Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: е-r-3 санаты үшін: білімі жоғары



Дата04.07.2016
өлшемі123.5 Kb.
#177976
түріКонкурс

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 04.07.2015 жыл




«Знамя труда» 04.07.2015 жыл



Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің бар болуы.



Е-R-4 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Е-G-3 санаты үшін: білімі - жоғары;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық жалақысы


Санаты


Еңбек сіңірген жылдарына байланысты





min

max

Е-R-3

74313

99938

Е-R-4

56376

76235

Е-G-3

53813

72391


Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің аппараты

(080100, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, каб. №20 тел: 8(726-37) 2-28-11, 8(726-37) 2-25-26,

Факс: 8(726-37) 2-17-54, электрондық почта: baizak_akimat@mail.ru)

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және қаржыландыру секторының меңгерушісі, (№07-09), /E-R-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Секторға жалпы басшылық жасау, әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарды қабылдау, тиісті түсініктемелер беру. Смета шығыстары мен штаттық кесте дайындау, бағдарламалар бойынша бекітілген қаржының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу, банк құжаттарын, төлем тапсырмаларын талдау және тиісті мекемелерге берілетін мәліметтерді бақылау. Қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын реттеп, еңбек өтілін анықтайтын комиссия жұмысын үйлестіру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Тұрмыстық қатынастар туралы», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік- құқықтық актілер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



2. Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, (уақытша негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (№13-04), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Жоғары мемлекеттік органдардың, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылап оны жүзеге асыру. Бөлімнің есеп (бухгалтерлік) жұмысын қамтамасыз ету, материалдық меншікті қалыптастыру, қаржының дұрыс игерілуін жүргізу. Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау, мемориалдық ордерлерді жүргізу, қаржы және қазынашылық бөлімдеріне, мемлекеттік кірістер басқармасына қажетті есептерді уақытылы дайындап, өткізу. Бөлімнің іс құжаттарын жүргізу. Бөлім қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің сақталуын, еңбек тәртібін бақылау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Еңбек, Жер Кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



3. Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жұмысқа шыққанға дейін), (№12-2), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Аудандағы мекеме ұйымдардағы дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің және бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есебін және қаржылық шаруашылық жұмыстарын жүргізу. Дене шынықтыру-сауықтыру, спортты және басқа қызметтердің жиынтық есептерін және сараптама материалдарын дайындау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мамандарының сапалық және сандық жағынан қамтамасыз етілуін сараптау. Бөлімнің жұмыс жоспарын жасалуын, номенклатураға сәйкес іс-қағаздарының жүргізілуін қамтамасыз ету. Бөлімге келіп түскен арыз шағымдарды тіркеуге алып, уақытылы жауап беруді және бөлім бойынша бұйрықтарды шығару жұмыстарын жүргізу.

Бөлім мамандары мен жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін көтеру және қайта даярлықтан өтуін қадағалау.

«Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік – спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: дене шынықтыру және спорт немесе экономика.

«Қазақстанның – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Еңбек, Жер Кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



4. Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шауашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, «Б» корпусы (08-03), /E-R-4 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі орынбасарының, бөлім басшысының берген тапсырмаларын орындау, басқа мекемелерден хабарламалар алу (ауызша, жазбаша) атқарылған жұмыстарды басшыларға хабарлап отыру, бөлімге қатысты мәселелер бойынша комиссиясының жұмыстарына қатысу, кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы туралы олардан хабарламалар мен мәліметтер алып отыру. Коммуналдық меншік болып табылатын, электр қуатын тарататын, табиғи газ тарататын, жылу беретін, ауыз сумен қамтамасыз ететін обьектілерді қалпына келтіретін мекемелер мен шаруашылық нысандарының жұмыстарын үйлестіріп отыру.Аудан аумағындағы жол салу, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу, қайта жөндеуді, мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, ұлғаюын, тұрғын үй қорын түгендеуді ұйымдастыру және атқарылған жұмыстарға бақылау жасау.

Азаматтардың жеке сұрақтары және арыз – шағымдарымен қабылдау, жазбаша жауап дайындау, бөлімге қатысты мәселелер бойынша бөлімнің кіріс, шығыс құжаттарын жүргізу, бөлімге келген хаттарға уақытылы жауап берілуін қадағалау. 1-ТӨ нысанды есебін жүргізу. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жүзеге асыруын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында немесе ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: Жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқық (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік  құқықтық актілерін  білу.



5. Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімшесінің ветеринар бас маман, (№32-04-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралардың орындлауын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап,талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз шағымдармен қабылдау. Ауылдық округ маңындағы халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуімен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластаудың алдын алу және оны жоюды жүзеге асыруынан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды. Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық актілерін білуі.



6. Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маман, (№29-04), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап, талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз – шағымдармен қабылдау.

Ауылдық округ аумағындағы халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жоюды жүзеге асыруыннан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялы малдәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Аудан әкімі мен ветеринариялық бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс – қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



7. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маман, (№23-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап,талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз шағымдармен қабылдау.

Ауылдық округ маңындағы халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуімен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластаудың алдын алу және оны жоюды жүзеге асыруынан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



8. Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің ветеринар бас маман, (№18-04-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап, талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз – шағымдармен қабылдау. Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағын басқа да мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жоюды жүзеге асырыуын қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялы малдәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды. Ауылшаруашылық, экономикалық салалары бойынша мемлекеттікбағдарламаларға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады. Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі, ауыл шаруашылық бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс – қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медецина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



9. Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маман, (№16-04), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринарлық іс шаралардың орындалуын және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепті жүргізіп, жинақтап,талдап оларды уәкілетті органға табыс етуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтар және арыз шағымдармен қабылдау.

Ауылдық округ аумағында халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуімен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаның ластаудың алдын алу және оны жоюды жүзеге асыруынан қадағалау. Ауылдық округтегі лицензиялық мал дәрігердің жұмысына басшылық жасайды, ұйымдастырады және бақылайды.

Аудан әкімі мен ветеринарлық бөлімі ауылшаруашылық бөлімі жергілікті атқарушы органдар және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірлесіп іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Ветеринария.

Мамандығы: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



10. Үлгілі ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№16-03), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округтегі салық төлеушілердің жалпы саны және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей келе жатқан салық қарыздарын өндіру шараларын жүзеге асыру. Округ аумағында жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілерге төленген салық үшін дер кезінде түбіртек (квитанция) беру және салықтардың қаржысын банкке өткізу. Округ әкімі аппаратының есеп – қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақытылы есеп беру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Бюджет, Салық Кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



11. Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маман, (№ 23-04), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Округ әкімі аппаратының есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, тиісті органдарға уақтылы есеп беру. Жұмсалатын қажетті қаржыларды жоспарлап, оны мәслихатта бекіту. Бөлінген қаржының дұрыс, әрі толық игерілуін ұйымдастыру.

Ауылдық округ әкімі аппаратының материалдық құндылықтарының есебін жүргізу. Жұмысшы-қызметкерлердің айлық жалақыларын басқада төлемдердің уақтылы берілуін қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, «Бюджет кодексі», «Салық кодексі», осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы агенті бас маман, (№28-05), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Салық төлеушілердің жалпы салық және салық мөлшерін анықтау, өндірілмей келе жатқан салық қарыздарын өндіру. Жаңадан ашылған салық төлеушілерді тіркеуге алып, түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілермен кездесіп, салықты мерзімінде төлеудің қажеттілігін түсіндіру. Ауылдық округте жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың жер заңдарын, жерді тиімді пайдалану - мен қорғау жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе статистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Салық Кодексі, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



13. Сазтерек ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізушісі - бас маманы, (№31-02), /E-G-3 санаты - 1 бірлік/

Функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі жоқ кезінде міндетін атқару. Аппараттың регламенті мен жұмыс жоспарын дайындау, болжамдау, ұйымдастыру. Кіріс және шығыс құжаттарын нұсқауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету. Аппарат қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтардан түскен арыз-шағымдарды тіркеп, мерзімінде орындалуын қадағалау және оларға талдау жасау. Номативтік құқықтық актілерін әзірлеу, рәсімдеу. Мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша қызмет көрсету. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейін балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау үшін құжаттар қабылдау. Заңдарда белгіленген тәртіпте нотариаттық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал-актілерін тіркеуді ұйымдастыру. Ауылдық округ аумағында идеологиялық жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық ету.

Округтегі құжат айналымын электрондық пошта арқылы бір жүйеде жүргізілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары ауыл шаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім саласында немесе құқық саласында немесе ортадан кейінгі ауыл шаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім саласында немесе құқық саласында.

Мамандығы – Агрономия немесе зоотехния немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе білім (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Астық туралы» Заңдарын, «Жер туралы» Кодексі, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік–құқықтық актілерін білуі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін келесі тестілеу бағдарламалары қарастырылған:

Е-R-3 санаты бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).

E-R-4 және Е-G-3 санаттары бойынша тестілеу бағдарламасы:

мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру

соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген

құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 107, (№20 - кабинет) мекенжайында орналасқан Байзақ ауданы әкімі аппаратында әңігімелесуден өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет