Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша
қызмет көрсетушілерді таңдау жөніндегі үлгілік
конкурстық құжаттамаға 2-қосымша
Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Бестөбе кеңтінің негізгі мектебі» ММ білім алушылардың тамақтандырылуын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу қызметтері
бойынша
техникалық тапсырма
1. Оқу үрдісі кезеңіне қамқоршылықтағы оқушыларды және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуы күніне 1 рет енгізіледі:
- күнделікті ас мәзіріне - бірінші және екінші тағамдар, салаттар, сусындар енгізіледі.
Қызмет көрсету мерзімдері: 01.09.2014 жылдан 29.12.2014 жылға дейін.
Оқушылар саны мен тамақтанатын күндері кестеде көрсетілген.
2. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмысы кезеңінде қамқоршылықтағы оқушыларды және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуы күніне 2 рет енгізіледі:
- таңғы ас – күнделікті ас мәзіріне – екінші тағамдар, сусындар, бутербродтар, ұннан пісірілген тағамдар енгізіледі;
- түскі ас – күнделікті ас мәзіріне – бірінші және екінші тағамдар, салаттар, сусындар енгізіледі.
Қызмет көрсету мерзімдері: 09.02.2015 жылдан 31.12.2015 жылға дейін.
Оқушылар саны мен тамақтанатын күндері кестеде көрсетілген.
Білім беру ұйымдарындағы қызмет алушылардың жалпы саны (мектепте тамақтанатын оқушылардың саны) оның ішінде 13 бала:
№
пп
|
Айлар атауы
|
Білім беру ұйымдарындағы қызмет алушылардың жалпы саны
|
0 - 11 сыныптар аралығында
|
Күндер саны
|
Балалар саны
|
1
|
Ақпан
|
18
|
13
|
2
|
Наурыз
|
17
|
13
|
3
|
Сәуір
|
22
|
13
|
4
|
Мамыр
|
18
|
13
|
5
|
Қыркүйек
|
26
|
13
|
6
|
Қазан
|
26
|
13
|
7
|
Қараша
|
17
|
13
|
8
|
Желтоқсан
|
22
|
13
|
БАРЛЫҒЫ
|
166
|
13
|
-
Қызмет көрсету орны: Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бестөбе кеңті, Первомай 91 көшесі, Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Бестөбе кеңтінің негізгі мектебі» ММ-нің ғимаратындағы асханасында жүзеге асырылады.
-
Төлем түрі: ақшасыз есеп айырысу. Төлемге жібер алдындағы қажетті құжаттарға есеп-фактура және атқарылған жұмыстарды қабылдау туралы кесімі болып саналады. Төлем қаржыландыру жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың көлеміне сәйкес атқарылған жұмыстарды қабылдау туралы кесімі негізінде төленеді.
6. Қызмет көрсетудің шарты:
1) оқушыларды оқу үрдісі кезінде сапалы тамақтандырумен ұйымдастыру және қамтамасыздандыру – аптасына 6 рет, мектеп жанындағы лагерьдің жұмысы кезінде – аптасына 5 күн.
2) мектеп оқушыларын ыстық тамақпен ұйымдастыру және қамтамасыздандыру кезінде келесі нормативтік құжаттар жетекшілікке алынады:
- 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасының Кодексі «Халық салауаттығы және денсаулық сақтаудың жүйесі туралы»;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» № 301 Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 Қаулысы № «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»;
- 2012 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының №320 Қаулысы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»;
- балалардың тамақтануын ұйымдастыруда реттелетін басқа да санитарлық-гигиеналық ережелерін негізге алады;
3) оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануымен қамтамасыздандыруы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 2 тармақтағы 19 тармақшаға, 6 баптағы 2 тармаққа және 48 баптағы 5 тармаққа сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурста жеңіп шыққан әлеуетті жабдықтаушы, қамқоршылықтағы оқушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларды және мектепке дейінгі шағын орталықтағы тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету барысында келесі құқықтық нормативтік құжаттарды жетекшілікке алулары қажет: 2008 жылғы 25 қаңтардағы ҚР № 64 қаулысының «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» 4 тармақтың 2 тармақшасы; 2000 жылғы 17 мамырдағы ҚР Үкіметінің № 738 «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» қаулысының 2,3 тармағы;
4) Әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші Келісімшарт бойынша міндеттерді толық және мүлтіксіз орындауы тиіс;
5) Келісімшартта көрсетілген міндеттердің орындалу барысы бойынша Тапсырыс беруші сұранымына сай ахпарат беруі тиіс;
6) қызмет көрсету барысында Тапсырыс беруші тарапынан қажеттіліксіз шығындардың болуына жол бермеуі тиіс;
7) Келісімшарт не оның бір тармағының мағынасын сондай-ақ техникалық құжаттардың немесе заказчик берген ақпараттарды Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз жарияламауға міндетті;
8) Тапсырыс берушінің қызметкерлерге осы келісімшарт аясында берген ақпараттарының құпиялылығын сақтауға міндетті;
9) Келісімшартта көрсетілген міндеттемелер дұрыс орындалмаған жағдайда Тапсыру берушінің шығындарын әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші толық түрде өтеуге міндетті;
10) Тапсырыс берушіге Келісімшарттың орындалуы бойынша есеп беруге;
11)Асхана жабдықтары мен ас блогын жалға алу бойынша келісімшарт түзуге;
12) Әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бойынша мемлекеттік органынан (асхана ғимаратына) объектісіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын (төлқұжатын) қамтамасыз ету міндетін өз атына алады және қызмет көрсетуді бастамастан бұрын Тапсырыс берушіге қорытындыны көрсетеді. Осы міндеттің орындалмауы келісімшартты бұзу үшін негіз болып келеді
13) ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға;
14) ас және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарып тастауға, дератизация жұмыстарын жасауға келісімшарт түзуге міндетті;
15) ас блогында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, дизенфекция құралдарымен әр күні тазалап тұруға, дизенфекция, дизенсекция және дератизация шараларын өткізу, өткізілген жұмыстарының актісі болуы қажет, ас блогы мен асханаға жылына екі рет косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс (қысқы және жазғы каникулдарда);
16) әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші технологиялық, тоңазытқышы,желдету және басқа жабдықтарының кіршіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жыл сайынғы жұмыс басталу кезеңінде тексеру жүргізеді, тұтынушының асхана жабдықтарының бүтіндігі мен сақталуын қатаң қадағалап, орнымен дұрыс ұстауы қажет. Асхана үй-жайын ретімен және таза ұстауы қажет. Жұмыс барысында жабдықтың сынып, бұзылып қалған жағдайында қызмет көрсетіп, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
17) жалға алған ғимарат пен жабдықтардың сақталуына толық жауапты. Әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші технологиялық, тоңазытқышы, желдету және басқа жабдықтарының кіршіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, жыл сайынғы жұмыс басталу кезеңінде тексеру жүргізеді, тұтынушының асхана жабдықтарының бүтіндігі мен сақталуын қатаң қадағалап, орнымен дұрыс ұстауы қажет. Асхана үй-жайын ретімен және таза ұстауы қажет. Жұмыс барысында жабдықтың сынып, бұзылып қалған жағдайында қызмет көрсетіп, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізеді;
18) ыстық су, мұздай су және электр есептеуіштерін құруға қызмет көрсетуші міндетті;
19) Жабдықтар, құрал саймандар, ыдыс, ыдыс-қап, өндіріс орта заттарының барлығы қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына қойылған санитарлық-эпидемиялық талаптарға және тамақпен түйісетін материалдарын қолдану ережелерге сай болуы тиіс (орташа бір жылдық тамақтанушы контингентке жеткілікті ыдыстарының бар екендігі жөнінде тиісті құжаттарын көрсетуі шарт);
20) қажетті жағдайда қосымша асхана жабдықтары болуы тиіс;
21) әлеуетті көрсетілетін қызметтерді беруші өз штатындағы квалификациялық талаптарға сай келетін аспаздардың саны екеуден (2) кем емес, асхана қызметкерлері саны 3 (үшеуден) кем болмауы тиіс және барлық қызметкерлердің жұмысқа рұқсат етілген санитарлық кітапшалары болуы шарт;
22) ғимаратта техника қауіпсіздігі ережелері сақталуы және қауіпсіз еңбек шарттары жасалған болуы тиіс;
23) ас блогы қызметкерлері жеке бастың гигиенасы ережелерін сақтауы тиіс;
24) белгіленген заңнамалық тәртіп нормаларына сәйкес қызметкерлердің арнайы киім және аяқ киімдері болуы шарт;
25) ас блогын пайдаланғанда ғимараттың инженерлік конструкциясына өзгертулер кіргізбеуге және инженерлік ережелердің барлығын сақтауға тиісті;
26) Әлеуетті көрсетілетін қызметтерді берушінің азық-түлік жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы автокөлігі, және оның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган берген санитарлық паспорты, жүргізуші мен экспедитордың, жүк түсірушінің санитарлық кітапшасы болуы тиіс, тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалар болуы тиіс;
27) түскен өнімнің бекітілген қабылдау ережелеріне сай екендігін бақылауды, азық –түліктің сақталу және іске асырылу жағдайын, азық-түлікті кулинарлық өңдеу талаптарын, азық-түлік өнімдерін дайындау технологиясын, дайындалған тағамның сапасын, ас әзірлейтін бөліктің сақталуын және инфекциялық ауруларды және тағамнан улануды болдырмауды қамтамасыз ету;
28) инфекциялық аурулардың туындауын және таралуын, тағамнан уланудың алдын алу үшін объектіде төмендегілерді болдырмау қажет:
-ірімшік, айран тағы да басқа сүт қышқылды тағамдарды, фарш қосылған құймақтарды, флот макарондарын, крем, морс, квас, форшмак қосылған кондитер өнімдерін, фритюр өнімдерін, паштет, фритюрде қуырылған өнімдерді, жұмыртқа өнімдері – қуырылған жұмыртқаны, қаймақ қосылған салаттарды, окрошка, саңырауқұлақтан жасалған және үй жағдайында дайындалған өнімдерді қолдануды;
- пастерленбеген сүт, ірімшік, қайнатылмаған немесе термикалық өңдеуден өтпеген қаймақ, жұмыртқа және су құстарының еттерін қолдануды;
- өткен күннен қалған немесе таяуда дайындалған ас қалдықтарын, ауылшаруашылығы малдарының аурулары бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүт пен сүт өнімдерін, субөнімдерді қолдануды;
29) шектеп тамақтандыру принциптеріне сай тез тағайындалатын құрғақ тағамдар концентрациясы негізінде бірінші және екінші тағамдарды дайындауды болдырмау, майонез қосылған салаттарды, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар (минералды және ауыз суын қоспағанда), чипсы, қытырлақ нан, гамбургер, хот-дог; ащы кетчуптар мен соустарды, сағыздарды сатуға және тамақ өнімдерін жасайтын автоматтарды қолдануды болдырмау қажет;
30) дәрігер-педиатрдың тағайындауынсыз жалпы сауықтыру емі есебінде коктейлдерді қолдануды болдырмау қажет. Емді тек қана медициналық қызметкер нұсқаулыққа сай коктейль дайындау жағдайында ғана жүргізу керек.
31) С-дәрумендендіруді 3 тағамға жүргізу керек. Мектепке дейінгі жастағы балаларда С дәруменінің тәуліктік мөлшері-60 мг, мектеп жасындағы балаларда -70 мг екенін қатаң сақтау керек.
32) дайын өнімге күнделікті бракераж жасап отыру;
33) ас қоймасында күнделікті дайын өнімге тәуліктік сынама қалдырып отыру;
34) сатып алынған өнімнің сапасын айқындайтын құжаттардың бар болуы;
35) жоғары сапалы тағамның уақытында дайындалуын қамтамасыз ету;
36) тағам сапасыз дайындалған жағдайда жеке жауапкершілікті алу;
37) тамақтануды ұйымдастыруда төмендегі құжаттардың бар болуы қамтамасыз етілуі керек: асханада жұмыс істейтін қызмкеткерлердің денсаулық жағдайын тіркеу журналы, дайын тағамның сапасын бақылайтын журнал (бракераж журналы), С-дәрумендендіруді 3 тағамға жүргізуді есепке алу журналы;
38) оқушыларды қосымша ыстық тамақпен, сонымен қатар буфет өнімдерімен қамтамасыз ету: жас ерекшелігінің физиологиялық қажеттілігіне сай тағам өнімдері, сапа талабы, тағамның құндылығы мен қауіпсіздігіне Тапсырыс берушімен келісе отырып қамтамасыз ету;
39) оқушылардың калориялық оңтайлы қажеттілігін қамтамасыз ету;
Оқушылардың калория қажеттелігі олардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек (белгіленген рационда белоктар, майлар, көмірқышқылы, кальций, магний, мырыш, темір, дәрумен (А), дәрумен В1 (тиамин), дәрумен В2 (рибофлавин), дәрумен В3 (ниацин), дәрумен В6 (пиродиксин), дәрумен В9 (фолат), дәрумен В12 (цианкобаламин), дәрумен С (аскорбин қышқылы); ет, жарма, нан өнімдері, сүтқышқылы өнімдері, балық, жұмыртқа, жеміс-жидектер, дайын қораптағы бал өнімдері.
Жабдықтаушы төмендегі сусындарды ұсынуы қажет: жылы сүт, дәруменді кисель, жазғы уақытта жидектерден, қыс мезгілінде құрғақ жеміс өнімдерінен жасалған компоттар. Суық сусын ретінде қораптағы шырындар, сұйық сүтқышқылды өнімдер, қораптағы сүт өнімдерін ұсынады.
40) төмендегі есептік –тіркеу құжаттарын жүргізу керек:
1) жуу, тазалау жұмыстарын жүргізу журналы (айына 1 рет)
2) ас әзірлейтін бөліктегі тез бүлінетін тағамдардың сапасын бақылау журналы;
3) бракераж журналы;
4) С-дәрумендендіру журналы;
5) ас әзірлеу бөлігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің іріңді аурулармен сырқаттанатынын тексеру журналы;
6) перспективті мәзір;
7) тоңазытқыштағы температуралық тәртіп;
8) бұйрықтар мен нұсқаулықтар
41) оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру кестесін Тапсырыс берушімен келісіп жасау;
42) төлеуге ұсынылған есепке сай коммуналдық қызметке төлемақыны мерзімінде төлеу;
7. Әлеуетті жабдықтаушы жұмысқа жіберілгендігі туралы белгі қойылған санитарлық-эпидемиялық қорытындысы бар азық- түлік өнімдерін қорапта арнайы жабдықталған автотранспортта (жеке немесе жалға алынған) жеткізуі керек. Арнайы жабдықталған автотранспорт жүргізушісінің және өнімдерді жеткізуді іске асырушының жұмысқа жіберілгендігі туралы белгі қойылған медициналық кітапшасы болуы керек. Әлеуетті жеткізушіге санитарлы- эпидемиологиялық бақылау объектісінің қауіпсіздігі мен қолданылатын шикізат пен азық-түлік өнімдерін жеткізуде қолданылатын көлік құралының қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктеледі.
2011 жылғы 30-желтоқсандағы ҚР-ның Үкіметінің №1684 Қаулысы, оқушылардың тамақтануына жылдық орташа шектелімі.
9. Мектеп оқушыларының тамақтануын сапалы ұйымдастыру үшін әлеуетті тамақ жеткізушінің қызмекерлер құрамында кем дегенде 2 азпазшы (негізгі жұмыс орнымен), азпазшы мамандығына сай біліктілігі болуы тиіс ( № 1684 қалының 317 бөлімі, ҚР-ның Үкіметімен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық тәртібі), және тұтынушыларға қызмет көрсететін 2 жұмысшы. Барлық жұмысшылардыңжұмысқа жарамды деген медициналық кітапшалары болуы шарт. Егер әлеуетті тамақ жеткізушінің қызмекерлер құрамында технолог пен диетолог болса, ол жеткізушіге конкурс кезінде қосымша ұпай болып саналады.
10. Әлеуетті тамақ жеткізуші мектепте ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырғанда 2 апталық мәзірді аз қамтылған отбасылар мен қамқоршылықтағы балаларды назарға алуы тиіс, тамақтың құрамының құнарлылығы маңызды роль атқаратындықтан, калориясы, пайдалылығын, балалардың жас ерекшелігі ескерілуі, 1 балаға арналған бір кісілік тамақ мөлшері ережеге сәйкестендіріліп, жергілікті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орталықпен келісіледі,( № 1684 қалының 317 бөлімі, ҚР-ның Үкіметімен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережесі). Ғимараттың орналасуы, мұздатқыштармен қамтылуы, технологиялық жабдықталуы туралы ақпаратты жеткізуші «Степногорск қаласының білім бөліміне қарасты ММ «№9 А.Косарев атындағы орта мектеп»: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 7-ықшам аудан, № 5 ғимараттан ала алады.
11. Конкурсты жеңіп алған әлеуетті тамақ жеткізуші 15 күнтізбелік тәуләк ішінде ҚР-ның мүлік туралы заңына сәйкес мектеп жанындағы асхананы жалға алу туралы келісімшартқа отыруы тиіс.
12. Мектеп оқушыларымен тәрбиеленушілерін тамақтандыру Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27-шілдедегі №319 «Білім туралы» заңының 48-бабының 2-бөлімі, 6-тармағы, 5-бөліміне сай жүргізіледі. Конкурсты жеңіп алған әлеуетті тамақ жеткізуші аз қамтылған отбасылар мен қамқоршылықтағы оқушыларды және мектепке дейін мини-орталықтарда тәрбиеленушілерді тамақпен қамту барысында келесі құжаттарды басшылыққа алуы керек: 2008 жылғы 258-қаңтардаңы №64 ҚР-ның Үкіметінің қаулысының 4-тармаңы,2-тармақшасын басшылыққа алады. Ол «Тұтынушылардың қаражатын бекіту Ережесі туралы, аз қамтылған және өз-өзіне қаражатпен қамти алмайтын отбасы балаларына бөлінетін көмек қаражаты» 2,3 тарматарымен, 2000 ж.17-мамырдағы №738 ҚР-ның Үкіметінің қаулысының «Қаржылай көмекке мұқтаж азаматтарға білім алу барысында бқлінетін қаржы көлемі»; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық ережелер мен нормаларды бекіту, «Қоғамдық орындарда тамақтанудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» 12 –бұйрығын басшылыққа алып, 2003ж. 25-шілдедегі №569; ҚР СТ 1010-99 «Азық-түлік. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар.» 2000 ж.01-сәуір.; әдіскерлік ұсыныстар «Мектеп асханаларын ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру», Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік Комитетінің №98, 2008ж. 13-тамызынан; әдіскерлік ұсыныстар «Білім беру мекемелерінде ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік Комитетінің 2008ж. 26-желтоқсандағы№155 бұйрығымен бекітілген.
13. Әлеуетті тамақ жеткізуші келісімшартта көрсетілген талаптарға сай жұмыс істеіне кепілдік береді, аз қамтылған отбасылар мен қамқоршылықтағы оқушыларды техникалық тапсырмаға сайыстық тамақпен қамтуды Қазақстан Республикасының Құқық нормаларына сай «Халық денсаулығы дәне денсаулық сақтау» туралы 2009 ж. 18-қыркүйекте шыққан №193-ІVзаңы, Қазақстан Республикасының «Азық-түліктің қауіпсіздігі» туралы 2007ж. 21-шілдесінде №301 заңы, Санитарлық ережеге«Балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» (2011 жылғы 30-желтоқсандағы ҚР-ның Үкіметінің №1684 Қаулысы). «Қоғамдық орындарда тамақтанудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» (2011 жылғы 30-желтоқсандағы ҚР-ның Үкіметінің №1665 Қаулысы). «Қаржылай көмекке мұқтаж азаматтарға білім алу барысында беқітілген қаржы көлемі»; (2012жылғы 12-наурыздағы ҚР-ның Үкіметінің №320 Қаулысы) және т.б. да санитарлық-гигеналық ережелермен нормаларға, ыстық тамақпен қамтуды реттелген тәртіп бойынша, өз уақытында, іркіліссіз, толық көлемде, сапалы, Келісімшартта көрсетілген талаптарға сай өзіне жүктелген міндеттерді толығымен қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |