Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150. 00-нысан) Жалпы ережелер



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#23288
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2013 жылғы «6» желтоқсандағы

№ 558 бұйрығына

17-қосымша


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»


2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:

Салық кодексінің 308-1-бабы 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды;

тек кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіруді, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысын және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (150.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (150.01-ден 150.10-ға дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда толтырылмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) қағаз жеткізгіште келу тәртібімен – нысандар екі данада толтырылып, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық еспетілігің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректері көрсетіледі.

14. Декларацияда (150.00-нысан) жер қойнауын пайдаланушының жалпы қызметі бойынша алған немесе шеккен есепті салық кезеңінің барлық табыстары мен шығыстары көрсетіледі. Бұл ретте 150.00 декларацияның табыстары мен шығыстарының 150.00.001 – 150.00.065 жолдары 150.01 және 150.02-нысандары қосымшаларының осыған ұқсас жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушының жалпы қызметі бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің есебі келісімшарттан тыс қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы мен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы ретінде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы 150.01-нысанында белгіленген тәртіпте айқындалады.

Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттан тыс қызметі бойынша корпоративтік табыс салығының сомасын 150.02-нысанда белгіленген тәртіпте айқындайды.

15. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларацияны табыс ету кезінде:

БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуы тиіс.

 

 2. Декларацияны жасау (150.00-нысан)



 

16. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) БСН – салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің атауы.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі.

4) декларация түрі.

Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

5) хабарлама нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

6) валюта коды.

Осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

7) табыс етілген қосымшалар.

Салық төлеуші табыс еткен декларацияға қосымшалардың нөмірі белгіленеді;

8) резиденттік белгісі:

А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді;

В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді;

9) резиденттік елінің коды мен салықтық тіркеу нөмірі.

Егер декларацияны Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі жасаған жағдайда толтырылады, бұл ретте:

А жолында осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

В жолында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.

10) Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерде тұрақты мекемесінің бар-жоғы.

Торкөзді Қазақстан Республикасы шегінен тыс тұрақты мекемесі бар Қазақстан Республикасының резиденті толтырады.

17. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

1) 150.00.001 жолында Салық кодексінің 86-бабына сәйкес өткізуден түскен табыс көрсетіледі;

2) 150.00.002 жолында Салық кодексінің 87-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі;

3) 150.00.003 жолында алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, туынды қаржы құралдар, оның ішінде своп бойынша табыс көрсетіледі;

4) 150.00.004 жолында Салық кодексінің 88-бабына сәйкес міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;

5) 150.00.005 жолында Салық кодексінің 89-бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;

6) 150.00.006 жолында Салық кодексінің 91-бабына сәйкес талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;

7) 150.00.007 жолында Салық кодексінің 92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;

8) 150.00.008 жолында Салық кодексінің 93-бабына сәйкес айқындалатын геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыс көрсетіледі;

9) 150.00.009 жолында Салық кодексінің 94-бабына сәйкес айқындалатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар көрсетіледі;

10) 150.00.010 жолында Салық кодексінің 107-бабына сәйкес айқындалатын жер қойнауын пайдаланушы тарату қорының қаражаттарын мақсатсыз пайдалану мөлшері көрсетіледі;

11) 150.00.011 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


14) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген егер бұрын шегерімге жатқызылмаса, бұрын негізсіз бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, сот таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімақылар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;

12) 150.00.012 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


17) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген дивидендтер және Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 18) және
20) тармақшаларына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін дивидендтер, депозит, ағымдағы шот, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты, ұтыстар бойынша сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

13) 150.00.013 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


19) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі көрсетіледі;

14) 150.00.014 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының
22-1) тармақшасына сәйкес
айқындалатын исламдық банкте орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс көрсетіледі;

15) 150.00.015 жолында Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің өзге де табыстары көрсетіледі;

16) 150.00.016 жолында жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;

17) 150.00.017 жолында Салық кодексінің 99-бабына және Енгізу туралы Заңының 3-1-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;

18) 150.00.018 жолында тауарлық-материалдық запастарды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;

19) 150.00.019 жолында 150.00.016 жолы мен 150.00.017 жолдарының сомасының айырмасы ретінде айқындалған, 150.00.018 жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған жағдайда) немесе 150.01.018 жолына азайтылған (егер бұл жолдың мәні теріс болған жағдайда) (150.00.016 – 150.00.017) ± 150.00.018) түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.

18. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 150.00.020 жолында 150.00.020 I алу 150.00.020 II қосу 150.00.020 III қосу 150.00.020 IV қосу 150.00.020 V алу 150.00.020 VI алу 150.00.020 VII алу 150.00.020 VIII алу 150.00.020 IX ретінде айқындалатын, Салық кодексінің


100-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі.

150.00.020 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (соның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) өзіндік құны көрсетіледі. Бастапқы декларацияда аталған жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

150.00.020 II жол салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші табыс еткен тарату декларациясында 150.00.020 II жолы жою балансының негізінде толтырылады;

150.00.020 III жолында салық төлеуші салық кезеңінің барысында сатып алған ТМҚ, оның ішінде өтеусіз алған, тарапты ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі. Осы жолда келтірілген деректер декларацияның 150.00.020 жолынан бастап 150.00.038 жолдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстарды қамтымауы тиіс. 150.00.020 III А бастап 150.00.020 III H дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.00.020 III А жолында салық төлеушінің есепті салық кезеңде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.00.020 III B жолында қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III C жолында жарнамалық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III D жолында консультациялық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III Е жолында маркетингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III F жолында дизайнерлік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III G жолында инжинирингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.00.020 III Н жолында басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға шығыстар көрсетіледі;

150.00.020 IV жолында:

150.00.026 жолы бойынша көрсетілетін және Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында беліленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін;

тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің бастапқы құнына енетін;

Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар ретінде танылатын;

Салық кодексінің 87-бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын кейінгі активтердің бастапқы құнына енетін қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 110-бабында сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар көрсетіледі;

150.00.020 V жолында өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.00.020 VI жолында салықтық есебі Салық кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілетін кейінгі шығыстар болып танылатын жүргізілетін жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.00.020 VII тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.00.020 VIII жолында 150.00.020 VI жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115-бабы негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.00.020 ІX жолында алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

2) 150.00.021 жолында Салық кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 150.00.022 жолында қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, ол барабар әдісін қолдануға байланысты шегерімге есептеуге жатпайды және Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағының екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатады;

4) 150.00.023 жолында 2009 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан, есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған және Салық кодексінің 100-бабы 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;

5) 150.00.024 жолында Салық кодексінің 100-бабы 14-1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 150.00.025 жолында Салық кодексінің 103-бабына, Енгізу туралы Заңның 14-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

7) 150.00.026 жолында Салық кодексінің 101-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомасы көрсетіледі;

8) 150.00.027 жолында төленген күмәнді міндеттемелер, соның ішінде Салық кодексінің 104-бабы екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын Салық кодексінің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

9) 150.00.028 жолында Салық кодексінің 105-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;

10) 150.00.029 жолында Салық кодексінің 107-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын, кен орындарын әзірлеу салдарларын жоюға жұмсалған шығыстар мен тарату қорларына аударымдар сомасы көрсетіледі;

11) 150.00.030 жолында Салық кодексінің 108-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын ғылыми-зерттеу және ғылыми технологиялық жұмыстарға шығыстар көрсетіледі;

12) 150.00.031 жолында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларды қоспағанда, Салық кодексінің 109-бабы
1-тармағына
сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;

13) 150.00.032 жолында Салық кодексінің 111-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шыққан шығыстар мен жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары көрсетiледi;

14) 150.00.033 жолында Салық кодексінің 112-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалған жер қойнауын пайдаланушының шығыстары көрсетіледі;

15) 150.00.034 жолында Салық кодексінің 113-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

16) 150.00.035 жолында Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;

17) 150.00.036 жолында Салық кодексінің 116 – 122-баптарына сәйкес жүргізілетін тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі:

150.00.036 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 10-тармағына және
120-баптың 2-1-тармағына сәйкес салық есебі жүргізілетін, «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Инвестициялар туралы Заң) сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуды берумен келісімшарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылдың
1 қаңтарына дейін және (немесе) кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша шегерімдер анықтама ретінде көрсетіледі;

18) 150.00.037 жолында Салық кодексінің 123 – 125-баптарына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 15-бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі;

19) 150.00.038 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі. Бұл жол өзіне 150.00.038 І жолын да қамтиды:

150.00.038 I жолында резидент емес заңды тұлға басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары көрсетiледi;

20) 150.00.039 шегерімге жатқызылуы тиіс сома көрсетіледі. Бұл жолға 150.00.035 І жолы немесе 150.00.039 ІІ немесе 150.00.039 ІІІ жолы көшіріледі:

150.00.039 І жолында шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 150.00.020-дан 150.00.038-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады;

150.00.039 ІІ жолында бір мезгілде 130.00-нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ететін коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 134-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.029 жолы көшіріледі;

150.00.039 ІІІ жолында Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекеме(лері)сі бар резиденттер шегерімге жатқызуы тиіс шығыстардың сомасы көрсетіледі;

19. «Табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

150.00.040 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.00.040 І және 150.00.040 ІІ жолдарының сомасын айырмасы ретінде айқындалады;

150.00.040 І жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетулердің сомасы көрсетіледі;

150.00.040 ІІ жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

20. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

150.00.041 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы


5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;

150.00.042 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын, шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.



21. «Салық салынатын табысты есептеу» деген бөлімде:

1) 150.00.043 жолында салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.01.042 және 150.02.036 жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

2) 150.00.044 жолында резидент – салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстарының сомасы көрсетіледі. 150.00.044 жол анықтамалық сипатқа ие. Бұл жол өзіне 150.00.044 І жолын да қамтиды:

150.00.044 І жолында Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыс көрсетіледі. Бұл жолға


150.08-нысаны G бағанының қорытынды мәні көшіріледі.

150.00.044 І жолының мәні салық салынатын табысты есептеуге қосылады;

3) 150.00.045 жолында Салық кодексінің 2-баптың
5-тармағына, 212, 213-баптарына, сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;

4) 150.00.046 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі есепке ала отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.01.045 және 150.02.039 жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

5) 150.00.047 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі;

6) 150.00.048 жолында Салық кодексінің 133-бабына немесе Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 150.00.048 А және 150.00.048 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.00.048 А жолында Салық кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі;

150.00.048 В жолында Салық кодексінің 133-бабы 2-тармағына немесе Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы табыстар көрсетіледі



7) 150.00.049 жолында Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүргізілетін азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 150.01.048 және 150.02.042 жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

8) 150.00.050 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына және Енгізу туралы Заңның 15-1-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 150.00.051 жолында көшірілген залалдар қосылған салық салынатын табыс көрсетіледі. 150.01.050 және 150.02.044 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

22. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 150.00.052 жолында Енгізу туралы Заңның 4-бабына сәйкес немесе Салық кодексінің 147-бабы 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы пайызда көрсетіледі;

2) 150.00.053 жолында Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 150.08-нысаны К бағанының қорытынды мәні көшіріледі;

3) 150.00.054 жолда шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығы сомасы көрсетіледі;

4) 150.00.055 жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

5) 150.00.056 I жолында алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.00.056 II жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

6) 150.00.057 жолында Салық кодексінің 200-бабына сәйкес табыстың төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

7) 150.00.058 жолында салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 150.00.058 және 150.00.051 жолдарының туындысы ретінде айқындалады:

150.00.058 I жолында Салық кодексінің 139-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. (150.01.057 + 150.02.051 II) жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.00.058 ІІ жолында Салық кодексінің 451-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының азайту сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 448 – 452-баптарында көзделген арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер толтырады. 150.02.051 ІІ жолының мәні ретінде айқындалады;

150.00.058 ІІІ жолында инвестициялар бойынша уәкілетті органмен жасасқан келісімшартқа сәйкес стандартты салық жеңілдіктерін қолдануға байланысты кемітілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.00.058 IV жолында Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы Заңына сәйкес салық төлеуші инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасасқан келісімшарт негізінде есептелген корпоративтік табыс салығына кемітуге құқылы сома көрсетіледі;

150.00.058 V жолында Салық кодексінің 151-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасының кемітілуі көрсетіледі. Салық кодексінің 150-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келетін және арнайы экономикалық аймақта қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер толтырады. Бұл жолға 150.02.051 V жолының мәні көшіріледі;

8) 150.00.059 жолында Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі;

9) 150.00.060 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:

150.00.060 І жолында 150.00.052 х 15% жолының туындысы ретінде айқындалатын 15 пайыздық ставка бойынша Салық кодексінің 199-бабы


1-тармағына сәйкес есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.00.060 ІІ жолында Салық кодексінің 212-бабына сәйкес халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

150.00.060 ІІІ жолы егер 150.00.060 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

150.00.060 ІV жолы егер 150.01.060 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

10) 150.00.061 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. 150.01.060 және 150.02.054 жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

23. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларация тапсырылған күн.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолда декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияны табыс етілген күні көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт, кен орны (кен орындар тобы, кен орнының бөлігі) бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы – 150.01-нысанын жасау



 

24. Бұл нысан Салық кодексінің 310-бабында белгіленген негізгі қағидаттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт, кен орны (кен орындар тобы, кен орнының бөлігі) бойынша корпоративтік табыс салығын есептеуі бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы ақпаратын көрсетуге арналған.

Жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарт болған жағдайда, бұл нысан әрбір келісімшарт бойынша жеке толтырылады.

25. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) келісімшарттың нөмірі мен күні. А бағанында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі көрсетіледі, В бағанында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу күні көрсетіледі;

2) кен орнының атауы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес кен орнының атауы көрсетіледі;



26. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

  1. 150.01.001 жолында Салық кодексінің 86-бабына сәйкес тауарларды өткізуден түскен табыс көрсетіледі.

  2. 150.01.002 жолында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт аясында қолданылатын, амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізуден Салық кодексінің 87-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі;

  3. 150.01.003 жолында Салық кодексінің 88-бабына сәйкес міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;

  4. 150.01.004 жолында Салық кодексінің 89-бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;

  5. 150.01.005 жолында Салық кодексінің 91-бабына сәйкес талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;

  6. 150.01.006 жолында Салық кодексінің 92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түсетін табыс көрсетіледі. Бұл жолда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт аясында тіркелген активтерді шығарудан түсетін табыс көрсетіледі;

  7. 150.01.007 жолында Салық кодексінің 93-бабына сәйкес айқындалатын геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс көрсетіледі;

  8. 150.01.008 жолында Салық кодексінің 94-бабына сәйкес айқындалатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түсетін табыс көрсетіледі;

  9. 150.01.009 жолында Салық кодексінің 107-бабына сәйкес айқындалатын жер қойнауын пайдаланушының тарату қорының қаражаттарын мақсатсыз пайдалану мөлшері көрсетіледі. Бұл жол жер қойнауын пайдаланушының тарату қорының және қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының қаражаттарын мақсатсыз пайдалану қаражаттарының сомасын қосады;

  10. 150.01.010 жолында егер бұл сомалар шегерімге жатқызылмаған болса, Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін, егер бұл сомалар бұрын шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;

  11. 150.01.011 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының
    17) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін дивидендтер және Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 18) және 20) тармақшаларына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін депозит, ағымдағы шот, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты, ұтыстар бойынша сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

  12. 150.01.012 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

  13. 150.01.013 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының
    22-1) тармақшасына сәйкес
    айқындалатын исламдық банкте орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс көрсетіледі;

  14. 150.01.014 жолында Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің өзге де табыстары көрсетіледі;

  15. 150.01.015 жолында 150.01.001-ден 150.01.014-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;

  16. 150.01.016 жолында Салық кодексінің 99-бабы 1-тармағына немесе Енгізу туралы Заңның 3-1-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;

  17. 150.01.017 жолында тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырмасы көрсетіледі;

  18. 150.01.018 жолында 150.01.015 жолы мен 150.01.016 жолдарының сомасының айырмасы ретінде айқындалған, 150.01.017 жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған жағдайда) немесе 150.01.017 жолына азайтылған (егер бұл жолдың мәні теріс болған жағдайда)
    (150.01.015 – 150.01.016 ± 150.01.017) түзетуді ескергендегі жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.

27. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 150.01.019 жолында 150.01.019 I алу 150.01.019 II қосу 150.01.019 III қосу 150.01.019 IV қосу 150.01.019 V алу 150.01.019 VI алу 150.01.019 VII алу 150.01.019 VIII алу 150.01.019 IX ретінде айқындалатын, Салық кодексінің 100-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі.

150.01.019 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (соның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) өзіндік құны көрсетіледі. Бастапқы декларацияда аталған жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

150.01.019 II жолы салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші табыс еткен тарату декларациясында 150.01.019 II жолы жою балансының негізінде толтырылады;

150.01.019 III жолында салық төлеуші салық кезеңінің барысында сатып алған ТМҚ, оның ішінде өтеусіз алған, тарапты ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі. Осы жолда келтірілген деректер декларацияның 150.01.020 жолынан бастап 150.01.037 жолдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстарды қамтымауы тиіс. 150.01.019 III А бастап 150.01.019 III H дейінгі жолдар мәндерінің сомасы ретінде айқындалады:

150.01.019 III А жолында салық төлеушінің есепті салық кезеңі ішінде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.01.019 III B жолында қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ C жолында жарнамалық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ D жолында консультациялық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ Е жолында маркетингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ F жолында дизайнерлік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ G жолында инжинирингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.01.019 IІІ Н жолында өзге де жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға шығыстар көрсетіледі;

150.01.019 IV жолында:

150.01.025 жолы бойынша көрсетілетін және Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін;

тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің алғашқы құнына енетін;

Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар ретінде танылатын;

Салық кодексінің 87-бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 110-бабында сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар көрсетіледі

150.01.019 V жолында өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.01.019 VI жолында салықтық есебі Салық кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілетін кейінгі шығыстар деп танылатын жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.01.019 VII тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын, активтердің бастапқы құнына енетін, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.01.019 VIII жолында 150.01.019 VI жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115-бабы негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.01.019 ІX жолында алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

2) 150.01.020 жолында Салық кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 150.01.021 жолында қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, ол барабар әдісін қолдануға байланысты шегерімге есептеуге жатпайды және Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағының екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатады;

4) 150.01.022 жолында есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған және Салық кодексінің 100-бабы 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;

5) 150.01.023 жолында Салық кодексінің 100-бабы 14-1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 150.01.024 жолында Салық кодексінің 103-бабына, Енгізу туралы Заңның 14-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

7) 150.01.025 жолында Салық кодексінің 101-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

8) 150.01.026 жолында Салық кодексінің 104-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер және Салық кодексінің


88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған, Салық кодексінің 104-бабы екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген міндеттемелер көрсетіледі;

9) 150.01.027 жолында Салық кодексінің 105-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;

10) 150.01.028 жолында Салық кодексінің 107-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кен орындарын әзірлеу салдарларын жоюға жұмсалған шығыстар көрсетіледі. Бұл жол өзіне тарату қорына және қалдықтарды орналастыру полигондарының тарату қорына аударымдар сомасы көрсетіледі;

11) 150.01.029 жолында Салық кодексінің 108-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын ғылыми-зерттеу және ғылыми технологиялық жұмыстарға шығыстар көрсетіледі;

12) 150.01.030 жолында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларды қоспағанда, Салық кодексінің 109-бабы
1-тармағына
сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;

13) 150.01.031 жолында Салық кодексінің 111-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шыққан шығыстар мен жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері көрсетiледi. Бұл жолға осы келісімшарт бойынша 150.03-нысанының АА және АС бағандарының мәні көшіріледі;

14) 150.01.032 жолында Салық кодексінің 112-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалған жер қойнауын пайдаланушының шығыстары көрсетіледі (коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған сәттен бастап);

15) 150.01.033 жолында Салық кодексінің 113-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының асып кету сомасы көрсетіледі;

16) 150.01.034 жолында Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;

17) 150.01.035 жолында Салық кодексінің 116 – 122-баптарына сәйкес жүргізілетін тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі:

150.01.035 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 10-тармағына және 120-баптың 2-1-тармағына сәйкес салық есебі жүргізілетін, 2009 жылдың
1 қаңтарына дейін жасалған корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуды берумен келісімшарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін және (немесе) кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша шегерімдер анықтама ретінде көрсетіледі;

18) 150.01.036 жолында Салық кодексінің 123 – 125-баптарына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 15-бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі;

19) 150.01.037 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі. Бұл жол өзіне 150.01.037 І жолын да қамтиды:

150.01.037 I жолында резидент емес заңды тұлға басқару және жалпы әкімшілік шығыстары көрсетiледi;

20) 150.01.038 жолында шегерімге жатқызылуы тиіс жалпы сома көрсетіледі. 150.01.019-дан 150.01.037-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады.

28. «Табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

150.01.039 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.01.039 І және 150.01.039 ІІ жолдарының айырмасы ретінде айқындалады

150.01.039 І жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетулердің сомасы көрсетіледі;

150.01.039 ІІ жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

29. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 150.01.040 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;

2) 150.01.041 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын, шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.

30. «Салық салынатын табысты есептеу» деген бөлімде:

1) 150.01.042 жолында салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.01.018 алу 150.01.038 қосу 150.01.039 қосу 150.01.040 алу 150.01.041 ретінде айқындалады.



Егер 150.01.042 жолының теріс (залал) мәні болса, онда бұл жол бойынша мәні 150.00.042 жолына көшірілмейді;

2) 150.01.043 жолында резидент – салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстарының сомасы көрсетіледі. 150.01.043 жол анықтамалық сипатқа ие. Бұл жол өзіне 150.01.043 І жолын да қамтиды:

150.01.043 І жолында Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыс көрсетіледі.

150.01.043 І жолының мәні салық салынатын табысты есептеуге қосылады;

3) 150.01.044 жолында Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына,
212, 213-баптарына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;

4) 150.01.045 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі есепке ала отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.01.044 жолын алып тастаумен, 150.01.042 және 150.01.043 I жолдарының сомасы ретінде айқындалады. Егер 150.01.045 жолының теріс (залал) мәні болса, онда бұл жол бойынша мәні 150.00.046 жолына көшірілмейді ;

5) 150.01.046 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі;

6) 150.01.047 жолында Салық кодексінің 133-бабына сәйкес салық салынатын табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 150.01.047 А және 150.01.047 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.01.047 А жолында Салық кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеуші салық салынатын табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі;

150.01.047 В жолында Салық кодексінің 133-бабы 2-тармағына немесе Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық төлеуші салық салынатын табысын кемітуге құқылы табыстар көрсетіледі

7) 150.01.048 жолында Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүргізілетін азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 150.01.045 және 150.01.047 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 150.01.047 жолы 150.01.045 жолынан артық болса, 150.00.048 жолында нөл көрсетіледі;

8) 150.01.049 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына және Енгізу туралы Заңның 15-1-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 150.01.050 жолында көшірілген залалдар қосылған салық салынатын табыс көрсетіледі. 150.01.048 және 150.01.049 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 150.01.049 жолы 150.01.048 жолынан артық болса, 150.01.050 жолында нөл көрсетіледі.

31. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 150.01.051 жолында Енгізу туралы Заңның 4-бабына сәйкес немесе Салық кодексінің 147-бабы 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы пайызда көрсетіледі;

2) 150.01.052 жолында Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі;

3) 150.01.053 жолында шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығы сомасы көрсетіледі. 150.01.050 және 150.01.051 жолдары мен 150.01.052 жолы туындысының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 150.01.052 жолы 150.01.050 және 150.01.051 жолдарының туындысынан артық болса, 150.01.053 жолында нөл көрсетіледі;

4) 150.01.054 жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

5) 150.01.055 I жолында алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.01.055 II жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

6) 150.01.056 жолында Салық кодексінің 200-бабына сәйкес табыстың төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

7) 150.01.057 жолында Салық кодексінің 139-бабына сәйкес айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 150.01.053, 150.01.054, 150.01.055 I, 150.01.055 II, 150.01.056 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Бұл жолдың мәні 150.00.057 І жолына көшіріледі;

8) 150.01.058 жолында Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. 150.01.050 және 150.01.057 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Бұл жолдың мәні 150.00.058 жолына көшіріледі;

9) 150.01.059 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:

150.01.059 І жолында 15 пайыз ставкасы бойынша Салық кодексінің
199-бабы 1-тармағына сәйкес есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі (150.01.058 х 15%);

150.01.059 ІІ жолында Салық кодексінің 212-бабына сәйкес халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

150.01.059 ІІІ жолы егер 150.01.059 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

150.01.059 ІV жолы егер 150.01.059 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

10) 150.01.060 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. 150.01.057, 150.01.059 I және
150.01.059 II жолдарының сомасы ретінде айқындалады. Бұл жолдың мәні 150.00.061 жолына көшіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет