«Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу»


 сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары»



бет4/4
Дата12.10.2023
өлшемі23.32 Kb.
#480509
1   2   3   4
«Көркем еңбек пәнінде оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды шығармашылыққа баулу»

сыныпта «Ою-өрнек жасалу жолдары» тақырыбында сабақ өткізгенімде алдымен сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлдім. Әр топқа қазақ халқының ұлттық киімдері, баспанасы ,зергерлік бұйымдарымен мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқытып үйрету мақсатында оқушыларға сұрақ қоя отырып қазақ халқының баспанасы, ұлттық киімдер,зергерлік бұйымдары барлығы дерлік ою-өрнекпен әшекейленеді деген мәтіндер бойынша топтық тапсырмалар бердім. Оқушылар сабақ барысында өз пікірлерін еркін жеткізе білуге,бір - бірін тыңдай білу мен пікірлерімен санаса білуге дағдыланды.АКТ- ны пайдалана отырып алған мәліметтерін үш тілде баяндай алды. Қазіргі таңда АКТ-ны тиімді пайдалану оқушыларымызды мына қадамдарға бағыттайды .1.Оқушы танымын кеңейтеді 2.Оқушыны ғаламтормен тиімді жұмыс жасай білуге бағыттайды . 3.Оқушының өзіне сенімін нығайтады және жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады. Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 1.оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. Оқушылардың көзқарасын кеңейтеді. Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнің де еңбек өнімінің жоғарлауы болады. Қорыта келгенде  Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.  «Ұстазы жақсының ,ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл - ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады.Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды . Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді . Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан - жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу - қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы,бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады » деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет