Глоссарий:
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-
экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.
"Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді, қазақтардың өз түсінігі
бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер.
Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы
жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды, сол үш
ұлдан үш жүзді таратады.
Потестарлық билік жүйесі дегеніміз — таптық қоғамға дейінгі және
таптық қоғамның бастапқы сатысында сақталатын дәстүрлі билік жүйесі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-
гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж.
Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.