Көш басшы Ойын ережесі бірінші кезең БӘйге



Дата15.06.2016
өлшемі75 Kb.
#137179
Көш басшы

Ойын ережесі

БІРІНШІ КЕЗЕҢ
БӘЙГЕ

Алты адам қатысады.


1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.
3. Жауап дабыл түймешесін басу арқылы беріледі.
4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
6. Компьютер ұпаймен қатар әр ойыншының жауап беруге жұмсаған уақытын да тіркеп отырады. Екінші турда тақырып таңдау кезегі бірінші турда жиналған балл мөлшеріне тікелей байланысты. Егер ұпай саны тепе-тең болатын болса (кезек  дұрыс жауап беру үшін ойыншы жұмсаған уақыт бойынша белгіленеді), артықшылық жауап беруге уақытты аз жұмсаған ойыншыға беріледі.

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
ПОЛИГЛОТ

Алты адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады.  Екінші турда сұрақ әр ойыншыға жеке қойылады.


1. Қатысушыларға шартты тұрде екі блокқа бөлінген 12 тақырып ұсынылады. Компьютер түймешесін басу арқылы ойыншы кездейсоқтық жолымен блоктағы тақырыптың бірін таңдайды.  Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  бір балдан қосылып отырады.
3. Сұрақ экранға шығады және жүргізуші дауйыстап оқып береді.  Ойыншы экранда сұрақ көрінгеннен кейін дереу жауап бере алады, бұл жағдайда сұрақты дауыстап оқу үзіледі.
4. Әр сұраққа жауап беру үшін 8 секунд уақыт беріледі. Бұл уақыт өткеннен кейін жауап қабылданбайды.
5. Жауап ауызша беріледі.
6. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.  Егер жиналған ұпай саны тепе-тең болатын болса, жауап беру үшін барынша аз уақыт жұмсаған ойыншыға артықшылық беріледі.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
КӨКПАР

1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.


2. Қатысушылар алдына электронды тақтайша қойылады, ол 20 сектордан тұрады, табло әрқайсысы бес сектордан тұратын төрт тақырыпқа бөлінеді.  Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырынулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, жүргізуші дабыл түймешесін басқаннан кейін, оның қарсыластары өз кезегінде дабыл түймешесін басу арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.

ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
ОВЕРТАЙМ

Ойын жеңімпазын анықтау мақсатында өткізіледі (егер үшінші турда екі немесе үш ойыншы бірдей ұпай жинаған болса).


1. Ойыншыларға 1 бейнесұрақ қойылады (бейне көрсетіліммен қойылатын ауызша сұрақ). Сұраққа жауаптың үш нұсқасы ұсынылады. Ойыншылар ойын пультіндегі сәйкес түймешені басу арқылы дұрыс жауапты көрсетуге тиіс. Бірінші болып дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз болып саналады.
2. Егер олардың екеуі (үшеуі) де қате жауап беретін болса немесе жауапты бір мезетте берсе (теория жүзінде бұл мүмкін емес) ойыншыларға келесі сұрақ қойылады.  Жеңімпаз анықталғанша ойын осылай жалғаса  береді.

Мақсаты : Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейту.Логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту. Қабілетті, дарынды балаларды көрсету. Олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу. Барлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

І-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті жанкүйерлер, көрермендер, ұстаздар!. «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін- азаттық пен білім қажет,»-деп ғалым Шоқан Уалиханов айтқандай еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін атап өтіп отырған бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат- халықтың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ иелері жастарымыз білімді, парасатты болу қажет.

2-жүргізуші. Ана тілім қасиетті өз тілім,

Тілім үшін шаттанамын мен бүгін,- деп ана тілімізге деген қошеметімізді «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны арқылы көрсетейік.Ойын төрт кезеңнен тұрады.

1-кезең «Бәйге»,

2-кезең «Тапқыр болсаң шешіп көр» ,

3-кезең «Бір сөзбен айтқанда»,

4-кезең «Әзіл аралас сұрақтар».

1-жүргізуші. Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық..

7 «А» сынып оқушылары Жадыра мен Альфия


7 «Ә» сынып оқушылары Абзал мен Ысмайыл,

7 «Б» сынып оқушылары Еркежан мен Сандуғаш,

7 «В» сынып оқушылары Сания мен Мадина

2-жүргізуші. Әділ қазылар алқасымен танысайық..


1-жүргізуші. 1-кезең. «Бәйге»

1. Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин) 7„А“ сынып

2.„Өнерлі жігіт“ мәтіні кім туралы? (Әбу Насыр әл Фараби)

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Аубакиров)

4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)

5. Бір тәулікте не бар? (Сағат)

6. Аяқ саусақтарымен билейтін би. (Балет)

7. Ит үреді, сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді,ал қой ше? (Маңырайды)

8. Жаздан кейін не келеді? (Күз)

9. „Апар“ қандай сөз? (Біріккен сөз)

10. –ым,-ім, -м жалғаулары қай жалғау? (Тәуелдік жалғау)
1. Қазақтың ұлы ақыны кім? (А. Құнанбаев) 7„Ә“сынып

2. Экватор, синтаксис, метр, ғасыр қандай сөздер? (Термин)

3. Қазақстанда тіл мерекесі қай күні тойланады? (22-қыркүйек)

4. Адамда неше саусақ бар? (Жиырма)

5. Жүз жасаған қазақ ақыны кім? (Жамбыл)

6. 12 жылда қайталанатын жас (Мүшел жас)

7. Мұсылмандар діні (Ислам)

8. Бір жылда 12 не бар? (Ай)

9. Сиырдың төлі ( Бұзау)

10. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (Бастауыш, баяндауыш)




  1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42) 7„Б“

  2. Екінші рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

  3. Жүз жыл (Ғасыр)

  4. Дауысты дыбыстардың саны қанша? (12)

  5. „Биік“ сөзінің антонимін ата (Аласа)

  6. Астана қаласының символы (Бәйтерек)

  7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі (Түбір)

  8. Біздің пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

  9. „Таза бұлақ“ кімнің әңгімесі? (Ы. Алтынсарин)

  10. Қазақ даласындағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)




  1. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр) 7 „В“

  2. Әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы (Оркестр)

  3. Қазақ алфавитінде М әрпінен кейін қандай әріп келеді? (Н)

  4. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

  5. Күнге ең жақын планета (Меркурий)

  6. Үшінші нота қалай аталады? (Ми)

  7. Қазақстанда Конституция күні қашан тойланады? (30 тамыз)

  8. Буын түрлерін ата. (Ашық,тұйық. бітеу)

  9. „Ғылым таппай мақтанба“ кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)

  10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (Жұрнақ)


2-кезең. «Тапқыр болсаң шешіп көр»


  1. Тазы жүгіртіп, құс салып,аңшылық құрған Алмас есімді бір жігіт әрі мырза болса керек. Ол аңнан қайтқан кезде, алдынан шыққан кісілерге қалағанынша шыралғы беретін болыпты. Осындай аңнан кештеу оралған сәтінде әкесі алдынан шығып:

-Балам, таң азаннан кеткендегі олжаң осы ма?-деп, қанжығадағы қояндарды азырқана сөйлепті. -Әлде тазыңның салымы болмады ма?

-Тазымда кінә жоқ, - дейді баласы. –Бүгінгі шыралғы сұраушылар көп болды. Әуелгі сұрағанға -әр жетінің бірін,одан кейінгісіне қалған қояндардың алтысының бірін, одан кейінгісіне әр бестің бірін, одан кейінгіге әр төрттің бірін беріп келдім.Әкесі қанжығадағы үш қоянды шешіп жатып: „Ә, солай ма!“ –деп, үйге қарай аяңдай беріпті. Үйге жеткенше баласының барлығы қанша қоян алғанын, төрт кісіге қанша бергенін есептеп те үлгерді.

Айыбы қолыңда ұстаған қояның болмағаны болмаса, сен де есептей аласың. Кім шешеді? (Әр жетінің бірі)


  1. – Есік алдындағы қалың түскен қарды арырақ күреп тастайық. Күн жылынса, былғаныш болар, - деді тәрбиеші ағай.

Осынша қалың қарды қалай күреп бітіреміз, - деп күбірлесті балалар алғашында. Жабылып келіп кірісіп еді, қалай біткенін өздері де байқамай қалды. Тәрбиеші тұрып осы орайда бір мақал айтты. Ол не деген мақал?

(Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Көз қорқақ, қол батыр.)


  1. Сыныптас достары Беріктің үйіне келсе, ол радиоқабылдағышын жөндеп жатыр екен.

    • Біз де көмектесейік! – деді оған жолдастары. Оны Беріктің әжесі де мақұл көрді, бірақ Берік: - Өзім де білемін! – деп көнбедіЖолдастары кетіп қалған соң қанша айналдырса да жөнге келтіре алмаған Берікке әжесі ренжіп, мақалдап ақыл айтты. Ол не деген мақал екенін ойлаңдаршы!

(Өзің білме, білгеннің тілін алма)

  1. Біреу қасапқа жылқы соятын көрші-қолаңына хабарлайды. Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, жылқы иесі сәл ойланып қалды: «Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем, онда үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға жетпейді. Енді қандай амалын табайын?»

Сонда ет алуға келгендер неше адам? (9)


  1. Қария кішкентай немерелеріне ескілікті бір әңгімені айтады.

«Әкесі, - деді ол, - жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған бір тиын беріп, үш нәрсе әкел», - депті.

Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.

Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, - депті әкесі.

Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті баласы.

Қалайша үшеу? – деп сұрапты әкесі таңданыпү

Лұқпан әкесінің сұрағына не деп жауап берді екен? (Дәні, суы, қабығы)



  1. Бір өзен ағып жатыр. Бергі жағада бала тастардың үстінде отыр. Арғы жағада алма ағашы өсіп тұр. Онда маймыл отыр. Бала қайткенде судан өтпей алманы жинап алады?

  2. Бір сұлу қызға екі жігіт құда түседі. Қыз оларға: «Кімнің аты соңынан келсе, соған барамын», - дейді. Төбенің басына барған екі жігіт аттарымен жүре алмай, бір орында тұрып қалады. Қастарынан өтіп бара жатқан бір адам оларға ақыл айтады. Сол уақытта әлгі екі жігіт біріне-бірі қарамай шаба жөнеледі.

Ол адам қандай ақыл айтты екен? (Аттарын айырбастау)

  1. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар,

Жалпы қарауындағы әріптері

Құрамындағыдан алты есе көп. (Алфавит)



  1. Бір ақынның атында

12 әріп, 4 буын

Төртеуі де бітеу буын.

Мұна тауып, кәнеки

Айтар екен кім бұрын? (Сұлтанмахмұт)



  1. Бір күні жануарлар қандай тағам дәмді деп, таласып қалыпты. Сөзді ала сиыр бастапты:

    • Шіркін, сүрлем мен құрама жемге не жетсін? Солардан дәмді бірде-бір дәмді тағам болмаса керек.

Сонда қой маңырап жібереді:

    • Иә, құрама жем мен сүрлем жақсы-ақ. Бірақ көк майса шөп болса, одан да жақсы-ау!

    • Бәрінен де арпа мен сұлы дәмді емес пе? – дейді жылқы – күтір-күтір шайнасаң, дәмі аузыңнан кетер ме?

    • Жоқ , сендер таба алмадыңдар, сүт пен еттен дәмді ештеңе жоқ, - деді мысық. Бұған иттің ызасы келді.

    • Сен босқа көкіме! – дейді – ненің дәмді екенін мене сұра: сүйек дегенді білетін бе ең? Кемік сүйектен дәмді ештеңе жоқ!

Ал осы әңгімеге түйе қосылса, нені мақтар еді? (Тікен)

  1. Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауыссыз, дауысты дыбыстар)

3-кезең. «Бір сөзбен айтқанда»


  1. Келісім беру (Келісу)

  2. Уәде беру (Уәделесу)

  3. Басымнан шығып кетті (Ұмыту)

  4. Секем алу (Сезіктену)

  5. Бармағын тістеу (Өкіну)

  6. Құлақ аспау (Тыңдамау)

  7. Іші пысу (Зерігу)

  8. Арасынан қыл өтпейді (Тату)

  9. Көз аларту (Қорқыту)

  10. Арасына от жағу (Араздастыру)

  11. Бетінен оты шығу (Ұялу)

  12. Ақымақ қылу (Алдау)

  13. Қызыл кеңірдек болу (Дауласу)

  14. Ит өлген жерде (Алыста)

  15. Аузын бұлтиту (Өкпелеу)




  1. Тамырына балта шабу (Құрту)

  2. Екі қолын төбесіне қою (Безу)

  3. Ат тонын ала қашу (Безу)

  4. Бір шыбықпен айдау (Билеу, бағындыру)

  5. Құлақ етін жеу (Мазалау, мазасын алу)

  6. Бас қосу (Жиналу)

  7. Бір ауызды болу (Ынтымақтасу)

  8. Сойып қаптағандай (Ұқсау)

  9. Құлағына тимеу (Естімеу)

  10. Аузынан қалу (Тию)

  11. Қабағы ашылу (Көңілдену)

  12. Қабағынан қар жауу (Көңілсіздену, ашуланы)

  13. Қолы ашық (Береген)

  14. Түйені түгімен, биені бүгімен жұту (Жемқор, парақор)

  15. Ініне су құю (Қудалау)




  1. Қолды аяққа тұрмау (Қатты мазасыздану)

  2. Көмейіне тас тығылу (Үндемей қалу)

  3. Қырғи қабақ болу (Араздасу)

  4. Мұрнының астындағыны көрмеу (Көрмеу)

  5. Құлақ тігу (Тыңдау)

  6. Көзі тоймау (Қанағатсыз, тойымсыз)

  7. Аузына құм құйылу (Үндемеу)

  8. Қарасы өшу (Жоғалу, құру)

  9. Тілі бармау (Айта алмау)

  10. Көкейіне қону (Ұғыну, түсіну)

  11. Тостағанын жуу (Жылау)

  12. Кенеше жабысу (Қадалу)

  13. Жұлдызы қарсы болу (Өш болу)

  14. Күлін көкке ұшыру (Жойып жіберу)

  15. Қол жұмсау (Ұру)




  1. Қолтығына су бүрку (Жел беру)

  2. Зәресі ұшу (Қорқу)

  3. Көз шырымын алу (Көз ілу)

  4. Үріп ауызға салғандай (Әдемі, көркем, сұлу)

  5. Қой аузынан шөп алмайтын (Жуас, момын)

  6. Өкпесін қолына ала жүгіру (Қатты, тез)

  7. Жерге кіріп кете жаздау (Ұялу)

  8. Жерден алып, жерге салу (Ұрысу)

  9. Көзге тартса көргісіз (Қараңғы)

  10. Төбесі көкке жеткендей (Қатты қуану)

  11. Зәресі зәр түбіне кету (Қорқу)

  12. Жаны мұрнының ұшына келу (Қатты қорқу)

  13. Екі аяғын бір етікке тықтырту (Қатты састыру)

  14. Мұрнынан шаншылып жүр (Қатты шаршау)

  15. Жүрек жұтқан (Батыл)

Қосымша:


  1. Саусақпен санағандай (Аз)

  2. Құйып қойғандай (Шап-шақ)

  3. Ішек-сілесі қату (Қатты күлу)

  4. Аспанмен таласқан (Биік)

  5. Құлаққа ұрған танадай (Тып-тыныш)

  6. Бармағын тістеу (Өкіну)

  7. Иегі-иегіне тимеу (Дірілдеу, мұздау, тоңу)



4-кезең. «Әзіл – аралас сұрақтар»


  1. Білгенің қанша? Білмегенің қанша? (Білгенім бір тоғыз, білмегенім 99)

  2. Адамның қай мүшесі қорқақ? Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

  3. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма)

  4. Қандай кілт аспанда болады? (Кісідегінің кілті аспанда)

  5. Неден не жаман? (Олақтан салақ жаман)

  6. Тауық түс көре ме? (Тары кіреді)

  7. Адамда арқау бола ма? (Ас – адамның арқауы)

  8. Қандай бас аяққа тыным бермейді (Мисыз бас)

  9. «Әдепті бала арлы бала», ал әдепсіз бала ше? (Сорлы)

  10. Неменеге өкпелеп жүргенде, не шықты? (Мұртқа, сақал)

  11. Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? (Ер 1 рет, қорқақ 1000 рет)

  12. Көрдім деген неше сөз? Көрмедім деген неше сөз? (Көп сөз, бір сөз)

  13. Қайтсең, тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)

  14. Кімге жан жуымайды? (Жатқанға)

  15. Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады? (Түйеші)

  16. Қалжыңға бас қосылса, әуеске қой қосылса, қандай түбір болады?

  17. (Қалжыңбас,әуесқой)

  18. Күнбағардың түбірі нешеу? (Күн+бақ)

  19. Есімше тұлғалас жеміс пен көкөністі ата. (Бүлдірген, қияр)

  20. Өзенде, көлде, теңізде, мұхитта қандай тас болмайды? (Құрғақ)

  21. Жұмыртқа қай кезде тәтті болады? (Піскен)

  22. Қара мысық үйге қай кезде оңай кіреді? (Есік ашық тұрғанда)

  23. Егер ақ орамалды Қызыл теңізге салсақ, не болады? (Су)

  24. Тарелкада бес алма болды. Біреуін Асқарға, біреуін Ахатқа, біреуін Сәулеге, біреуін Ерікке, біреуін Жанарға бердік. Тарелкада не қалды? (Ауа)

  25. Жыл он екі айдың 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Ақпан)

  26. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағдан қатар тұрса, бірінші қайсысын тұтатар едің? (Сіріңкені)

  27. Қандай бала сүйкімді? (Өнерлі бала)

  28. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

  29. Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе, көл болар)

  30. Өтірікші кімді алдайды? (Өзін-өзі алдайды)

  31. Ойна десе, ойынның несі түсіп қалады? (Ы)




  • Осы төрт кезеңнің ұпай сандарын есептеп жеңімпаздарды анықтау әділқазыларға беріледі. Сөз кезегі қонақтарға беріледі.

  • Жеңімпаздарды анықтау, жариялау, марапаттау сәті.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет