкімімен қабылданатын барлық нормативтік құқықтық актілерінің жобаларында барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының, орындаушы мен салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарының, аппарат басшысының, бөлім басшыларының бұрыштамалары болуын қадағалайды және де құжаттың тиісті заңнамаларға сәйкес рәсімделгеніне жауап береді. Құқық бұзушылық профилактикалық комиссиясы мәселелері бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Аудан әкімдігі мен аудан әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдердің, қаулылардың заңдылығын тексеруге аудандық прокуратураға жолдайды. Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын үйлестіреді. Алқабилердің тізімін жасақтайды және облыс әкімдігіне ұсынады, жауап береді. Аудан аумағында өткізілетін сайлау және басқа қоғамдық-саяси шаралардың өткізу мәселелері бойынша облыстық, аудандық мәслихаттың аппаратымен өзара байланысты қамтамасыз етеді және сайлаушылардың тізімін жасақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (қоғамдық байланыс, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету). Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық). Техникалық ғылымдар және технологиялармамандықтары (стандарттау, сертификаттау және метрология). Қызмет көрсету мамандықтары (туризм).

Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі - құқық мамандықтары (құқықтану). Қызмет көрсету, экономика және басқару мамандықтары (әлеуметтік жұмыс, іс жүргізу және мұрағаттану, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика).


2. «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысынан шыққанға дейін). Санаты E-R-4 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Аудан мектептерінде «Міндетті білім беру» Заңының жүзеге асырылуы, білім беруді жетілдіруге арналған, бағытталған үкімет шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Мектептер жұмысына бақылау жасайды, оқу жоспарларын тексереді, зерттейді, үйлестіреді, оқушылар қозғалысының есебін алады, облыстық. білім басқармасына есебін тапсырады. Емтихандар өткізу, ҰБТ, МАБ жұмыстарының өткізілуін бақылайды және талдау жасайды. Барлық статистикалық есептерді қабылдайды, сараптама жасайды және ұсыныстар береді. Эксперимент – тәжірибе жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының аудан мектептерінде орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Жаңа типті мектептердегі, сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын бақылайды, зерттейді. 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты жұмыстарын зерттейді. Оқушыларды тасымалдау, медико – педагогикалық комиссия жұмысын ұйымдастырады, үйден оқытуға бақылау, басшылық жасайды. Бөлімнің алқа және аппарат мәжілісіне материал дайындайды, есеп береді. Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша тапсырылатын ай сайынғы нысанын аудандық әкімшілікке тапсыруға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы мамандықтары. Құқық саласы (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (әлеуметтану, саясаттану, психология, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).
3. «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысынан шыққанға дейін)

Санаты E-R-4 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбиесі қиын балалармен істелетін жұмыстарды басқарады, есебін жүргізеді, комиссияның және инспекциямен байланысты жұмысты ұйымдастырады, есепте тұрған балалармен істелінетін жұмыстарды бақылайды. Аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысының жайын бақылау, зерттеу, игеру, талдау жұмыстарын ұйымдастырады, басқарады және ұсыныстар береді. Халықтық педагогика, жұртшылықпен байланысты, сабақтан және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылайды. Тәрбие жұмысына қатысты мемлекеттік, аймақтық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады, ақпараттар дайындайды және мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың іс- қимылын үйлестіріп отырады. Білім бөлімі алқасына, аппарат мәжілісіне тәрбие жұмысына қатысты материалдар дайындайды, есеп береді. Облыстан және ауданнан келген хаттарға жауап беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Білім саласы мамандықтары. Құқық саласы (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (әлеуметтану, саясаттану, психология, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).
4. «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-R-4 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Өз қызметтік міндеттемелеріне сәйкес, басшылықтың және бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды, жұмысына қатысты ақпараттар дайындайды, Қазақстан Республикасы жер кодексінің 43 бабы 2 тармағы негізінде құрылған «Жаңа құрылыс салу үшін жер телімдерін бөлу, бар нысандарды өзгерту және аудандық реттеу» комиссиясының құжаттарын дайындау, жер учаскелерін ЖТҮҚ үшін және саяжай құрылысына берілуі үшін заңдылығын қадағалайды, оларға сараптама және есеп жүргізеді, иесіз жер учаскелерін есепке алу, мемлекеттік қажеттері үшін жер учаскелерін алып қою жөніндегі ұсыныстарын дайындау, пайдаланылмаған және жер заңнамаларын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге қарау және уақытылы жауап беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, геодезия мен картография, құрылыс). Қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Ауылшаруашылық ғылымдары (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау).
5. «Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-R-4 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мекеменің есеп құжаттарын жүргізіп, түзетіп, құжаттарға бақылау жасауды, қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу. Айлық, тоқсандық есеп жүргізіп, уақытында тиісті орындарға тапсыру, қабылдау және тіркеу, құжаттар қозғалысын бақылау және жөнелтуді жүзеге асыруды, бюджет қаражатын тиімді де мақсатты пайдалануын қадағалап, қорытынды есебінің дұрыстығына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).
6. «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-R-4 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Салынып жатқан (құрылысқа жоспарланған) объектілер мен кешендердің, реконструкциялау, кенейту, қалпына келтіру, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, күрделі жөндеу нысандарының мониторингін жүргізу. Жұмыс қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиялары мен нысандарды пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру. Аудан әкімінің қарауына шешім жобаларын әзірлеу, құрылыс қызметі мәселелері бойынша анықтама толтыру, ақпарат және баяндама дайындау. Құрылыс шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негізгі бағытын анықтау, құрылыс тәжірибесіне ғылыми-техникалық жетістіктер, озық отандық және әлемдік тәжірибені енгізу арқылы үйлер, ғимараттар мен кешендердің құрылымдық орнықтылығының техникалық-экономикалық деңгейін жақсарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру). Құқық (құқық қорғау қызметі, құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
7. «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-G-3 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жасақталуына, жоспарланған қаржының толық игерілуіне бақылау жүргізу, аппараттың негізгі құрал-жабдықтары мен құндылығы бар материалдарын есепке алу және есептен шығару, қызметкерлердің еңбек ақысы, мекемелермен есеп айырысу, мемлекеттік мүлікті жалдау жұмыстарына, банк жүйесіндегі есептерді талаптарға сай жүргізу, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің, салық органдарының есептерінің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етуге, бөлек жергілікті қоғамдастық жұмыстарын ұйымдастыруға және арнайы шотқа түскен кіріс шығыс есептерін жүргізуге жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
8. «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысынан шыққанға дейін). Санаты E-G-3 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратын бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету, мұрағат ісін ұйыдастыру мен жетілдірудегі жұмысын үйлестіреді және жауап береді; іс қағаздарының мұрағатқа уақтылы тапсырылуын ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Селолық округ бойынша статистикалық жұмыстарды жүзеге асыруды ұйымдастыру мен жүргізуге, сондай- ақ статистикалық есептілікті уақтылы тиісті орындарға табыстауға жауапты. Шаруашылық есеп кітабын, тұрғындардың статистикалық есебін жүргізу, мал санының азаюы немесе өсуіне байланысты шаруашылық есеп жүргізу кітабына тиісті өзгертулер мен толықтырулар жүргізуге және өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген тізімі мен стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, менеджмент, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару). Құқық мамандықтары (құқықтану).
9. «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-G-3 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратын бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу ісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі  жұмысын үйлестіреді және жауап береді; электронды құжат айналымының біріңғай жүйесіне және электрондық түрдегі барлық құжаттарды жасау және келісу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге жауапты; кіріс және шығыс құжаттарын тіркейді, тіркеуді рәсімдеуді уақтылы және сапалы атқару жұмыстарын ұйымдастырады, басшылықтың қарарларына сәйкес тиісті қызметкерлерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді және уақтылы, сапалы орындалуына бақылау жүргізеді және де жауап береді; Маңғыстау облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитеті Басқармасына «Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау туралы» 1-ОЛ статистикалық есебін тапсыруды қамтамасыз етеді, ұйымдастырады және жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). Құқық (құқықтану). Қызмет көрсету (туризм, әлеуметтік жұмыс, жерге орналастыру). Ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану). Техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай газ ісі).
10. «Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Санаты E-G-3 – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін алдын ала қарау, тиісті мемлекеттік органдарға құзыретіне қарай жолдау және олардың уақытында әрі сапалы қаралуын қамтамасыз ету. Ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, жүйелеу және талдау жасау, олардың жедел қарауды ұйымдастырады сондай-ақ олар бойынша берілген тапсырмаларды толық әрі уақытында орындалуын бақылау жасайды. Әкім аппаратында бекітілген кестеге сәйкес ауыл әкімі мен әкім орынбасарының азаматтарды қабылдау жүргізу.Әкімге қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттарды қарау. Заң талаптарына сәйкестігін тексеру. Іс қағаздарын жүргізу ісін ұйымдастыру мен жетілдірудегі жұмысын үйлестіреді және жауап береді; элетронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіне және элетрондық түрдегі барлық құжаттарды жасау және келісі жөніндегі жұмысты қамтамасыз етуге жауапты. Ауыл әкімімен қабылданатын барлық нормативтік құқықтық актілерінің жобаларында барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының орындаушының бұрыштамалары болуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, геодезия және картография, мұнай-газ ісі, тау-кен ісі, машина жасау, көлік, көлік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, көлік құрылысы, жылу энергетикасы, электр энергетикасы). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастыру, кадастр). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (әлеуметтану, саясаттану, статистика, аймақтану, экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет