Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат Барысы



Дата30.06.2016
өлшемі42.62 Kb.
#167906
Ана - өмір шуағы
Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат
Барысы:
Жүргізушілер ортаға шығады.

1 - жүргізуші:
Ана деген - жүректегі асыл ән,
«Ана - бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші:
Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын шашады, олай болса
- Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
- Ана
2 - жүргізуші:
«Өмірде ана - бұлақ, ана - пана
Өмірді өркендетер ана ғана»- дей келе бүгін өткелі отырған « Ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Ән: «Анашым» 3-сынып оқушысы Сандурова Елнұр.
1 - жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: «Ақ мамам» орындайтын 2-сынып оқушысы Сайранбек Айша

Скетч 4-сынып оқушылары

Мені тап ойыны. (анасының көзі жабылады, көп балалардың арасынан өзінің баласын табу.)
2 - жүргізуші:
Шырылдап жерге түскеннен - ақ біздің ең жақынымыз
1 - жүргізуші:
Ең бір досымыз.
2 - жүргізуші:
Ең бір ұстазымыз
Бірге: Ол – Ана

1 - жүргізуші:
Ананың жолы басқа
Ана деген сөздің өзі ыстық
2 - жүргізуші:
Ана десе толқымайтын жүрек
Тасымайтын қан
Сезбейтін сезім болуы
Бірге: Мүмкін емес
дей келе келесі кезекті оқушылардың әдеби монтажына береміз.
1 - оқушы:
Ана деген - адамзаттың данасы,
Ана деген - сәбилердің панасы
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың
Ана деген - өмірдегі қамқорың
Ана деген - сүйенерің жан құрбың
2 - оқушы:
Ана десе сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бір адамға берсе ана мейірім
Орнар еді бар әлемде тыныштық
3 - оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды

2 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды
Қияға қиялымен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп.
Өнерлерін ұстаз аналарға бағыштайды
1 - жүргізуші:
Мейлі бол ұлы тұлға
Мейлі жет тайсалмайтын ұлы шыңға
Ұмытпа ол ұстаздың жақсылығы
Болмайды оны мәңгі ұмытуға
Ұстаз деген - асылдың ақ сынығы
Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны
Қалықтап жетсең егер биіктерге
Ұмытпа ол да ұстаздың жақсылығы.

2-жүргізуші: Алдарыңызда шағын орталық және даярлық сынып оқушылары

Ән: «Апатайым- анашым» орындайтын 4-сынып оқушысы Мыңжасаров Темірлан.
Конкурс: Кір жаю (анасы мен қыздары шығады)
1 - жүргізуші:
Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
2 - жүргізуші:
Ақ тілеулі кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана - адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.
1-жүргізуші: Келесі кезекте көрініс. «Әже мен бала»

Алдарыңызда 2-сынып оқушыларының тақпақтары

Конкурс «Суретші» (үш ана шығып шарға баласының суретін салады)
2 - жүргізуші:
Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тарту таралғының керегі жоқ.
1 - жүргізуші:
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген. Сондықтан да бәріміз де ана алдында қарыздармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
2-жүргізуші: 1-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Ән: «Ақ мамам» 4-сынып оқушылары орындайды.
2 - жүргізуші:
Аналардан нәр алған бұл көк пен жер
Аналар деп келеді гүл көктемде.
Аналардың сүтімен ер жеткендер
Өнерлерін күйменен селт еткендер
Тамсандырар сендерді бұл қыз-жігіттер.
Би: «Дружба» орындайтын 3-сынып оқушылары.
1 - жүргізуші:
Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Мәнерлеп оқу «Менің анам»

2 - жүргізуші:
Ән шырқалар бақытымен бағымен
Ән айтылса ұйып тыңдар жанымен
Ән айтпақшы Айдана сынды қызымыз
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен
2-жүргізуші: Ән: «Ай дидарлы анашым» орындайтын 3-сынып оқушысы Сайранбек Айдана
1 - жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

2 - жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, оқушылар сіздерге арнап дайындалған « Ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.

Қызылегіс негізгі мектебі



Ана - өмір шуағы

/ертеңгілік/

Өткізген: Отебаева А.С.

Мухамеджанова Г.Е.



2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет