Сабақтың тақырыбы «Мейірімділік»



Дата09.06.2016
өлшемі49.89 Kb.
#124028
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

73 бастауыш мектеп-балабақшасының «Өзін-өзі тану»



пәнінің мұғалімі: Дарменова Ж. А.
Сабақтың тақырыбы «Мейірімділік»

Мақсаты:

- мейірімділік қасиеті жөніндегі ұғымдарын кеңейту;

- мейірімділікке баулу;

- құнды қасиетгерін дамыту.



Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап,

интерактивті әдіс.



Қажетті оқу құралдары: түрлі-түсті суреттер, үнтаспа,

шаблондар.



Сабақ барысы

1. Көңілашар сәті.

Сабақ алдында қағаздан қиылған жүректер қобдишаға салынып қойылады.

- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Ал, енді мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын.

- Қарандаршы, сендерді қандай керемет сыйлық күтіп түр. Қобдиша түрлі-түсті жүректерге тола екен. Есімізде түстерін сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен: қызыл — адамгершілік, сары — адалдық, қызғылт — мейірімділік, көгілдір - сүйіспеншілік, жасыл - әдептілік, көк - ізеттілік, жасылтым - қайырымдылық.

- Балалар, осы жүректерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүректерді аспанға ұшырады.

- Қарандаршы, қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге толды. Балалар, бұл түрлі-түсті жүректердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар? Балалардың жауаптары.

- Ондай болса бәріміз бірге мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.

Сәлем, Күн-анамыз! (қол жоғарыда)

Қуанатын күн бүгін (қол ұстасады)

Қайырлы таң! Қайырлы күн! (қол көкіректе)

Күліп шықты күн бүгін. (қол жоғарыда).

2. Тыныштық сәті. (үнтаспадан баяу классикалык әуен естіліп

тұрады)


Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлеміне саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге конып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады... Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, кандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрларын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді, балалар көздерінді аша қойындар.

Оқушылардың өзіндік пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қойылады.

- Балалар, өзіміздің жандүниеміздегі қандай өзгерістерді сезіндік?

- Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?

- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Осы әлемнен алып келген мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық. Алдарыңдағы жатқан нұр бетіне қандай мейірімділік жасайтындарыңды жазып, тақтадағы күн айналасына орналастырыңдар. (Балалар жазылған нұрларын күн айналасына жапсырады)

- Балалар, енді Күн-анамызды қалай атасақ болады?

3. Сергіту сәті

- өте жақсы, балалар!

- Сендерге сиқырлы әлем ұнады ма?

- Енді мен сендерді сергіту сәтіне шақырамын.

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан, алақан,

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денені

Қолды қатты соқ енді.

Сарт, сарт, сарт!

Тықылдатап таяқты, Ақырын бас аяқты. Жай, жай, жай!

Айтқан кезде өлеңді, Қатты басқын еденді. Тарс, тарс, тарс!



4. Әліппемен әңгімелесу.

Балалар, мен сендерге "Мейірімділік" туралы әңгіме айтып берейін.

Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді.

Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді.

- Неткен сұлу едің? - деді Күн.

- Мен бе, деді мүз?

- Тұла бойы балқьп, бірте-бірте еріп бара жатты. (Әңгіме сюжетті суреттерді көрсете отырып айтылады).

- Мұз қандай еді?

- Оны ерітуге неге адамның мейірімі жетпеді деп ойлайсыңдар?

- Мұз мейірім үшін неге су болып кетуге дайын еді? . - Мұзды ненің мейірімі ерітіп жіберді?

5. Ойын "Мейірімді перілер"

- Балалар, мен сендерді "Мейірімділік перілері" ойынын ойнауға шақырамын.

"Ертеде адамдар ұйықтау дегенді білмейтін. Олар күндіз-түні жұмыс істеп, қатты шаршайтын, сонда мейірімділік перілері көмекке келеді. Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап, қызықты түстер жібере бастады. Сөйтіп адамдар ұйықтап қалады. ұйқы мейірімділік перілерінің ісі екендігін білмейтін. Өйткені олар көзге көрінбей, адамдар сияқты сөйлей алмайтын. Сендер мұны білмейтін бе едіңдер? Олар әлі де бізге келіп тұрады, ұйқымызды күзетеді".

"Мейірімділік перілері" ойынын ойнайық. Менің оң жағымда отырғандар "Мейірімділік перілері" болады, ал сол жағымда отырғандар адамдар болады. Кейін ауысамыз. Бастайық. Түн. Адамдар үйықтауға жатады. "Мейірімділік перілері" ұшып келіп, оларды сипап, жьлы сөз айтып, ұйықтатады. Балалар-адамдар жерге жатады да, "ұйықтайды", балалар-перілер әр балаға барып, ақырын сипап ұйықтатады. (Содан соң рольдер ауысады).



6. Жүректен жүрекке.

Балалар, мен сендердің бүгінгі сабақтағы жауаптарыңа өте ризамын! Сендер бұл сабақта айналадағы достарыңа, табиғатқа мейірімді болуға, жақсылық жасауға үйрендіңдер. Осы сабақтан кейін мен сендердің мейірімді, жақсылық жасауға дайын жүретіндеріңе сенемін. Енді балалар, сабақта алған мейірім шоқтарымен қонақтармен бөлісейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет