Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: d-о-2 санаты үшiн



Дата08.07.2016
өлшемі115.49 Kb.
#185546
түріКонкурс

12.04.2016 ж.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама


Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшiн:Білім саласындағы жоғары білім.Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-3 санаты үшiн:

1. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы -әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық сараптау бөлімінің басшысы(уақытша, негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне 2017 жылдың 21 маусымына дейін).-білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,C-4,C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



D-О-4 санаты үшiн:Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы



min

max

D-О-2

144142

169767

D-О-3

97375

114032

D-О-4

64063

86485


«Астана қаласы Білім басқармасы» MM (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет №720, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-68-55; 55-68-57; электрондық пошта: bilim.astana.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Басшының орынбасары«D-О-2» санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Кәсіптік білім мен кадрларды даярлау, қосымша білім беру және тәрбие жұмысы саласындағы мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарының іс-әрекетін, еңбекке баулуды, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын, жаппай оқуды, алғашқы әскери дайындық, қала мектептеріндегі оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Қорғаншылық, балалардың құқығын қорғау және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселелері жөнінде денсаулық сақтау, ішкі істер басқармалары органдарымен, әйелдер және отбасы істері жөніндегі бөлімімен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда басқарманың атынан болу. Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау, қосымша білім беру және тәрбие жұмысы, қамқорлық, қорғаншылық және балаларды қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, білім объектілерінің тыныс–тіршілігін қамтамасыз ету және абаттандыру, мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін, арыз-шағымдарын қарау. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен жұмысты үйлестіру.

Төмендегі бөлімдердің жұмыстарына бақылау мен басшылық жасауды қамтамасыз ету:

- кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау;

- қосымша білім беру және тәрбие жұмысы;

- қамқорлық,қорғаншылық және балаларды қолдау;

- кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау;

- білім объектілерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және абаттандыру.

Кәсіптік және қосымша білім беру ұйымдарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның іске асырылуын бақылау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білім саласындағы жоғары білім.«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы «D-О-3» санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Бөлім жұмысына басшылық жасау. Қаржы-шаруашылық көрсеткіштер тиімділігін арттыру, ішкі резервтерді анықтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу. Білім мекемелері мен ұйымдары бойынша қаржыландыру жоспарын орындау, білім ұйымдарының бюджеттен тыс қаражаттары бойынша шығыстар сметасын қабылдау және бекіту. Білім ұйымдарындағы қаржы іс-әрекетінің нәтижесін кешенді есепке алу, талдау және бағалауды қамтамасыз ету. Ресурстың барлық түрлерін дұрыс және оңтайлы пайдалануды, тапсырмаларды орындау мерзімін, қаржы тәртібін сақтауын, есептеулердің дер кезінде жасалуын бақылауды іске асыру. Бюджетте қарастырылған шығыстар бойынша мекемелердің толық және дер кезінде қаржыландырылуын бақылауды іске асыру. Қала білім ұйымдарын ұстауға арналған шығыстарды жоспарлау. Білім басқармасы бойынша бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау. Тиісті қаржы жылы және бюджетті нақтылау кезінде бюджет өтінімдерін жасау және бекіту. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Білім мекемелері мен ұйымдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын дер кезінде жасау және бекітуді бақылау, білім мекемелері мен ұйымдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларын қабылдау және бекіту. Білім мекемелері мен ұйымдарының титулын қабылдау. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау, Астана қаласы Білім басқармасы бойынша стратегиялық жоспарды (бюджет бағдарламасы және (бағдарлама тармақтары) бекіту, Аймақты дамытудың бағдарламасын іске асыру барысы туралы есеп. Білім мекемелері мен ұйымдары бойынша штат кестесін қабылдау, желілер, штаттар және контингент бойынша жиынтық есеп және білім саласы бойынша бюджеттің орындалуы туралы және өзге де есептерді жасау және бекіту. Білім ұйымдары бойынша даму бағдарламасын қабылдау және бекіту. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша келісімді бекіту. Атқарушы органдар іс-әрекеті тиімділігін бағалау көрсеткіштері бойынша есеп.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім.«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық сараптау бөлімінің басшысы «D-О-3» санаты, 1 бірлік.(уақытша, негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне 2017 жылдың 21 маусымына дейін).

Функционалдық міндеттері:Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жалпыға міндетті оқу жоспарын жасау және құқықтық оқуды ұйымдастыруға бақылау жасайды. Шығыс құжаттарына, Білім басқармасының бұйрықтарына, басқармаға қарасты білім ұйымдарын құруға, қайта атауға, қайта құруға және жоюға арналған қаулылармен оның қосымшаларына құқықтық сараптама жасайды. Білім басқармасы мен басқармаға қарасты білім ұйымдарының қызметкерлеріне туындаған мәселелер бойынша құқықтық кеңес береді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен мерзімдері сақталуына мониторинг және бақылау. Конституциялық құқығын қамтамасыз етубойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды және осы жұмысқа жетекшілік етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Персоналды басқару қызметінің бас маманы «D-О-4» санаты, 1 бірлік.(уақытша, негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне 2018 жылдың 24 сәуіріне дейін).

Функционалдық міндеттері:«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде: мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді, тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдейді,оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Білім басқармасы мен басқармаға қарасты білім ұйымдары педагогтарының саны және конкурстар туралы есептілік, кадрлардың құрамы мен ауысуы туралы статистикалық есеп. Басқарма қызметкерлері мен жалпы білім беретін мектептер басшыларының жеке іс-парағын сақтау және жүргізу. Педагог кадрларының аттестаттаудан өткізілуін бақылау. Жалпы білім беретін мектеп басшылары мен педагог қызметкерлерінің аттестаттау құжаттарын дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білім, құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) салаларындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім)Барлық мемлекетттік қызметкерлері арасындаішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы»ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет