1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
1.1ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
-
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
-
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
-
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ –ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
(1)
Мұнда Е-жұмыс істеушілер саны./1,б/
Ол Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенство шұғылданады./2,145-146бб/
|
15жастағы және одан жоғары жастағы халық, мың.адам
|
I тоқсандағы
|
Анықтама: IV тқ. 2006ж
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж*
|
Жұмыссыз халық, мың. адам
|
661,1
|
652,6
|
624,0
|
618,7
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
8,5
|
8,2
|
7,7
|
7,7
|
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха- лық
|
204,8
|
207,2
|
152,9
|
146,2
|
16-24жас аралығындағы Жастардың жұмыссыз деңгейі
|
14,7
|
14,7
|
11,1
|
10,8
|
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі,%
|
4,8
|
4,3
|
3,5
|
3,8
|
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам
|
7102,7
|
7289,0
|
7489,9
|
7414,9
|
Жұмыспен қамтылу деңгейі,%
|
62,6
|
63,2
|
64,1
|
64,4
|
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам
|
4563,0
|
4719,4
|
4897,8
|
4811,6
|
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың.адам
|
2539,1
|
2569,6
|
2692,1
|
2603,6
|
Экономикалық белсенді халы, мың.адам
|
7763,2
|
7941,6
|
8113,9
|
8033,6
|
Экономикалық белсенді халық деңгейі, %
|
68,4
|
68,9
|
69,4
|
69,7
|
Экономикалық белсенді емес халық, мың.адам
|
3587,1
|
3582,8
|
3574,8
|
3488,5
|
Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, %
|
31,6
|
31,1
|
30,6
|
30,3
|
1-кесте - Қазақстан Республикасындағы 2005-2007жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер
Алғашқы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2007ж бірінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 7,5 млн.адам. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 200,9 мың адамға не 2,8% көп. Жұмыспен қамтылғандардың құрамында жалдамалы жұмысшылардың үлесі 64,5%-ды құраса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 34,6%. Жалдамалы жұмысшылардың негізгі үлесі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде – 81,3%-ды құрады.
Сол жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны (экономика- лық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс- сыздық деңгейі -7,7% құраған. Бұл алғашқы жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда 28,6 мың адамға немесе 4,4%-ға қысқарғанын көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер - 257,1 мың адам (41,2%),әйелдер-366,9 мың адам(58,8%)/9,www.stat.kz/
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
Анықтамалы:2006 ж I тоқсан
|
ерлер
|
әйелдер
|
Барлығы
|
Оның ішінде
|
ерлер
|
әйелдер
|
Жұмыссыз халық,мың адам
|
624,0
|
257,1
|
366,9
|
652,6
|
277,0
|
375,6
|
Жұмыссыздық деңгейі,%
|
7,7
|
6,2
|
9,2
|
8,2
|
6,9
|
9,6
|
15-24 жас аралығын дағы жұмыссыздар, мың адам
|
152,9
|
78,5
|
74,4
|
207,2
|
97,0
|
110,2
|
Жастардың жұмыссыздық деңгейі,%
|
11,1
|
10,4
|
12,1
|
14,7
|
12,7
|
17,2
|
Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі,%
|
3,5
|
2,5
|
4,6
|
4,3
|
3,1
|
5,5
|
2-кесте - 2007ж. I тоқсанындағы жұмыссыздық
Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7%-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді./9,www.zakon.kz/
1.2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЦИКЛДЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коеффицент немесе u жұмыссыздық дәрежесі, және жұмыссыздық коцеффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. Жалпы коеффицент жұмыссыздықтың топтардағы орташа өлшемді коеффиценті болады:
(2)
мұндағы салмағы – бұл нақты топқа тиісті азаматтық жұмыс күшінің үлесі
Теңестірудің көрсетуі бойынша, жұмыссыздықтың жалпы коеффиценті негізінен жұмыс күші құрамындағы әр түрлі топтарда тең келетін жұмыссыздық коэффиценттерінен құралуы немесе жасы, нәсілі және жынысы бойынша ерекшеленген топтар арасындағы жұмыссыздық коэффиценттерінде күрделі айырмашылықтарды жасауы мүмкін болып табылады/1/.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
-
фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
-
құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
-
циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
-
маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады/2,148б./.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды/4,536б./.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді/1,63 б/.
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады/4,536 б./.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды/1,64б/.
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды/2,148б/.
1.3 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК
КӨРСЕТУ
Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру/3,178-179б/.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
-
Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
-
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
-
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-
Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
-
өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
-
өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр/5,168-169бб./.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары жүргізілуі қажет/6,171б./.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді/2,156/.
2 ИНФЛЯЦИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Инфляция ерекшелігі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен өамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық”инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарла бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбататады, ал бұл дүнмежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетед.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляция ны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші болды.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.
|
2007 жылдың қазанына
|
2007 жылдың
қантар -қазанына
2006 жылдың қаңтар-қазанына
|
2007 ж қыркүйегіне
|
2006ж желтоқсанына
|
2006 ж
қазанына
|
Бралық тауарлар мен қызметтер
|
4,4
|
13,4
|
15,3
|
9,2
|
Азық түлік тауарлары
|
6,5
|
18,6
|
21,2
|
9,5
|
Азық түлік емес тауарлар
|
2,5
|
7,3
|
8,4
|
7,3
|
Ақылы қызметтер
|
4,2
|
11,9
|
13,3
|
11,0
|
1-есте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/.
1.2 Филлипстің қисық сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
И
Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру міселесін бөліп көрсеті керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.
Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.
Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.
Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті .
ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АРАҚАТЫНАСЫ
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында(қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарыла- тады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Экономикалық өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.
Инфляция өсу қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі-бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен ету мүмкін емес.
Жалақы туралы келіссөз, шын мәнінде, жұмыс алушылар мен жұмыс беру- шілер арасындағы талас: жұмыс алушылар жалақыны көтеруге, ал жұмыс берушілер әрбір өнімнің жалақы сыйымдылығына және өнім өтімділігіне қарай бағаны өсіруге ұмтылады. Осы екі талап инфляция қарқынына негативті әсер етпеу үшін, екі жақтың бөлу мәселесін шешуде тепе-теңдік құратын механизм керек. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту жағдайы осы мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесуі мүмкін, егер де жұмыс берушілер мен фирма талаптарын бір-біріне сәйкес келтіруге мүмкіншіліктер болса. Мысалы, экономика өсуінің қарқыны төмендегенде (рецессия кезінде) жалақы туралы кәсіподақ талаптары да төмендейді. Фирма да еңбек нарығындағы осы жағдаймен санасып, өнімді сату нарығындағы өзін осыған сәйкес ұстайды.
Осыны ескеріп, екі жақ талабын үйлестіргенде, инфляция қарқынын өзгертпей қалдыратын белгілі бір жұмыссыздық деңгейі бар екенін болжауға болады. Бұл тепе-теңдік жұмыссыздық не тұрақты инфляция жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі болып келеді. Оны NAIRU(Non - Accelerating Inflation Rate of Unemployment ) - инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздық деп атайды; жұмыссыздықтың бұл деңгейінде бөлу туралы екі жақ арасындағы талаптар тепе-теңдікке жетеді.
Егер екеуінің біреуі, не екеуі де өз бетімен әлеуметтік өнімге қоятын талабын жоғарылатса, онда тепе- теңдік жұмыссыздығын өсіруге әкеледі. Ал егер бұл жағдайда инфляция қарқынын тұрақты қалдырамыз десе, онда бөлу үшін күрес жоғары жұмыссыздыққа әкеледі. Мысалы, кәсіподақ жұмысшылар үшін жоғары жалақы талап етеді; ал инфляция қарқынын тұрақты деңгейде сақтап қалу үшін кәсіпкер өз үлесінен айырылуы керек. Өмірде мұндай жағдайды кездестіру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.
Жалақы деңгейіне көп фактор әсер етеді. Осыдан жалақы емес, оған қоятын талап детерминаттары жұмыссыздық себебі ретінде қаралу керек. Мысалы, кәсіп- одақтың ереуілге дайындық өжеттілігі; 1974 және 1979 жылдары Батыс елдерінде
шикізаттарға деген күрт баға өсуі нәтижесінде өнімділік өсімі баяулады, ал бұл оқиға NAIRU көтерілуіне әсер етті. Инфляцияның тұрақты өсуін сақтап қалу үшін, жалақыны төмендету керек болды, өйткені шығарылған өнім бір бөлігі ел ішінде бөлінбей, шикізатты шығаратын шетелдерге бағытталды; жалақы ел ішінде қалыптасатынына байланысты инфляция қарқынын, тек жоғары жұмыс- сыздық арқылы, тұрақты жасауға болды.Жұмыссыздық себептерн талдауда келісім, тиімді жалақы, инсайдер теорияларының маңызы зор. Мысалы, жұмыстан босаудың белгілі ықтималдығын алдын-ала ескеріп, жалақыны тұрақты өсірсе – бұл ұтымды іс болар еді. Мүмкін осы себеппен адамдар кейде жалақысы жоғары жұмыс орнын іздегеннен гөрі, қысқа мерзімді жұмыссыздықты артық көреді. Дегенмен, барлығы бір жұмыссыздық себебін табу қиын. Тиімді жалақы теориясы, ұзаққа созылған жұмыссыздық қызметкердің ұтымды шешімімен қалайша келісетінін, көрсетеді. Бірақ осыдан жұмыссыздық қызметкерлерді тәртіпке келтіреді деген қорытынды жасауға болмайды, өйткені қысымды әлсіздіретін басқа құралдар бар екенін ұмытпау керек/2,153-154бб/.
Жалақы деңгейін және күтілген инфляцияны анықтау.
Жалақы деңгейін анықтауда фирмалар мен жұмысшылар еңбек нарығының жағдайын ескереді. Өндіріс және жұмыспен қамтылу деңгейі төмен болған жағдайда, жалақы мөлшері өспейді тіпті төмендеуі мүмкін. Жалақыға байланысты Филлипс қисығы , жалақы мөлшерінін жоғарылауынан пайда болған инфляция мен өнім шығару көлемінін арта қалуының арасындағы байланысты береді. Егер жалақы мөлшерінің жоғарылауынан пайда болған инфляция қарқыны
мынадай түрде берілсе, , ал жалақыға байланысты Филлипс қисығының формуласы :
(3)
Фридман және Фелпс жалақыға арналған Филлипс қисығынын бір заттай кемшілігіне назар аударды. (3) теңдік түрінде көрініс тапқан: ол күтілген инфляцияның жалақы қойылымына деген әсерін ескермейді. Жұмысшылар номиналды (ақшалай бірлікте) жалақыға қарағанда, нақты (олар сатып алалатын тауар көлемі) жалақы мөлшеріне қызушылық танытады.
Нақты жалақы мөлшерімен алаңдаушы жұмысшылар номиналды жалақының , ол белгіленген мерзім мен берілу мерзімінін арасында күтілетін инфляцияны ескеру керектігін қалайтыны түсінікті. Бақа сөзбен айтқанда, жұмыспен қамтылу деңгейінін жалақы мөлшері жайлы келісім сөзге әсеріне қарамастан, жұмысшылар күтілетін инфляцияның өтелуін қалайды.
Ал екінші жақ ше? Неліктен фирмалар жоғарғы бағаларды күтіп отырғанда да, жалақыны жоғарылатуға келіседі. Өйткені, егерде олар өзінің тауарларын жоғарғы бағамен саталса, өздеріне жоғарғы номиналды жалақыны төлеуге рұқсат ете алады. Негізінен, жалақы мен бағалар бірдей қарқынмен жоғарылағанда, фирмалар мен жұмысшылар инфляция болмағанда және тұрақты нақты жалақы болғанда бірдей жағдайға ие болады.
Егер инфляция күтілген болса, онда Филлипс қисығы мынадай болады:(4)
мұндағы, - күтілген инфляция қарқыны. Бұл күтумен толықтырылған жалақыға арналған Филлипс қисығы, дәлірек айтқанда күтілген инфляцияны ескерген алғашқы Филлипс қисығы/4,500-501бб/.
Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмыссыздық пен инфляция қарқыны арасындағы арақатынас өзгеруде. Уақыт өткен сайын инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі бір бағытта – төмендеуге - өзгергенін көруге болады. Бірақ қаншалықты сапалы түрде инфляцияны “жүгендеуге” әрекеттер жасалғаны туралы бір жақты айту қиын/2,155б /.
2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Ифляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцины тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың діңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы 3 топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жіне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталадыру, 80 – 90 жылдары көптеген елдердің тіжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығыныңұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.
Инфляциға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерімен, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетүінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістерімен әсер етеді/,15-16б/.
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша- несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.
Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алыбақ. “Монополисттік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады.
Индустрия және сауда министірлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.
Көптеген монополисттер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді/1,5б/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Cонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.
Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика ,А -2003-Экономика баспасы
-
Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003
-
Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2002
-
Фишер С. Макроэкономика, М.-1997;ИНФРА
-
Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари,№2.2007
-
Б.Жақашев Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы, АльПари,№2.2007
-
А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56).2006
-
Статистический ежегодник.2006
-
Қазақстан Республикасының 12-ші қаңтардан статистикалық агентігінін мәліметтері, www.zakon.kz, www.stat.kz
-
Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері, -Алматы.2001
11. www.kzref.at.ua
Достарыңызбен бөлісу: |