Конспект Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері



Дата06.03.2022
өлшемі17.71 Kb.
#456019
түріКонспект
жаксылыкова айым 3 курс


Конспект
Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері
Әдістеме — белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.
Белгілі бір күрделі жұмысты орындау барысында тәжірибелі адам ол күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп, жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені, көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап, зерттеп, күрделілігін анықтап, содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін, пропорциялың сөйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.
Ал педагогика ғылымындағы әдістеме — оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.
Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде — жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында — жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.
Педагогика ғылымында оқытудың әдістері, мүғалім мен оқушылар жұмысының төсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері — мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі-педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.
Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі деп танысақ, онда мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалана отырып оқытуды ұсынады.
Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды — тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.
Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми-шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.
Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Дж.Локк, Я.А. Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде үлкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, үсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мүғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.
Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мүғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы — ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында педагогикалық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы дизайн, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарын өткізуге болады. Мысалы, «Құрақ құрау» сабағында жалпы құрақ құрау өнері және технологиясы айтылып, сабаңтың машықтық кезеңінде жұмысты компьютердің көмегімен орындау тапсырылады. Окушылар алдына мынадай мәселе қойылады:
-1 -нұсқадағы оқушылар жұмысты жылы түстік реңде, ал 2-нұсқадағы оқушылар суық түсте орындау;
— оқушылардың бір-бірінің жұмысын қайталамауы.
Мұнда оқушылар мәселені шешу жолында саналы ізденіспен, шығармашылықпен еңбектенеді.
Сонымен, әдістемені жақсы меңгеру біріншіден өткен тәжірибедегі ең жақсы жетістіктерді жинақтау, зерттеу. Өйткені ол тәжірибені іс жүзінде пайдаланып, қандай нәтижеге жетуге болатындығы белгілі. Бірақ бұл «өз шығармашылық педагогикалың жаңалығықды тәжірибе жасаудан баста» деген сөз емес.
Қолданылған әдебиеттер:

  • https://stud.baribar.kz/16079/beyneleu-oenerininh-adisnamalyq-negizderi/


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет