Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



Дата09.07.2016
өлшемі136.5 Kb.
#187338
түріКонкурс
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы « __ » қаңтардағы

___ бұйрығымен

бекітілген



Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға

конкурстық құжаттама


  1. Жалпы ережелер

1. Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға осы конкурстық құжаттаманы (бұдан әрі – Конкурстық құжаттама) конкурстың ұйымдастырушысы, салалық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін талаптарды бекіту мақсатында әзірледі.





  1. Конкурс нысаны болып табылатын ғылыми зерттеулер

тақырыптарының атауы
2. Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс (бұдан әрі – Конкурс) «Өмір туралы ғылым» ғылымды дамыту басымдылығы, «Кәсіби тәуекелдерді басқару» ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басымды бағыты бойынша өткізіледі.



  1. Өтінім ұсынылатын тіл

3. Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім (бұдан әрі – Өтінім) 3 (үш) тілде ұсынылады: қазақ, орыс және ағылшын.





  1. Конкурс өтінімінің нысанына қойылатын талаптар

4. Өтінім ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – ҒТБ) сипаттамасынан тұрады, ол бірнеше кіші бағдарламалардан тұруы мүмкін.

5. Өтінім осы Конкурстық құжаттамаға арналған 1-қосымшаға сәйкес жасалады.

6. Өтінім тігіледі және қағаз пломбамен бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба көрсетіледі және әлеуетті орындаушы басшысының қолымен, дөңгелек мөрмен расталады.

7. Өтінім 2 (екі) данада беріледі, бұл ретте әр дана қағаз және электронды (диск) жеткізгіште ұсынылады.

8. Өтінім мынадай параметрлер бойынша, біркелкі шрифтпен ресімделеді:



«WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторының 97 және одан жоғары нұсқасын қолдану;

сол жақ жиегі - 2,5 см, оң жақ жиегі - 1,5 см, колонтитул - 2,5 см;

шрифт – «TimesNewRoman» өлшемі № 12 (қосымшада кіші шрифт қолдануы мүмкін, бірақ өлшемі № 10-нан кіші емес);

жоларалық интервал, тақырып пен мәтін арасындағы интервал - бір;

абзац (бірінші жол шегінісі) - 1,25 см;

Өтінім беттері және оған қосымшалар нөмірленуге тиіс;

Өтінім көлемі А4 форматтағы 25 (жиырма бес) парақтан аспауға тиіс;



9. Өтінімнің электрондық нұсқасының мазмұны қағаз түріндегі нұсқаға сәйкес, сонымен бірге Өтінімнің электрондық нұсқасы атауында ҒТБ тақырыбының бірінші бес сөздерін қолдану арқылы көрсетіледі.



  1. Үлгілік күнтізбелік жоспар

10. Жұмыстардың күнтізбелік жоспары ҒТБ кезеңдері, қойылған міндеттер, орындау кезеңі (айларда) көрсетіле отырып, үлгілік күнтізбелік жоспарға сәйкес ұсынылады.





  1. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын

біліктілік талаптары
11. Конкурсқа ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – Әлеуетті орындаушылар) қатыса алады.

12. Әлеуетті орындаушыларға келесі біліктілік талаптары қойылады:

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде Өтінім берушінің аккредиттелгені туралы куәліктің болуы, оның көшірмесі Өтінімге қоса беріледі);

2) бес жылдан астам еңбекті қорғау саласында ғылыми қызмет тәжірибесінің болуы. Өтінімге осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес әлеуетті орындаушының іске асырылған ҒТБ, ғылыми жобалар тізбесі ұсынылады.

3) құрамында кемінде екі ғылым докторы, бес ғылым кандидаты бар ҒТБ іске асыру үшін зерттеу тобын ғылыми қызметкерлердің болуы. Ғылыми жетекші және кемінде бес жыл ғылыми өтілі бар ғылыми қызметкерлер тобы туралы мәліметтер осы Конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады;

4) еңбекті қорғау саласындағы ғылыми жұмыстарды орындау және өңірлік деректерді жинау үшін аумағында Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жалпы санының 50 %-дан кем емес құрылымдық бөлімшелердің болуы. Өңірлік бөлімшелерін көрсете отырып, қолданыстағы ұйымдық құрылымының көшірмесі Өтінімге қоса беріледі;

5) еңбек жағдайларына зерттеулер жүргізу, оның ішінде зиянды өндірістік факторлардың деңгейін (респирабелдік тозаңның жаппай концентрациясын пьезбаланстық өлшеуiшi, жұмыс аймағының ауасын бақылау үшін газталдағыш, электромагниттiк өрiстiң кернеулігінің өлшеуiші, барометр-анемометр) өлшеу және анықтау үшін материалдық-техникалық базасының болуы. Әлеуетті орындаушының материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер осы Конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

6) еңбек жағдайларын санитарлық-гигиеналық зерттеулер бойынша сынақ зертханасының болуы, оны аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі Өтінімге қоса беріледі.





  1. Өтінімдерді қарастыру тәртібі

13. Конкурсқа қатысу өтінімдері мына мекенжай бойынша тапсырыс пошталық жөнелтілім түрде: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 5-кіреберіс, 960 кабинет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «КОНКУРСҚА АРНАЛҒАН» деген жазумен хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

14. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қарастырылмайды.

15. Әлеуетті орындаушы ұсынған Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі.

16. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткен күннен кейінгі келесі жұмыс күні ҚР ДСӘДМ белгілейтін өтінімдерді қарастыру жөніндегі комиссия өтінімдері бар конвертті ашады және құжаттар тізімдемесін және конверттерді ашу хаттамасын жасайды.

17. Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді қарастыру жөніндегі комиссия шешімімен мыналар:



    1. мазмұны мен ресімделуі осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес өтінімдер;

    2. біліктілік талаптарына сай емес өтінімдер;

    3. мемлекет бюджеті қаражатынан және/немесе басқа көздерден бұрын қаржыландырылған немесе қаржыландырылатын ҒТБ іске асыруға өтінімдер қайтарылады.

18. Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға қабылданған өтінімдер мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге жіберіледі.
Еңбекті қорғау саласындағы

2017 жылға арналған

қолданбалы ғылыми

зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру конкурстық құжаттамаға

1-қосымша



Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға

ӨТІНІМ


  1. Жалпы ақпарат

1. Ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – ҒТБ) тақырыбының атауы.

2. ҒТБ әзірлеушісі.

3. ҒТБ мақсаттары мен міндеттері.

4. Маңызды нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер.

5. ҒТБ іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері.

6. Кіші бағдарламалардың тізбесі (бар болса).

7. ҒТБ іске асырудың бүкіл мерзіміне қаржыландыру көлемі, мың теңге.

8. ҒТБ іске асырудағы күтілетін соңғы нәтижелер және әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.


2. ҒТБ шешуге бағытталған проблеманың сипаттамасы, шешілетін проблеманың және мақсаттардың әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды міндеттеріне сәйкестігінің негіздемесі

[1000 сөзден артық емес]


9. Бөлімнің мазмұнында проблеманың қойылымы, оның туындау себептеріне талдау, оның әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық басымдықтарымен байланысының және проблеманы бағдарламалы шешу орындылығы негіздемесін қамтуға тиіс.
3. ҒТБ бағдарламалық-нысаналы әдіспен шешу орындылығының

негіздемесі

[1500 сөзден артық емес]


10. Осы бөлімнің мазмұнында проблеманы бағдарламалық-насаналы әдіспен шешу қажеттілігінің негіздемесі, осы шешімнің түрлі варианттарының талдамасы, қарастырылып отырған салада бағдарламалық-нысаналы әдісті қолданбай, қалыптасқан проблемалық жағдай дамуының болжамы және проблеманы бағдарламалық-нысаналы әдіспен шешумен байланысты негізгі тәуекелдердің сипаттамасы болуға тиіс.


4. ҒТБ мақсаттары мен міндеттері, оны іске асыру барысын бағалауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер

[2000 сөзден артық емес]
11. Бөлімнің мазмұны нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер келтірілген, ҒТБ мақсаттары мен міндеттерінің тұжырымдамасын қамтуға тиіс.

12. ҒТБ мақсаттарына қойылатын талаптар: қолжетімділігі (мақсаттар потенциалды қолжетімді болуға тиіс); өлшемділігі (мақсаттарға жетуді тексеру мүмкіндігі болуға тиіс); уақыт графигімен үйлесімді болуға тиіс (мақсатқа жету мерзімі және тиісті мақсаттарды анықтау арқылы ҒТБ іске асыру кезеңдері бекітілуге тиіс).

13. ҒТБ міндеттеріне қойылатын талаптар: ҒТБ мақсаттарына жету үшін міндеттердің қажеттілігі және жеткіліктілігі; міндетті шешу мерзімі тиісті мақсатқа жету мерзімінен аспауға тиіс.

14. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер мақсатқа жетудің, негізгі міндеттерді орындаудың және ҒТБ негізгі іс-шараларының объективті бағасының құралы болып табылады және оны іске асырудың кезеңдері бойынша жоспарлануы, сандық бекітілген және ұлттық статистикалық бақылаудың деректері бойынша өлшенімді болуға тиіс.

15. Егер нысаналы индикаторлардың мәндері мен көрсеткіштері есептік әдіспен анықталатын болса, ҒТБ-ға бастапқы ақпаратты жинау әдісінің және нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер есептерінің жобасы қоса беріледі.

16. Бөлімге ҒТБ қалыптастырылған мақсаттарына жету үшін қойылған міндеттерді шешу қажеттілігінің негіздемесі және негізгі кезеңдердің іске асырылу сипаттамасымен және жылдар, іске асыру кезеңдері мен іс-шаралары бойынша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің мәндері көрсетілген, сондай-ақ оны іске асыруды жедел түрде тоқтату шарттары, міндеттерді шешу және бағдарламаны іске асыру мерзімінің негіздемесі қоса беріледі.


5. ҒТБ іске асыру тобы

[1500 сөзден артық емес]
17. Бөлім ҒТБ іске асыру тобының құрамы сипатталған – зерттеу тобы, олардың ұстанымы және ҒТБ жұмысының бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

18. ҒТБ іске асыру тобының қатысушылар құрамы санының негізділігі мен теңгерімділігін, оны табысты іске асыру үшін қажетті мамандардың бар болуын көрсету қажет.

19. ҒТБ ғылыми жетекшісі ҒТБ іске асыру тобының жоспарланған штаты 70%-дан кем емес көрсетеді, ал қалған 30%-ды қаржыландыруды алғаннан кейін бағдарламаға тартылады.




Ғылыми қызметкердің Т.А.Ә.

Ғылыми ұстанымы

ҒТБ-дағы жұмыс сипаттамасы

1










2










6. Күнтізбелік жоспар

[1000 сөзден артық емес]
20. Осы бөлімде бағдарлама кезеңдерін, міндеттерін, күтілетін нәтижелері мен орындау кезеңін (айларда) қамтитын жұмыстардың үлгілік күнтізбелік жоспары ұсынылған.


Р/с №

ҒТБ кезеңдерінің, міндеттерінің атауы


Жұмыстарды орындау кезеңі

Күтілетін нәтижелер

Басталуы (кк/аа/жж.)

Аяқталуы (кк/аа/жж.)

















7. ҒТБ қаржыландыру көлемі

[2500 сөзден артық емес]
21. Бөлім ҒТБ іске асыруға қажетті жалпы қаражат мөлшерін қамтуға тиіс.

22. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыс туралы баптар АҚШ долларымен, доллардың теңгеге шаққандағы курсымен (өтінім берген күнгі ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша) көрсетілуге тиіс.

23. ҒТБ бюджетін жұмыстың күнтізбелік жоспарына сәйкес ғылыми жетекші бөледі және осы ҒТБ байланысты емес өзге де шығыс туралы баптарға жұмсалмайды.

24. Барлық шығыс баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға сұрап отырған соманы білдіреді және ол 1-т. «Жалпы ақпарат» берілген қаржыландыруға сұралып отырған сомаға эквивалентті болуға тиіс.

25. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды негіздеу мақсатында ҒТБ іс-шараларын орындау, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, қаржыландырудың қажеттілігін және жеткіліктігін бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар мен есептер ұсынылады.

26. Бюджет мынадай шығындарды қамтиды:

1) жалақы – барлық салықтар мен есептеулерді ескере отырып, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысқан ғылыми қызметкердің еңбегіне сыйақы;

2) ғылыми іссапарлар – зерттеу жүргізумен байланысты іссапарлар, алайда ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің қаржысы есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарға арналған шығыстарды өтеу туралы» қаулысымен бекітілген іссапар шығыстарын өтеу нормасынан аспауға тиіс;

3) бөгде ұйымдардың қызметтері – зерттеуді орындау үшін қажетті ұлттық зертхананы ұжымдық пайдалану қызметтері, басқа да ұйымдардың қызметтері, соның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы;

4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін қажетті шығыс материалдары;

5) жабдықтарды және/немесе бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алуға шығындар бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміндегі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға мәлімделген сомадан 20% (жиырма) аспауға тиіс;

6) ғылыми-ұйымдастыруды сүйемелдеу – жарияланымдарды дайындауға шығындар және іске асырылып отырған бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға арналған шығыстар; жоспар бойынша талдамалық зерттеулер; іске асырылып отырған бағдарлама бойынша алынған нәтижелерді патенттеу;

7) өтінім беруші жеке тұлға болған жағдайда үй-жайларды жалға алу;

8) жабдықтарды жалға алу;

9) зерттеулерді іске асыру үшін қолданылатын жабдықтар мен техникаларды ұстауға пайдалану шығыстары.
Шығыс сметасының үлгісі

Шығыс туралы баптардың атауы

Шығыстар,

мың теңге



Жалақы




Ғылыми іссапарлар




Бөгде ұйымдардың қызметтері




Материалдарды сатып алу




Жабдықтар және бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу




Ғылыми-ұйымдастыруды сүйемелдеу бойынша шығыстар




Үй-жайды жалға алу




Жабдықтарды жалға алу




Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары




Жиыны



27. ҒТБ-ға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


8. Зерттеу ортасы


  1. ҒТБ іске асыру үшін қажетті өтінім берушідегі бар материалдық-техникалық база сипаттамасы.

  2. Негізгі отандық және халықаралық байланыстар, ҒТБ-ға шетелдік ғалымдардың қатысуы.

  3. ҒТБ-ға жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың қатысуы.

  4. ҒТБ іске асыру кезде мобильдік негіздемесі:

1) жоспарланған іссапарлармен тағылымдамалардың ҒТБ табысты іске асыруға әсер етуін бағалау;

2) ҒТБ бойынша басқа ғылыми ұйымда немесе басқа елде ғылыми зерттеулерді жүргізетін орындаушылардың жұмыс кестесінің әсер етуін бағалау.


9. ҒТБ күтілетін тиімділігі мен нәтижелігін бағалау

[1500 сөзден артық емес]
32. Бөлімде ҒТБ іске асыру кезінде пайда болуы мүмкін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдардың сипаттамасы, бағдарламаның экономикалық дамуға қосатын үлесінің жалпы бағалауы, сондай-ақ ҒТБ ғылыми, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тиімділігі мен бюджеттік қаражаттарды жұмсау тиімділігінің бағалауы болуға тиіс.
10. ҒТБ іс-шаралары, оны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

[2500 сөзден артық емес]


  1. Осы бөлімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

  1. ҒТБ іс-шараларының атауы;

  2. ҒТБ әр іс-шарасын іске асырудың мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

  3. ҒТБ іс-шараларының күтілетін нәтижелері;

  4. ҒТБ іс-шараларын орындаудың құны;

  5. ҒТБ іс-шаралардың өзара байланысы және мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерінің қоса күтілетін нәтижелері.


11. ҒТБ іске асыру механизмдері

[1000 сөзден артық емес]
34. Бөлімде ҒТБ басқару механизмінің сипаттамасы, жауапкершілік саласын бөлу және салалық уәкілетті орган мен ҒТБ іске асыру тобының өзара әрекеттесу механизмі болуға тиіс.
12. Ғылыми этиканы сақтау кепілдігі

[100 сөзден артық емес]


  1. . Ұйым атауы – Өтінім берушінің атынан ҒТБ ғылыми жетекшісі бағдарлама бойынша ұсынылып отырған ақпараттың растылығына және бірегейлігіне, сонымен қатар ғылыми этика қағидаларының сақталуына, соның ішінде ғылыми мәліметтерді жалған шығаруға, зерттеу деректерінің қателігіне әкеліп соғатын бұрмалауға, плагиат және жалған қосаавторлыққа жол бермеуге кепілдік береміз.

ҒТБ ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға

арналған қолданбалы ғылыми

зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Әлеуетті орындаушының іске асырылған ҒТБ, ғылыми жобалар тізбесі
______________________________________________________

әлеуетті орындаушының атауы






Ғылыми жұмыстың атауы

Тапсырыс берушінің атауы және олардың байланыс телефондары

Қызметтерді көрсету орны мен жылы

Шарттың құны, мың теңге

1

2

3

4

5

Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

Әлеуетті орындаушының басшысы қолы / тегі /

МО
Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға

арналған қолданбалы ғылыми

зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру конкурстық құжаттамаға

3-қосымша



ҒТБ ғылыми жетекшісі мен іске асыратын топ туралы мәліметтер
1. Ғылымды дамыту басымдығы және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы:

2. Ғылыми-техникалық бағдарлама (ҒТБ) тақырыбының атауы:

3. ҒТБ ғылыми жетекшісі туралы мәліметтер:

1) Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

2) Ғылыми жетекшінің туған күні (санмен көрсетіледі – күні, айы, жылы):

3) Ғылыми жетекшінің азаматтығы:

4) Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі/атағы:

5) Ғылыми жетекшінің ғылыми мүдделер саласы – басты сөздер (15 негізгі сөзден артық емес келтіріледі):

6) Ғылыми қызметінің жалпы өтілі:

7) Ғылыми жетекшінің соңғы 5 (бес) жылдағы негізгі жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі:

8) Ғылыми (ғылыми-техникалық бағдарламалардың) жобалардың тізбесі, онда бағдарламаның ғылыми жетекшісі соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жетекші ретінде шыққан:

9) Ғылыми жетекшінің почталық мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы (е-mail):

4.ҒТБ іске асыру тобы туралы мәліметтер (кесте түрінде):

Әрбір ғылыми қызметкер бойынша мынадай деректер көрсетіледі:




Р/с №

Т.А.Ә.

Білімі

Қосымша


білімі

Ғылыми дәрежесі /атағы

Ғылыми өтілі

Орындалған ғылыми бағдарламалар (жобалар) саны

Басылымдар саны

























5. Ғылыми қызметкерлердің соңғы 5 (бес) жылдағы негізгі басылымдар тізімі:

6. Ғылыми (ғылыми-техникалық бағдарламалардың) жобалардың тізбесі, онда ғылыми қызметкерлердің соңғы 5 (бес) жыл ішінде қатысуы:


Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

ҒТБ ғылыми жетекшісі қолы / Т.А.Ә. /


Әлеуетті орындаушының басшысы қолы /Т.А.Ә. /

МО

Еңбекті қорғау саласындағы 2017 жылға



арналған қолданбалы ғылыми

зерттеулер бойынша бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру конкурстық құжаттамаға

4-қосымша



Әлеуетті орындаушының материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер
1. Әлеуетті орындаушының атауы:

2. Қызмет көрсету үшін әлеуетті орындаушыда растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса жабдықтардың мынадай бірліктері болуға тиіс:




Р/с №

Жабдық

түрі


Моделі және шығарылған жылы

Бар бірлік саны

Жағдайы

(жаңа, жақсы, нашар)



Жеке меншік, жалға алынған (кімнен)



















Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.



ҒТБ ғылыми жетекшісі қолы / Т.А.Ә. /
Әлеуетті орындаушының басшысы қолы /Т.А.Ә. /

МО

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет