Қосымшаның қазақ тілінде екі түрі бар: бірі — жұрнақ, екіншісі — жалғау.
Сонда:
ЖҰРНАҚ
Жұрнақ сөзін түсіну үшін мына екі сөз тобына көңіл аударайық:
Бірінші топтағы су сөзі — заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, бұған -шы, -сын, -лық, -ат төрізді сөз белшектерін қосқанда, одан |төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық үғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сөздердің де су сөзі — заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, ал бұдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса, сөздері қимылдық ұғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін — сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жұрнақтар дейміз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сөздеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мұнда алғашқы сөздер мағынасының сәл ғана үстеме мағынамен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.
Демек, жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз, бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін сөз бөлшегін жұрнақ дейміз.
Ескерту. Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін жұрнақтарды айтамыз. Мысалы: білім, кеспе, малшы, ұйтқы, үйшік, әкелік дегендердегі -ім, -пе, -шы, -қы, -шік, -лік жұрнақтары мағына жағынан да, тұлға жағынан да біртұтас. Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар бар, ондай жұрнақтар құранды жұрнақтар делінеді. Мысалы: жайшылық, басыңқы, түрғылықты, құранды дегендердегі -шы, -лық; -ың, -қы; -ғы, -лық, -ты; -а, -н, -ды мағына жағынан бір бүтін болғанымен, құрамы жағынан әркелкі жұрнақтардан бірігіп жасалған (жай-шы-лық, бас-ың-қы, тұр-ғы-лық-ты, құр-а-н-ды).
Кейбір жұрнақтар бірен-саран сөздерге ғана жалғанады да, көп сөздерге жалғанбайды. Мұндай жұрнақтар өнімсіз жұрнақгар делінеді. Олар мысалы, қумайт, шөлейт сөздеріндегі -айт, -ейт жұрнақтары.
Көптеген сөздерге жалғана беретін жұрнақтарды өнімді жұрнақтар дейміз. Мысалы, жұмысшы, айтар, оқулық дегендердегі -шы, -ар, -лық — өнімді жүрнақтар.
Сонымен бірге омоним жұрнақ деген де жұрнақтың түрі бар. Мысалы, мал-шы, егін-ші сөздеріндегі -шы, -ші жұрнақтары зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақтарға жатады. Сол сияқты –қ жұрнағымен келген сөздерді өзара салыстыруға болады: сұра-қ, ашы-қ, т. б. Жұрнақтар төл жұрнақтар және кірме жұрнақгар болып та болінеді: Қазақ тілінің байырғы өз тіліндегі жұрнақтарды төл жұрнақтар дейміз. Мысалы, -шы, -лық, -ла, -ле, -сы, -сі, т. б. Ал басқа тілден енген жұрнақтарды кірме жұрнақтар деймііз. Мысалы: -паз (әсемпаз, өнерпаз), -қор (пәлеқор), -хана (шебер-хана), т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |