Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы АҚпарат



Дата01.07.2016
өлшемі62.5 Kb.
#170282




Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша 2012 жылы

атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ
Қызылорда облысы Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және алдын алу мақсатында тұрақты түрде іс –шаралар атқарылуда.

Қызылорда облысының Әділет департаментінде «Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2012 жылға арналған сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын-алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар» жоспарына сәйкес ағымдағы жылы бірқатар жұмыстар ұйымдастырылып атқарылды.

Әділет органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын алу мақсатында әділет департаментінің басшылығымен аудандарға шығу арқылы кездесулер өткізу тәжірибеленген.

Ағымдағы жылы осындай кездесулер Байқоңыр қаласы мен Шиелі, Жаңақорған, Сырдария және Жалағаш, Қазалы, Арал аудандарында өткізілді. Кездесуге әділет басқармаларының қызметкерлерімен қатар аудандардағы әділет органдарының және қаржы полициясы, «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері қатыстырылды.

Сонымен қатар, департамент басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес аудандарға шығу арқылы жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Департамент бастығымен наурыз айында Сырдария ауданында, мамыр айында Қазалы ауданында, қыркүйек айында Арал ауданында, ал қазан айында Шиелі ауданында жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Департамент бастығының орынбасары қаңтар айында Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарда және Байқоңыр қаласында жеке қабылдау жүргізді. Жеке қабылдау кезінде қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты шағымдар түспеген.

Ағымдағы жылдың сәуір айында заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында аудандық, қалалық әділет басқармаларының аталған саламен айналысатын қызметкерлерінің арасында «Нұр Отан» ХДП филиалының және құқық қорғау органдарының қатысуымен семинар өткізілді.

18 мамырында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда заң бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында облыстық прокуратура қызметкерлерінің, аудандық, қалалық әділет басқармалары басшыларының қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі жайлы семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау мәселесі ағымдағы жылдың мамыр айында департамент қызметкерлері мен қалалық, аудандық әділет басқармаларының қызметкерлері арасында өткен семинарда талқыланды.

Әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалып, аудандық, қалалық әділет басқармаларына таратылды.

Тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі тұтынушыларға сауал жүргізу және олардың пікірін зерделеу жолымен жүргізіліп тұрады.

25 қыркүйекте «Зияткерлік меншік құқығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында әділет департаменті және аудандық, қалалық әділет басқармаларында зияткерлік меншік құқығы саласымен айналысатын қызметкерлерімен семинар өткізілді.

5 қазанда әділет департаментінің бөлім бастықтары мен аудандық, қалалық әділет басқармалары бастықтарының қатысуымен күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі принциптері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптар, өтініштерді қарауды тоқтату тәртібі, шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибесі туралы мәселелер бойынша семинар өткізілді.

10 қазанда департаменттің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімі, заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімімен және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімімен облыстық Халыққа қызмет көрсету Орталығының қызметкерлері қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы семинар өткізілді.

Әділет органында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облысы филиалы және Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментімен іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, бірлескен жұмыстар атқарылып келеді.

Мәселен, ай сайын «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында қала тұрғындарына Әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша заңгерлік кеңестер беріліп, қабылдауға келген азаматтармен өз сауалдары мен сұрақтарына толыққанды жауаптар алады, аудандарға шығу арқылы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Атқарылып жатқан іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы түрде жариялануда.

Ағымдағы жылдың сәуір айында әділет органдары басшылары және «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалымен бірлесіп жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қоғамдық қабылдау шарасы жүргізілді.

2012 жылдың 29 ақпанында Шиелі және Жаңақорған аудандарында аудандық әділет басқармалары қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жайлы, 14 мамырында әділет департаменті Сырдария аудандық әділет басқармасының, «Нұр Отан» ХДП-ның Сырдария аудандық филиалының және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жеқорлықтың алдын алу-әрбір азаматтың парызы» тақырыбында семинарлар өткізілді.

2012 жылдың 23 қазанда департамент бастығының орынбасары И.Бакишевамен Қармақшы аудандық әділет басқармасының, «Нұр Отан» ХДП-ның Қармақшы аудандық филиалының қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы көріністерінің алдын-алу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2012 жылдың мамыр айының 3-5 аралығында облыс көлемінде «Әділет органдары кеңес береді» акциясы өткізіліп, онда әділет органдырының басшыларымен «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының өкілінің қатысуымен жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Әділет департаменті «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының іс-шараларына белсенді қатысуда. Мәселен, 17 тамызда «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен «2011 жыл мен 2012 жылдың жартыжылдығында Мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуы туралы» тақырыпта өткен кеңейтілген отырысқа департамент бастығының орынбасары И.Бакишева мен бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлім бастығының міндетін атқарушы Р.Қалқожаев қатысты.

22 қарашада «Нұр Отан» ХДП Партиялық Бақылау Комитетінің Төрағасы Б.Ғ.Рахымбековтың қатысуымен «Жаңғырту мен жемқорлық-үйлеспес ұғымдар» атты жемқорлыққа қарсы облыстық Форумына бірқатар әділет департаменті және әділет органдарының қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурызындағы № 308 қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 20.04.2011 жылғы № 9/292 санды тапсырмасына сәйкес 03.05.2011 жылы № 103-н санды бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының Әділет департаментінің іс-шаралар жоспары бекітіліп, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған іс-шаралары да жүргізілуде.

Жергілікті өкілді және атқарушы мемлекеттік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларына және әділет департаменті мен аудандық, қалалық әділет басқармалары белсенді қатысып отырады.

Атап айтқанда, 2012 жылғы 10 мамырда облыс әкімі төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның кеңейтілген отырысына облыстық комиссияның мүшесі - Департамент бастығы қатысты. Күн тәртібінде облыстағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы жөнінде мәселе қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша аудандық, қалалық әділет басқарма бастықтарына тарапынан қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және жолын кесуге нақты шаралар қарастыруға, жұмысқа бақылауды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, 2012 жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен (қаржы полициясы) өткізілген «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» тақырыбында конференциясында ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бастығы қатысып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бас шарттары» тақырыбында баяндама жасады.

Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауда Департамент және басқарма қызметкерлерінің арасында оқытулар ұйымдастыру тәжірибеге айналған.

Ар-намыс кодексінің мәтіні Департаментте және басқармаларда баршаға көрінетіндей жерлерге орналастырылуы қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі талаптарының сақталуы туралы аудандық, қалалық әділет басқармаларының басшыларымен және ақпан айының 29 жұлдызында Шиелі, Жаңақорған аудандарында шығу арқылы басқарма қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

14.05.2012 жылы Жаңақорған аудандық әділет басқармасы қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің 8 этикалық нормаларын» сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Әділет Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңнамасының сақталу жай-күйі департаменттің аппараттық мәжілісінде талқыланып және кезекті алқа отырыстарында қаралды.

Департаменттің 06.02.2012 жылдың аппараттық мәжіліс жиналысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қалалық әділет басқармасы АХАЖ бөлімі және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізілді.

2012 жылдың 18 мамырында әділет департаментінің кезекті алқа отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мәселесі облыстық Қаржы полициясы өкілінің қатысуымен талқыланды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 20 шілде 2012 жылғы №3 кеңейтілген алқа отырысы хаттамасының 2) тармағының 2-тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған заңдылықтардың және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтау бағытында тұрақты түрде іс-шаралар атқарылып отыр.

Аталған мәселе 31.07.2012 жылы өткізілген Әділет департаментінің кеңейтілген алқа отырысында қаралып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу және Ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.


2012 жылдың 4 қыркүйегінде Қызылорда облысының Әділет департаментінде департамент бастығының орынбасары И.Бәкішеваның төрайымдылығымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) өкілінің қатысуымен Әділет департаментінің қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылды.


Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) басқарма бастығының орынбасары С.Нарегей «Сыбайлас жемқорлықтың қатерлі салдарлары туралы» баяндамасы тыңдалып, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқықбұзушылықтар бойынша жедел видеобейнелер көрсетілді.

Қараша айында Сыбайлас жемқорлықты болдыртпау және алдын алу мәселесі бойынша аудандық, қалалық әділет басқармаларына арналған әдістемелік ұсыным дайындалып, аудандық, қалалық әділет басқармаларына таратылды.

Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын-алу және жолын кесу бағытында атқарылып жатқан әрбір шаралар БАҚ-да кеңінен насихатталып, Әділет департаменті және Әділет министрлігінің Веб-сайтына жарияланып тұрады.

Сондай-ақ, Әділет департаменті және аудандық, қалалық Әділет басқармалары тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және алдын алу мақсатында құқықтық насихат жұмыстары, яғни «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер және БАҚ-да мақалалар жариялау, теледидар, радио арқылы сұхбат беру ұдайы түрде жүргізіліп отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру және мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша заңдылықтарды насихаттау мақсатында департаменттің медиа жоспары және тоқсан сайын құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облыстық әділет департаменті және қалалық (аудандық) әділет басқармаларымен БАҚ-на шығулар мен жарияланымдар қамтамасыз етілген. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сипатында 29 мақала жарияланды. Сонымен қатар, теледидарда шығу - 2, радиода - 5, 10 дөңгелек үстел, 40 семинар мен кездесулер өткізілді.

Департаментте жеке және заңды тұлғаларға арналған сенім телефоны тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Аудандық, қалалық әділет басқармалары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында сенім телефондары және электронды мекен-жай мен байланыс телефоны көрсетілген тақтайшалар ілінген.

Үстіміздегі жылы сенім телефондары арқылы азаматтардан 300 өтініш келіп түсіп, журналға тіркеліп, қойылған сұрақтарға мамандар тиісті жауаптар берген.



Сенім телефондары арқылы сыбайлас жемқорлық әрекетіне және есірткі заттар, өзге де қоғамға қауіпті әрекеттер саласына ақпарат түспеген.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі орын алмаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет