Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар



Дата09.06.2016
өлшемі69.3 Kb.
#125970
түріКонкурс





Бос лауазымдар атауы:

«Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы-заңгер




Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі- жоғары заңгерлік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріе, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.





Функционалдық міндеттері:

Аудандық жылдық есебін құрастыру жер телімінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың бар болуы және оларды пайданылатындарды, санатқа бөлу. Жер Заңдылығын сақтау үшін тексеру есебін жүргізу. Мекеменің жұмыс жоспарын дайындау. Ауылдық округі әкімдерінің жер сұрақтары бойынша өкім жобаларын дайындау. Жер қатынастары сұрақтары бойынша аудан әкімшілігінің қаулыларын дайындау. Жер заңдылығын бұзып пайдаланған шаруа қожалықтарын, жауапкешілігі шектеулі серіктестіктер, заңды тұлғалар және азаматтарды анықтап оларды есепке қою. Пайдаланылмайтын немесе жер заңдылығын бұза отырып пайдаланылатын жерлердің жер иелерімен, жер пайдаланушыларды сот мекемелеріне құжаттарын тапсыру ары қарай мемлекеттік меншікке өткізу бойынша. Азаматтарға және заңды тұлғаларға берілетін, жер телімдерінің әр қайсысына жер-кадастрлық құжатының заңгерлік бөлігін құру. Ауданның жылдық есебін құрастыру жер телімінің жер телімінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың бар болуы және оларды пайданылатындары, санатқа бөлу. Салық комитетімен салыстыру жұмыстарын жасау. Аудан әкімшілігімен, ұйымдармен, мекемелермен азматтармен және Мемжерғылорталығымен хат алмасу, және кадастрлық бөліммен. Иесіз мүлік ретінде есепте тұрған жерлерді бір жыл мерзім өткен соң оларды ауданның босалқы жер қоры санатына, арнайы жер қоры санатына ауыстыру жұмыстарын дайындау. Сатылған жер телімдерінің орындалуына сараптама жасау және заңдылығының орындалуын жұмыстарын жасау.




Мемлекеттік органның мекен –жайы, электрондық адресі, анықтама телефондары

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 мекен жайына ұсынылуы қажет, анықтама телефоны 27-115, электрондық пошта: kense@ulan.vko.gov.kz.





Ресми басылымның атауы, жарияланған күні мен нөмірі

«Рудный Алтай» газеті 2014 жылғы 8 наурыздағы № 27

«Дидар» газеті 2014 жылғы 7 наурыздағы № 26







Құжаттарды қабылдау мерзiмi

08.03.2014 – 27.03.2014







Бос лауазымдар атауы:

«Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіптік білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері:

«Қазақстан – 2050» даму Стратегиясын, Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму бағдарламаларын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің жариялануын және облыстық, аудандық сайттарға ақпараттар беруін ұйымдастыру. Азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сын-мақалалары, шағымдары бойынша жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ақпараттық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен шаралар ұйымдастыру, қызметтерін үйлестіру және олардың әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту. Жастар ортасындағы жағдайды зерделеу, жастар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметіне көмек көрсету, үйлестіру. Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау. Ішкі саясат басқармасынан берілген тапсырмаларды мерзімінде орындау, ақпараттарды дер кезінде жіберу. Кадарлармен жұмысқа қатысты іс-қағаздарды жүргізу. Жеке құрам және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар әзірлеу. Жеке істерді жүргізу.

Мемлекеттік органның мекен –жайы, электрондық адресі, анықтама телефондары

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 мекен жайына ұсынылуы қажет, анықтама телефоны 27-115, электрондық пошта: kense@ulan.vko.gov.kz.


Ресми басылымның атауы, жарияланған күні мен нөмірі

«Рудный Алтай» газеті 2014 жылғы 8 наурыздағы № 27;

«Дидар» газеті 2014 жылғы 7 наурыздағы № 26




Құжаттарды қабылдау мерзiмi

08.03.2014 – 27.03.2014




Бос лауазымдар атауы:

«Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі- жоғары заңгерлік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі заңгерлік білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері:

Аудандық жылдық есебін құрастыру жер телімінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың бар болуы және оларды пайданылатындары, санатқа бөлу. Іс-қағаз жұмыстарын жүргізу. Жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын дайындау. Азаматтардың өтініш және шағымдары бойынша іс-қағазды жүргізу. Мұрағатқа сақтау үшін іс-қағаздарды дайындау. Салық басқармасына жер пайдаланушылар бойынша есеп беру. Жер-кадастрлық құжаттарды реттеп оларды округтер бойынша талдау жасап қою. Жер реформасының орындалу барысындағы статистикалық есебтерін облыстық басқармаға дайындау. Кезекші картаны жүргізу. Есеп құру: ластанған және бұзылған жерлер туралы мәліметтер, олардың ауданын анықтай отырып; жер лерді қалпына келтіру бойынша мәлметтер; жер телімдерін жалға алудан түскен қаржатқа талдау жасауға қатысу; ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығынын анықтайтын актілер бойынша бюджетке түсуі бойынша қамтамассыз етуге қатысу. Жер телімдерін жалға беруден түсетін қаражаттың сараптамасын жасауға қатысу.

Мемлекеттік органның мекен –жайы, электрондық адресі, анықтама телефондары

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 мекен жайына ұсынылуы қажет, анықтама телефоны 27-115, электрондық пошта: kense@ulan.vko.gov.kz.


Ресми басылымның атауы, жарияланған күні мен нөмірі

«Рудный Алтай» газеті 2014 жылғы 8 наурыздағы № 27;

«Дидар» газеті 2014 жылғы 7 наурыздағы № 26




Құжаттарды қабылдау мерзiмi

08.03.2014 – 27.03.2014




Бос лауазымдар атауы:

«Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман – мал дәрігері

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары - кәсіптік (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) білімі барларға рұқсат етіледі.



Функционалдық міндеттері:

Ветеринарлық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар жоспарын жасау, дерекқорды жүргізеді, ветеринарлық препараттарды сақтауды, тасымалдауды, жеткізуді ұйымдастырады, ветеринарлық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді, жануарларға ветеринарлық паспорт береді. Малды союдың алдында қарау және сойғаннан кейін мал сою цехта қарау. Ауру малды санитарлық союды ұйымдастыру және мал зиратын салу (биотермиялық шұңкырлар) оны ветеринарлық нормативке сәйкес ұстау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауын ұйымдастыру. Елді мекеннің жерлерінде мал сою орындарды тағайындау.

Мемлекеттік органның мекен –жайы, электрондық адресі, анықтама телефондары

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 мекен жайына ұсынылуы қажет, анықтама телефоны 27-115, электрондық пошта: kense@ulan.vko.gov.kz.


Ресми басылымның атауы, жарияланған күні мен нөмірі

«Рудный Алтай» газеті 2014 жылғы 8 наурыздағы № 27;

«Дидар» газеті 2014 жылғы 7 наурыздағы № 26




Құжаттарды қабылдау мерзiмi

08.03.2014 – 27.03.2014



Аппарат басшысы Н. Абдыкаримов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет