«Білім беру ұйымының
ең үздік интернет –ресурсы»
конкурсын өткізу туралы
Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет -ресурстарын анықтау, дәріптеу және қолдау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
-
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ-нің директоры Б.А. Қадыров «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет -ресурсы» конкурсын өткізсін.
-
Конкурсты өткізу кезеңдерін іске асыру мерзімі бекітілсін:
-
қатысу үшін тапсырыс қабылдау мерзімі: 2015 жылғы 09 қарашадан бастап 13 қарашаға дейін;
-
сараптама жүргізу мерзімі: 2015 жылғы 16 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін;
-
Конкурстың қорытындысын жасау мерзімі: 2015 жылғы 27 қарашаға дейін.
-
Конкурстың ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
-
Конкурстың сараптамалық комиссия құрамы бекітілсін (2 -қосымша).
-
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ (Б.А. Қадыров) 2015 жылғы бюджетте конкурстың жеңімпаздарын марапаттау үшін қаражат қарастырсын (3- қосымша);
-
Конкурсты өткізу туралы ереже бекітілсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы басшысының орынбасары Е.А. Шеленжекке жүктелсін.
Басшы Б. Ізбасарова
Ақмола облысы
білім басқармасының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 285 бұйрығына
1-қосымша
«Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсының
ұйымдастыру комитетінің құрамы
-
Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Қ.Е. Кудабаева - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;
-
Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Р.С. Кульниязов - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ бөлім меңгерушісі;
-
Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Е.С. Ткаченко - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ ІТ инженері;
-
Ұйымдастыру комитетінің мүшесі С.К. Мухамеджанова - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ әдіскері.
Ақмола облысы
білім басқармасының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ _285_ бұйрығына
2-қосымша
«Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсының
сараптамалық комиссия құрамы
-
Сараптамалық комиссия төрағасы Б.А. Кадыров - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ директоры;
-
Сараптамалық комиссия мүшесі К.Е. Кудабаева - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;
-
Сараптамалық комиссия мүшесі В.В. Буяльский - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша маманы;
-
Сараптамалық комиссия мүшесі Р.А. Муканова «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ақпараттық технология бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
-
Сараптамалық комиссия мүшесі Р.С. Кульниязов - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ бөлім меңгерушісі;
-
Сараптамалық комиссия мүшесі С.К. Мухамеджанова - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ әдіскері;
-
Сараптамалық комиссия мүшесі Е.Н. Парамзина - «BBS-IT» ЖШС «Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау орталығының» ақпараттық –аналитикалық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша).
Ақмола облысы
білім басқармасының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ _285_ бұйрығына
3-қосымша
«Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсының
жеңімпаздарын марапаттау үшін қаражатты есептеу
Номинация
|
Жүлделі орындар саны
|
Жүлде атауы
|
Сыйлық беру көлемі (бағалы сыйлық)
|
Білім беру ведомствосының, білім беруді басқару құрылымының үздік интернет-ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
Жалпы білім беретін мектептің үздік интернет - ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
Шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептерінің үздік интернет - ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік интернет - ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
ТжКБ ұйымының (кәсіптік лицейлер мен колледждер) үздік интернет - ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
Қосымша білім беру ұйымының үздік интернет - ресурсы
|
1
|
Теледидар + ОТАU ТV Ұлттық Спутниктік Теледидар
|
150 000-00
|
Итого
|
6
|
|
900 000-00
|
Ақмола облысы
білім басқармасының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ _285_ бұйрығына
қосымша
Ақмола облысының «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсын өткізу жөнінде Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже облыстық білім беру желісі, Конкурсқа қатысушылардың интернет-ресурстарға талаптары, сараптама бағаларының критерийлері мен жүйелері шегінде әрекет ететін Ақмола облысы білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурсына конкурс (бұлан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Конкурсты ұйымдастырушы — Ақмола облысының білім басқармасы.
-
Конкурсты өткізудің мақсаты: 1) Білім беру саласы мен қоғамы диалогының ақпараттық-коммуникациялық құралдарын дамыту; 2) білім беру сапасын бағалау жүйесін технологиялық ілесуін қамтамасыз ету.
-
1.3. Конкурстың міндеттері:
-
білім беру ұйымдарының ақпараттық ашықтығын ынталандыру;
-
білім беру үдерісінің тікелей және жанама қатысушылары арасында ақпараттық алмасу мәдениетін арттыру;
-
ұйымдардың интернет-ресурсқа жариялау үшін мақалалар мен жаңалық ақпаратын дайындау бойынша, сонымен қатар облыстық білім беру желісі аясында қашықтық мониторинг жүйесінде жұмыс істеу бойынша білім беру жүйесі қызметкерлерін итермелеу.
-
Конкурстың мәні — облыстық білім беру желісі шегінде білім беру ұйымдарының интернет-ресурсы.
-
1.4. Конкурс алты номинация бойынша жүргізіледі:
-
Білім беру ведомствосының, білім беруді басқару құрылымының үздік интернет-ресурсы;
-
Жалпы білім беретін мектептің үздік интернет-ресурсы;
-
Шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептерінің үздік интернет-ресурсы;
-
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының үздік интернет-ресурсы;
-
ТжКБ ұйымының (кәсіптік лицейлер мен колледждер) үздік интернет-ресурсы;
-
Қосымша білім беру ұйымының үздік интернет-ресурсы.
-
1.5. Конкурсқа меншік түріне қарамастан білім беру ведомстволары, облыстық білім беруді басқару құрылымдары және білім бөлімдері, мектепке дейінгі, жалпы орта (оның ішінде арнайы және мамандандырылған), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатыса алады.
-
Әр аудан (қаладан) бір мекеме, тиісті номенация жеңімпазы, қатыса алады.
-
-
2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
-
2.1. Конкурс өткізу үшін ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясы құрылады.
-
2.2. Ұйымдастыру комитеті мен сараптама комиссиясының құрамы Ақмола облысы білім басқармасының бұйрығымен бекітіледі.
-
2.3. Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурс өткізу туралы білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
- Жалпы алғанда Конкурсты өткізуге және оның барлық кезеңдерін уақытылы аяқталуына жауап береді;
- Сараптама комиссиясына білім беру ұйымдарынан Конкурсқа қатысуға өтінім бергені үшін, сараптамалардан Конкурс нәтижелерін қабылдауға жауап береді;
- Конкурс нәтижелерін, жеңімпаздарды жариялайды және Ақмола облысының білім басқармасын қорытындылары жөнінде ақпараттандыруды жүзеге асырады.
-
2.4. Сараптама комиссиясы:
- Сараптама бағаларына сәйкес білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарына сараптама жүргізеді;
- Ұйымдастыру комитетіне Конкурс нәтижелерін ұсынады.
-
2.5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері, конкурстық материалдарға сараптама жүргізу және қорытындыларын шығару Ақмола облысы білім басқармасының қосымша бұйрығымен жарияланады.
-
2.6. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін берілген өтінімдер қарастырылмайды.
-
3. Конкурс материалдарының мазмұнына қойылатын талаптар
-
3.1. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне өтінім береді (1-қосымша).
-
3.2. Өтінім қазақ және орыс тілдерінде бір данадан қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылуы қажет (гарнитурасы - TimesNewRoman, қаріп мөлшері - 12).
-
3.3. Қағаз және электрондық даналарда өтініш берушінің қолы болуы керек (білім беру ұйымдарының басшысы). Осы себепті электрондық тасығыштағы өтінімді сканерленген қағаз тасығышта ұсынады.
-
3.4. Конкурстық материал:
-
Білім беру ұйымының Конкурсқа қатысуға өтінімі;
-
Білім беру ұйымының интернет-ресурсы болып табылады.
-
3.5. Білім беру ұйымы интернет-ресурсының мазмұны «Ақмола облысы Интернет-ресурсының мазмұны туралы» (Ақмола облысы білім департаментінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 165 бұйрығымен бекітілген) және «Облыстық білім беру желісі туралы» (Ақмола облысы білім басқармасының 2010 жылғы 07 қыркүйектегі № 337 бұйрығымен бекітілген), «Интернет –қорларының мазмұны туралы ережені бекіту туралы» (Ақмола облысы білім басқармасының 2015 жылғы 28 тамыздағы №233 бұйрығымен бекітілген) Ережелердің талаптарына сәйкес келуі қажет.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сәтпаев к., 1, 111 кеңсе, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ -ына конвертте: «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет -ресурсы» конкурсына белгісімен қабылданады.
-
Сараптама комиссиясының жұмыс тәртібі
-
4.1. Сараптама комиссиясының төрағасы Комиссия мүшелерінің арасында конкурс материалдарын бөледі. Әр конкурстық материалды үш сарапшы бағалайды.
-
4.2. Білім беру ұйымының интернет-ресурсы қызметін бағалау осы ережені бекіткен күннен бастап және сараптама бағалары жүйесінің негізінде белгіленген критерий бойынша бағалау жүргізу сәтінен жүзеге асырылады. (2-қосымша).
-
4.3. Конкурс материалдарын зерттеу қорытындылары бойынша комиссия мүшелері бағалау парақтарын толтырады.
-
4.4. Әр конкурсқа қатысушылар бойынша қорытынды балдар сарапшылардың үш бағалау парақтары бойынша балдарды қосу арқылы анықталады.
-
5. Конкурс қорытындыларын шығару
-
5.1. Конкурстың жеңімпаздары интернет-ресурстардың сараптама бағалау қорытынды нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған Ақмола облысы білім беру жүйесінің білім беру ұйымдары болып есептеледі.
-
5.2. Конкурстың жеңімпаздарына әр номинация бойынша құрмет дипломдары мен құнды сыйлықтар беріледі.
-
6. Конкурсты ақпараттық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және консультациялық көмек көрсету
-
6.1. Конкурстың барысы және нәтижелері жөнінде ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының (akmoedu.kz) сайтында орналастырылады.
-
6.2. Конкурсты ұйымдастыру ілеспе, қатысушыларға әдістемелік және консультациялық көмек Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ жүзеге асырылады.
-
1-қосымша
Ақмола облысының «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсына қатысуға өтінім
_____________________________________________ Облыстық білім беру (білім беру ұйымының/кәсіпорнының)толық атауы)
желісінің шегінде әрекет ететін Ақмола облысы білім беру ұйымдарының (кәсіпорындарының) «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет -ресурсы» конкурсына қатысуға ниет білдіреді.
Білім беру ұйымы (кәсіпорны) интернет-ресурсының мекен-жайы:
(Интернет-ресурстыңURL)
Байланыс телефондары:
(ауданның (қаланың) коды, телефон нөмірі)
Білім беру ұйымының (кәсіпорнының) E-mail:
Өтінімді толтыру күні: 2015 ж. « »
Басшы:
(Т.А.Ә., қолы)
М.О.
2-қосымша
Ақмола облысының «Білім беру ұйымдарының ең үздік интернет – ресурсы» конкурсын бағалау критерийлері мен жүйесі
Критерий
|
Бағалау
|
Алғашқы пікірлер (B1). Балдардың ең жоғарғы саны - 6
|
Білім беру ұйымы (кәсіпорны) басшысының сәлемдесу блогының болуы
|
1,0
|
Білім беру ұйымы (кәсіпорны) басшысының сәлемдесу блогында тиісті сападағы фотосының (суреттің анықтығы, ракурс, жағдай) болуы
|
1,0
|
Сәлемдесу блогы болған жағдайда тілдің қол жетімділігі және сәлемдесу стилі, мазмұндаудың логикалық байланысы
|
1,0
|
Білім беру ұйымына (кәсіпорнына) жол схемасының болуы
|
1,0
|
Білім беру ұйымына (кәсіпорнына) жол схемасының сапалы бейнесі
|
1,0
|
Интернет – ресурстағы білім беру ұйымының атауында орфографиялық қателердің болмауы
|
1,0
|
Құрылымы және функциональдылығы (B2). Балдардың ең жоғарғы саны – 5
|
Сайттың құрылымы логикалық ұйымдастырылған (жеңіл қабылдауға болатын фрагменттерге бөлінген)
|
1,0
|
Бөлімдердің және кіші бөлімдердің атаулары олардың мазмұнын ашады
|
2,0
|
Бөлімдердің және кіші бөлімдердің атаулары қысқа, ақпаратты
|
0,5
|
Жарияланған ақпараттың атауы және анонсы интернет-ресурсқа кірушілердің қызығушылығын арттырады
|
0,5
|
Жарияланған құжаттарға нақты жұмыс істейтін сілтемелердің болуы
|
0,5
|
«Фотогалерея» бөлімінің толтырылуы
|
0,5
|
Баспаның мазмұны мен стилі ( B3). Ұпайлардың ең жоғарғы саны - 5
|
Баспалар (баспадағы бейнелер) қоғамның моральдық эстетикалық нормаларына қайшы келмейді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
|
1,0
|
Интернет-ресурста жарияланған ақпарат екі тілде болуы (ақпаратты екі тілді нұсқада толтыру)
|
1,0
|
Педагогикалық ұжым басшыларының кеңес, конференцияларда сөйлеген сөздерінің мәтіндерінің болуы
|
0,5
|
Мақалалардың атаулары қысқа және мақалалардың мазмұны оның атауына сәйкес келеді
|
0,5
|
Авторлық материалда авторға сілтеме бар
|
0,1
|
Мазмұнының бүтіндігі, логикалық байланысы, баспа стилінің бірлігі
|
0,1
|
Баспалар қабылдауға ауыр өте ұзақ абзацтар мен сөйлемдер жоқ (нормативтік-бөлу құжаттамалар, есептер, талдаулар, баяндамалар мен т.б. мазмұнды баспаларды есептемегенде)
|
0,1
|
Баспаларда үлкен жоларалық интервалдардың, бос арақашықтықтардың болмауы
|
0,1
|
Мақала мәтінінде екі түрлі қаріптен артық болмауы (жуан және курсивпен жазу кемшілікке жатпайды)
|
0,1
|
Мақалаларда сілтеме үшін типтік, стильмен бөлінген мәтіндердің болмауы (бір уақытта курсив пен астын сызу)
|
0,1
|
Баспада тиісті сападағы бейнелердің болуы (бейнелердің нақтылығы, ракурс, жағдай)
|
0,2
|
Жарияланатын мәліметтерде стилистикалық, грамматикалық қателіктердің болмауы
|
1,0
|
Білім беру ұйымдарындағы (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық), конкурс, конференция, тренинг, семинарлар, ЖОО-да, колледждарда және т.б.) оқу –тәрбиелік жүйені толықтыратын мәліметтердің болуы
|
0,1
|
Баспалардың атауларында тыныс белгілерімен бос аралықты дұрыс пайдалану
|
0,1
|
Жаңарудың жиілігі (B4). Ұпайлардың ең жоғарғы саны - 5
|
Жаңалық ақпараттарын жаңарту аптасына бір реттен жүргізіледі
|
2,5
|
Мақалалар аптасына бір реттен артық емес жарияланады
|
2,0
|
Мақаладағы ақпараттың өзектілігі
|
0,5
|
Кері байланыс (B5). Ұпайлардың ең жоғарғы саны - 5
|
Қолданыстағы кері байланыстың болуы (интернет-ресурсқа кірушілердің берген сұрақтарына жауаптардың болуы)
|
3,0
|
Кері байланыста берілген сұрақтарға жауаптарды 10 күн ішінде жариялануы
|
2,0
|
Ескерту:
1) Сайт мына формула бойынша бағаланады:
B= B1+2*(B2+B3+B4)+B5, мұнда B – блоктар бөлімінде критерийлер бойынша бағалау сомасы
2) B1-B5 блоктары бойынша бағалау критерийі ҚР қолданыстағы заңнамаларына және білім басқармасының нормативтік актілеріне сәйкес интернет-ресурсын дамыту және ұстау деңгейін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |