Көшпелілер немесе дала өркениеті/КӨшпелі қОҒам эволюциясы көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата28.05.2024
өлшемі463.6 Kb.
#501979
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ҮМ 3.5 Көшпелі өркениетін зерттеу



КӨШПЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ/КӨШПЕЛІ ҚОҒАМ 
ЭВОЛЮЦИЯСЫ 
  
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала 
өркениеті - түркі тектес 
халық
тардың, соның ішінде қазақтардың материалдық 
және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің 
қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында 
өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар 
қалыптасты. 
Америка
 тарихшысы 
Л.Морган
(
1818
-
1881

мен 
Ф.Энгельс
 оны 
адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық 
— "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл 
термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз 
жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. 
Еуропаға
 әсіре табынушы 
кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын 
түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) 
жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар 
Алтайдан
 
Карпат 
тауларына
 дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен 
түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылықпен қарап, "тарихи дамудан 
тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-
өрбу негізі, географиялық-табиғи аясы далалық болып саналатын, көшпелі 
шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз 
емес. Белгілі орыс археологы, академик А.П.Окладников (
1908

1981
) зерттеу 
еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті 
шығысқа қарағанда батыспен тығыз байланыста болған сияқты", – деп 
атап көрсеткен. 
Ә.Марғұлан

К.Ақышев

К.Байпақов
, т.б. ғалымдар "көшпелілер 
өркениеті" 
атауын 
жиі қолданса, 
Л.Н.Гумилев, 
О.Сүлейменов
 б.з.б. ІХ ғасырдан б.з. ХІ ғасыр аралығында көшпе
лілер мәдениетінің өрлеу дәуірі, 
Жерорта теңізі
 жағалауы және Қиыр Шығыс 
елдерімен салыстырғанда «жасампаздық эволюцияны» бастан өткергенін 
дәлелдеді. 
Соның 
нәтижесінде 
кеңестік 
тарихнама жоққа 
шығарған 
Еуразия
 кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс, ғылымға "Дала 
өркениеті" – деген атпен ене бастады. Оның әлемдік өркениетке қоскан үлесіне 
үндінің саяси қайраткері 
Д.Неру
 "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде әділ 
баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан 
кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, 
Азия
ның 
жалғасы сияқты. Ал тарихты оқитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір 
кезеңде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді. Еуропаны жермен-жексен 
еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан 
арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, 
жаппай қоныстанды. 
Еуропа
 ұзақ уақыт 
Азияның
 отары сияқты болды» - деп 
атап көрсетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет