Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет1/11
Дата13.05.2023
өлшемі122.63 Kb.
#473656
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұқпалы аурулар (1)


«АВИМЕД» көпсалалы колледжі

«Клиникалық пәндер» циклдік пәндер бірлестігі



ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Модульдің атауы: КМ 02Диагностика және емдеу 1


Пән атауы: КМ 02.05 Жұқпалы аурулар
Мамандық: 09120100«Емдеу ісі»
Біліктілік: 4S09120101«Фельдшер»
Курс: 2
Семестр:3
Бақылау түрі: сараланған сынақ
Жалпы сағат саны:72 кредит саны:3

Шымкент,2022



«АВИМЕД» көпсалалы колледжі

«БЕКІТЕМІН»


Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_____________________Э.Т.Тезекбаева
«____»___________________2022ж

«Клиникалық пәндер» циклдік пәндер бірлестігі



ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Модульдің атауы: КМ 02 Диагностика және емдеу 1
Пән атауы: КМ 02.05 Жұқпалы аурулар
Мамандық: 09120100«Емдеу ісі»
Біліктілік: 4S09120101«Фельдшер»
Курс: 2
Семестр:3
Бақылау түрі: сараланған сынақ
Жалпы сағат саны:72 кредит саны:3
Шымкент,2022
ОӘЖ.616.9
Құрастырған: Андасова А.С.- клиникалық пәндер бірлестігінің оқытушысы
Осы әдістемелік нұсқау техникалық және кәсіптік білім беру орнына арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бағдарламасы мен оқу жұмыс талаптарына сәйкес құрастырылған.
Клиникалық пәндер бірлестігінің отырысында қаралды
Хаттама № « »___ __________2022ж
«АВИМЕД» көпсалалы колледжінің әдістемелік кеңесінде талқыланып, басылымға ұсынылды.
Хаттама № « »___ ___________2022ж

1.1. Сабақтың тақырыбы: Мамандыққа кіріспе. Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы туралы ілім
Сабақтың мақсаты: Студенттер «инфекция», «инфекциялық үрдіс» ұғымдарының анықтамасын, инфекциялық аурулардың даму кезеңдерін; іш қуысының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникасын, емдеу және алдын алу шараларын меңгеру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection – жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Жұқпалы ауру туу үшін этиологиялық фактор қажет. Қоздырғыш организмде қорғаныс факторларын (капсула, L – түрлері) түзіп, өзіне тіршілік етуіне әрекет жасайды (соның ішінде антибиотиктерге төзімділік құрастыру).
Жұқпалы ауруларға жұғу тән, әр науқас – ауру көзі ретінде қауіпті.
Жұқпалы аурулар кең таралып, «лап етіп » өршу, эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді (соматикалық, хирургиялық аурулардан басты айырмашылығы)
Бірталай жұқпалы аурулардан кейін тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады ( қызылша, дифтерия, скарлатина, желшешек т.б), кейбір аурулардан кейін типіне байланысты қысқа мерзімді иммунитет ( ішек инфециялары), кейбір инфекциялардан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:

  • аурухана ішіндегі инфекциялар

  • антибиотик төзімді штаммдар.

Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар

  • ЖРВИ, соның ішінде грипп

  • ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез, ботулизм, АИТВ, ВГА)

  • менингококкты инфекция

  • балалар инфекциясы (қызылша, шел шешек, эпидпаротит ж.т.б.)

  • бруцеллез

  • сібір жарасы

  • лептоспироз

  • листериоз

  • көктемгі-жазғы энцефалит

  • ҚҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)

  • оба

  • тілме

  • құтырма

Жұқпалы аурулардың жіктелуі:
Этиологиялық факторы бойынша

  • бактериялды

  • вирусты

  • паразитарлы

  • саңырауқұлақтармен шақырылатын

  • риккетсиоздар т.б

Таралу ортасына байланысты

  • антропоноздар

  • зооноздар

  • зооантропоноздар

  • сапроноздар

Таралу механизмі бойынша (Л. З. Громашевский)

  • ішек аурулары

  • ауа- тамшы инфекциялары

  • қан инфекциялары

  • тері және шырышты қабат инфекциялары

  • туа біткен аурулар

Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай.
Инфекциялық процесс – қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы.
Инфекциялық үрдістің түрлері:
Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде)

  • жедел

  • созылмалы

Бактерия тасымалдаушы:

  • адамдар арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы

  • аурудан кейін дамитын

  • жедел (3 айға дейін)

  • созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы)

  • Латенттік ( жасырын, иннапарантты)

  • Баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы, герпес инфекциясы)

Инфекциялық үрдістің түрлері



  • Инфекциялық ауру әртүрлі көріністермен байқалатын инфекциялық үрдістің жоғары дәрежесі.

Байқалу көріністері

  • Клиникалық

  • Патоморфологиялық

  • Биохимиялық

  • иммунологиялық

Жұқпалы аурулардың даму циклі

  • Инкубациялық кезең

  • Клиникалық көріністер кезеңі

алғашқы көріністері
нағыз клиникалық көріністер
Реконвалесценция кезеңі

Аурудың соңы



  • Сауығуы

  • созылмалы түрінде өту

  • өлім

Жұқпалы аурулар жиі кездесетін синдромдары:

  • Жалпы улану (интоксикация)

  • қызба синдромы

  • экзантема синдромы

  • респираторлы синдром

  • диарея синдромы

  • сарғаю синдромы

  • лимфаденопатия синдромы

  • менингиальды

  • гепатолиенальды синдромдар.

Эпиданамнез. Мақсаты: пайда болған аурудың көзін, тарау жолын факторларын анықтау.

  • зерттеу мерзімі инкубация кезең мерзіміне байланысты.

  • нақты сұрақтар қойылып анықталады.

  • эпидимиологиялық мәліметтер анықталмаған жағдайда диагноз

  • қоюға кедергі болмау керек

  • эпидмиологиялық анамнезді жинаған кезде жоспарлы және эпид. көрсеткіштер бойынша жасагған егулер жөнінде мәліметтеранықталады.

Инфекциялық стационар тәртібі
Инфекциялық аурулардың контагиоздылығын ескере отырып, инфекциялық стационарда төмендегілерді қарастыратын (ауруханаішілік инфекцияларды жоққа шығару үшін) эпидемияға қарсы тәртіп сақталу керек (жай инфекциялар кезінде):
Бокс түрінде диагностикалық палаталар немесе бөлімдердің болуы;
Инфекциялық ауруларды нозологиялық форма бойынша госпитализациялау;
Күнделікті дезинфекцияны және науқасты шығарған кезде қорытынды дезинфекцияны жүргізу;
Аса қауіпті инфекциялар кезінде төмендегілерді ескеретін, қатаң эпидемияға қарсы тәртіп қолданылады:
Стационарды «таза» және «кір» бөліктерге бөлу;
Қорғаныс киімде жұмыс істеу (түрлі типті обаға қарсы костюм).
Жұқпалы аурулардың емдеу прициптері

  • Уақытында басталу керек

  • Комплексті болу керек

  • Патогенетикалық емді негіздеу қажет

  • Әр науқасқа жеке ерекшеленген ем қолдану керек

  • «Комплексті ем » ұғымына кіретін жағдайлар:

рациональды күн тәртібі
дұрыс тамақтану да ем болады
этиотропты ем
патогенетикалық ем
спецификалық ем
симптоматикалық ем
физиопроцедуралар
санаторлы – курортты ем
Жұқпалы аурулардың алдын алу
Жұқпалы аурудың алдын алу принциптері:

  • Спецификалық

  • спецификалық емес

  • вакциналар

  • сары сулар

  • анатоксиндар

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері?

  2. Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар?

  3. Жұқпалы аурулар жиі кездесетін синдромдары?

  4. Жұқпалы аурулардың алдын алу?

2.2. Сабақтың тақырыбы:Жұқпалы аурулардың алдын алу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет