Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына



Дата03.07.2016
өлшемі48.74 Kb.
#175595
Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурс қатысушыларына

арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-1 санаты үшін: жоғары білім;      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;



   3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.     


Санаты

Еңбек сiңiргенжылдарына байланысты

Е-1

min

max

150 740

203 208


Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: Aktau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруды ұйымдастырады және басшылық жасайды. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады. Көлік, қала ішіндегі жолаушылар тасымалы, қалалық маңызы бар жолдарды салу, пайдалану және күтіп ұстау бойынша атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмыстары, төтенше жағдайлардың алдын алу, жедел қызмет түрлерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайды. Басшылық жасайтын тиісті мекемелерге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қадағалауды және уақытылы жабылуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (саясаттану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, машина жасау, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік құрылысы).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім

Маңғыстау облысы әкімінің аппаратының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Ақтау қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет