2012 жылы 039 «Геологиялық ақпаратты қалыптастыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде конкурс тәсілімен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша
конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Техникалық ерекшелік
Сатып алынатын қызмет көрсетудің сипаты және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамалары
I. Сатып алынатын қызмет көрсетуді орындау үшін жалпы талаптар
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға республикалық бюджет комиссиясының (РБК) шешіміне сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану мақсатымен қызмет көрсету әдістемелік және нұсқаулық сала талаптарына қатаң сәйкестікте орындалуы қажет. Осыған байланысты әлеуетті өнім берушілерге қызмет көрсетулерді жүргізу үшін арнайы талаптар қарастырылған:
1) орындаушы ұйымдарға қойылатын талаптар техникалық ерекшелікте әрбір лот бойынша жеке көрсетілген.
2) басқа тең жағдайларда Конкурстық құжаттаманың 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сатып алынатын қызмет көрсету саласындағы ең үлкен тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушіге ерекше ықылас білдіріледі.
II. 039 «Геологиялық ақпаратты қалыптастыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы
-
«МЖҚДЖ ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу»
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Жұмыс істеуді қамтамасыз ету, Мемлекеттік жер қойнауы туралы деректер жинақтамасының (МЖҚДЖ) ақпараттық жүйелерін жандандыру және түрлендіру.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: инженер-бағдарламашы, веб-суретші-әрлеуші, жүйе әкімшісі.
Астана қаласында өндірістік сұрақтарды жедел шешу үшін мамандардың болуы.
Тәжірибе: бағдарламалау Delphi, C++, php және т.б. Borland IB, SQL, Oracle, Access дерекқорлары. Серверлік жабдықпен жұмыс. Желі жабдығы, intranet-ті және internet-ті, VPN-ді күйге келтіру.
Жұмыс станциялары мен ноутбуктердің, офистік техниканың болуы.
Өткізу орны және қызмет көрсету көлемі:
Өткізу орны: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты (Орынбор, 8), республикалық геологиялық қор (Момышұлы даңғылы, 16), Алматы қаласы (Достық даңғылы, 85), Ақтөбе қаласы (Қалдаяқов көшесі, 56), Қарағанды қаласы (Бұхар жырау даңғылы, 47), Көкшетау қаласы (Сатпаев көшесі, 1), Өскемен қаласы (Тоқтаров көшесі, 35).
Қызмет көрсету көлемі: Мемлекеттік жер қойнауы туралы деректер жинақтамасының 7 ақпараттық жүйесі, 5 аумақтық компьютерлік орталық.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу.
Қызмет көрсетуді орындау: Мемлекеттік жер қойнауы туралы деректер жинақтамасының келесі бағдарламалық технологиялық кешендерінің: Аумақтық деректер жинақтамасы АЖ; Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Ахуалдық орталығы АЖ; Пайдалы қазбалар балансы АЖ; Кен орындары және кен көріністері кадастры АЖ; Лицензиялар мен келісімшарттар АЖ; Лицензиялық-келісімшарт талаптары АЖ, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Веб-порталының үздіксіз жұмыс істеуін, әзірленген және есеп нысандарын өзектендіруді, талаптардың өзгертілуіне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етілуін пысықтауды, дерекқорларын түрлендіруді және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
МЖҚДЖ бағдарламалық технологиялық кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Есепті жасау.
Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік жер қойнауы туралы деректер жинақтамасының Ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Талаптардың өзгертілуіне және пайдаланушылық жүктемеге байланысты ақпараттық жүйелерді және дерекқорларды пысықтау, жандандыру және түрлендіру жүргізіледі.
-
«Деректер жинақтамасын геологиялық ақпаратпен толтыру. "Электрондық мұрағат" жүйесін толтыру»
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Мемлекеттік жер қойнауы
туралы деректер жинақтамасының «Электрондық мұрағат» ақпараттық жүйесін Республикалық геологиялық қорда сақталатын геологиялық есептер жөніндегі мәліметтермен толтыру, сондай-ақ жүйені осы есептердің электрондық нұсқаларымен толтыру.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: бағдарламашы немесе жүйе әкімшісі, экономист, енгізу операторлары.
Құпия материалдармен жұмыстарды (қызмет көрсетуді) жүргізуге рұқсаттың және мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар қызметкерлердің болуы.
Тәжірибе: Borland IB, SQL, Access және т.б. дерекқорлары; жергілікті желімен және IBM, HP серверлік жабдығымен жұмыс; IBM TSM, DS EMS, SL Intel компьютерлік мәліметтерді сақтау және өңдеу жүйелері.
Қосымша жабдықтың болуы талап етілмейді.
Ақпаратты енгізу операторлары 10 адамнан кем болмауы керек.
Өткізу орны және қызмет көрсету көлемі:
Өткізу орны: Астана қаласы, Республикалық геологиялық қор ғимаратындағы оқу залы (Б. Момышұлы даңғылы, 16).
Көлемі: Әрбір есептің метамәліметтері толтырылатын 46 ұяшықтан тұрады. Электрондық түрінде толтырылатын есептердің жалпы көлемі 26 000-нан кем емес.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу.
Орындау: Дайындау кезеңі. Цифрланатын материалдарды жинау және жалпылау, таңдалып алынған материалдарды қайта қарап тексеру; «электрондық мұрағат» талаптарына есепті талдаудан өткізу, толтыру айдары мен алгоритмін таңдап алу; «электрондық мұрағаттың» дерекқорына 46 ұяшық бойынша метамәліметтерді енгізу; «электрондық мұрағат» жүйесінде орналастыруға дайындау үшін геологиялық есептің сканерден өткізілген нұсқасын, жеке мәтіндік және графикалық бөлігін дайындау және өңдеу; дайындалған электрондық есепті жергілікті желінің арнасы арқылы «электрондық мұрағат» жүйесіне жазу; «электрондық мұрағат» әкімшісі электрондық есепті жүйеге орналастыруы және тіркеуі; қағаздағы есепті және цифрлы түрдегі есепті РМҚ-ға қайтару; есепті дайындау.
Күтілетін нәтижелер: «Электрондық мұрағат» ақпараттық жүйесінің дерекқоры геологиялық есептерге метамәліметтермен толтырылады және оған геологиялық есептердің электрондық нұсқалары енгізіледі.
-
Деректер жинақтамасын геологиялық ақпаратпен толтыру. «Зерделенгендік» дерекқорын толтыру.
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Мемлекеттік жер қойнауы
туралы деректер жинақтамасының «Зерделенгендік» ақпараттық жүйесін Республикалық геологиялық қордың материалдары бойынша геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерделенгендігі туралы мәліметтермен толтыру.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: геолог, инженер-бағдарламашы немесе жүйе әкімшісі, экономист, енгізу операторлары.
Тапсырыс берушінің аумағында қызмет көрсетуді жүргізу үшін жабдықтың болуы: 5 толық жұмыс істейтін жұмыс станциясы, дәлме-дәлдігі 600 dpi-ден кем емес, А4 пішіміндегі 5 сканер.
Тәжірибе: SQL, Access дерекқорлары; жергілікті желімен және серверлік жабдықпен жұмыс.
Өткізу орны және қызмет көрсету көлемі:
Өткізу орны: Астана қаласы, қызмет көрсету орны тапсырыс берушімен анықталады.
Көлемі: Әрбір зерделенгендік карточкасына метамәліметтер 52 ұяшықтан тұрады, әрбір зерделенгендік карточкасына картограмманың сканерленген нұсқасы. Толтырылған карточкалардың жалпы көлемі 14 500-ден кем емес.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу.
Орындау: Дайындау кезеңі. Материалдарды жинау және жалпылау, таңдалып алынған материалдарды қайта қарап тексеру; «Геологиялық геофизикалық зерделенгендік» дерекқорына мынадай бөлімдер бойынша: (негізгі мәліметтер, зерделенгендік бойынша жұмыстар, миллиондаған парақтар, жұмыстарды жүргізу аймағы, жұмысты жүргізген ұйым, басып шығарылған карталар, координаттар, есепке алу карточкасы, есептер, авторлар) метамәліметтерді енгізу; зерделенгендік картограммасын сканерлеу; сканерленген зерделенгендік картограммасының координаттарын толтыру; дерекқорға енгізілген ақпаратты тексеру. Есепті дайындау және жасау.
Күтілетін нәтижелер:
«Зерделенгендік» ақпараттық жүйесінің дерекқоры геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерделенгендік бөлімдері бойынша зерделенгендік карточкаларына метамәліметтермен толтырылады.
-
«Деректер жинақтамасын геологиялық ақпаратпен толтыру. ҚР аумағы бойынша гравиметриялық деректер жинақтамасын толтыру».
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағындағы гравиметриялық зерделенегендігі бойынша мәліметтермен 1:50 000-1:200 000 масштабтағы түсірмелердің бастапқы гравиметриялық бақылауларын цифрлау жолымен ақпараттық дерекқорды толтыру.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: геологтер, геофизиктер, инженер-бағдарламашы.
Құпия материалдармен жұмыстарды (қызмет көрсетуді) жүргізуге рұқсаттың және мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар қызметкерлердің болуы.
Қызмет көрсетулерді жүргізу үшін қажетті компьютерлік және офистік техника болуы керек.
Өткізу орны және қызмет көрсету көлемі:
Өткізу орны: Қазақстан Республикасының аумағында.
Көлемі: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 155 000 гравиметриялық бақылау орындарынан кем емес.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу. Орындау: Дайындау кезеңі. Есептік гравиметриялық материалдарды жинау және талдау, бастапқы бақылаулардың мәліметтерін енгізуге дайындау, енгізу, енгізілген ақпаратты графикалық бақылау; түзетулерді анықтау және енгізу; жапсарлас түсірмелердің жабатын жерлерін талдау;алынған ақпаратты CD/DVD дискілеріне db-мен үйлесімді пішімде жазу; есепті жасау.
Күтілетін нәтижелер: Гравиметриялық бақылаулар бойынша дерекқор Қазақстан Республикасының аумағындағы кенді аймақтарының гравиметриялық зерделенгендігі бойынша мәліметтермен 1:50 000-1:200 000 масштабтағы түсірмелердің бастапқы гравиметриялық бақылауларын цифрлау жолымен толтырылады.
-
«Деректер жинақтамасын геологиялық ақпаратпен толтыру. Ашық мүмкіндік болу үшін МЖҚДЖ дерекқорын интернет нұсқаларымен толтыру»
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Геологияда және жер қойнауын пайдалануда ашық ақпаратты толтыру үшін материалдарды жинау және жалпылау. Анықтамалық ақпараттық дерекқорларды цифрлы түрдегі өзекті ақпаратпен толтыру. Ақпаратты ауыстыру және Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың сайтына оны орналастыру.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: геологтер, экономист, бағдарламашы, енгізу операторлары.
Жұмыс станцияларының, офистік техниканың болуы.
Тәжірибе: Геологиялық және картографиялық ақпаратпен жұмыс, SQL, Access дерекқорлары және т.б.; Конверторлармен және мәліметтердің алмасу пішімдерімен (xml) жұмыс; веб-сервистермен жұмыс және веб-бағдарламалау (php және т.б.); серверлік абдықпен жұмыс.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу.
Орындау: Бар ақпараттық жүйелерді және бөлімдерді интернет нұсқасына ауыстыруға дайындығын талдау және өзектендіруге қажетті ақпарат көлемін анықтау. Дайындау кезеңі. Дерекқорға енгізілетін материалдарды жинау және жалпылау, таңдап алынған материалдарды қайта қарап тексеру; дерекқорды дайындалған ақпаратпен тотыру; интернет-пішімге ауыстыру әдісі мен пішімін әзірлеу және келісу; ақпаратты дерекқордан жаңа пішімге ауыстыру, ақпаратты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің веб-сайтына орналастыру; толықтығы мен сапасын тексеру. Қажет болған жағдайда материалдарды толықтыру және функционалды бөлігін жөндеу. Есепті дайындау.
Күтілетін нәтижелер: Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың сайты жаңа ақпараттық бөлімдермен тотырылады және өзекті ақпаратпен толықтырылады.
6. «Геологиялық есептерге мәтіндік және графикалық қосымшаларды цифрлау».
Қызмет көрсетуді орындау мақсаты: Қазақстан Республикасының геологиялық қорында сақталатын мәтіндік және графикалық геологиялық материалдарды, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып, компьютерлік сканерлеу.
Орындаушы ұйымға қойылатын талаптар:
Орындаушы ұйым қызмет көрсетуді жүргізу кезінде қажетті мынадай мамандармен толықтырылуы қажет: инженер-бағдарламашы немесе жүйе әкімшісі, экономист, енгізу операторлары.
А4 және А3 пішіміндегі 5 сканерден кем емес, А0+ пішіміндегі 2 сканерден кем емес, 5 жұмыс станциясынан кем емес (500 Гб-тан кем емес қатты табақжад, 4 Гб-тан кем емес ОЗУ, 1 Гб-тан кем емес бейнекарта, 19’’ кем емес монитор), 2 графикалық станциядан (1 Тб-тан кем емес қатты табақжад, 8 Гб-тан кем емес ОЗУ, 1 Гб-тан кем емес бейнекарта, 22’’ кем емес монитор) және 5Тб-тан кем емес ақпаратты сақтау жүйесі болуы керек. DVD дискілерін жазу құрылғысы, А4 пішіміндегі принтер болуы керек.
Құпия материалдармен жұмыстарды (қызмет көрсетуді) жүргізуге рұқсаттың және мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар қызметкерлердің болуы.
Сертификатталған жабдықтың болуы және режимдік жайға қойылатын талаптарды орындау.
Қағаздағы, оның ішінде картографиялық материалдарды компьютерлік цифрлау бойынша жұмыс тәжірибесі.
Өткізу орны және қызмет көрсету көлемі:
Өткізу орны: Астана қаласы, орындаушы, қауіпсіздік режімін сақтай отырып, материалдарды қала бойынша өзі алып кетеді.
Көлемі: Текстовые приложения формата А4, А3 пішіміндегі тестік қосымшалардың саны 1 800 000 парақтан кем емес. А2, А1, А0, А0+ пішіміндегі графикалық қосымшалардың саны 280 000 парақтан кем емес.
Шешудің бірізділігі және негізгі әдістері:
Жобаның сметалық-есептеу бөлімі: жобаланатын қызмет көрсетулердің түрлері мен шығындарының баптары бойынша техника-экономикалық есептеулерді негіздеу, саланың нормативтік және әдістемелік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне сәйкес сметалық құнды есептеу.
Орындау: Мәтіндік геологиялық есептерді компьютерлік сканерлеу. геологиялық қорда сақталатын материалдарды іріктеп алу және қайтадан қарап тексеру; геологиялық есептерді сөгу; мәтіндік қосымшаларды сканерлеу; геологиялық есептердің томдарын тігу; геологиялық есептердің томдарын бастапқы немесе қалпына келтірілген түрінде қайтару; ақпаратты DVD-ге жазу, дискілерді ресімдеу.
Қара-ақ түсті графикалық қосымшаларды және түрлі түсті қосымшаларды сканерлеу: геологиялық қорда сақталатын материалдарды іріктеп алу және қайтадан қарап тексеру; графикалық қосымшаларды сканерлеу; геологиялық есептерді бастапқы түрінде қайтару; ақпаратты DVD-ге жазу, дискілерді ресімдеу.
Сканерлеу параметрлері:
-
графикалық материал – 300 dpi-ден кем емес, кескіні толық түсті, қара-ақ – сұр түстің реңктері, 16 bit-тан кем емес .
-
мәтіндік материалдар – барлығы үшін – 200 dpi-ден кем емес, ақ-қара түсті материалдар үшін – сұр түстің реңктері, түрлі түсті материалдар үшін – толық түсті кескін.
Цифрлау нәтижесі – tif пішіміндегі цифрлы материал.
Есепті жасау.
Күтілетін нәтижелер: Республикалық геологиялық қорда сақталатын геологиялық есептерге мәтіндік және графикалық қосымшаларды цифрлау жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |