Коучинг жоспары. Тақырыбы: «Шебер мұғалім-сапалы сабақ» Өткізгендер: Б. Темирбаева-Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, мектеп тренері «педагог-зерттеуші»



Дата03.05.2024
өлшемі21.52 Kb.
#500408
түріСабақ
Коучинг жоспары Шебер мұғалім


Коучинг жоспары. Тақырыбы: «Шебер мұғалім-сапалы сабақ»
Өткізгендер: Б. Темирбаева-Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, мектеп тренері «педагог-зерттеуші»



Коучинг тақырыбы

Мақсаты

Нәтижелері

Қамтылған модульдер мен сұрақтар

Ресурстар

Шебер мұғалім-сапалы сабақ

Шебер мұғалім, сапалы сабақ тақырыбы аясында пікір алмасу, ой бөлісу.

- мұғалімдер топпен жұмыс жасайды
- өз ойларын ортаға салады



1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)
2.Сыни ойлауға үйрету
3. Бағалау
4. Көшбасшылық
Ашық және жабық сұрақтар

Таныстырылым
Интерактивті тақта
Постерлер
Стикерлер



Коучинг барысы

Кезеңдер

Уақыты

Коучердің іс - әрекеті

Тыңдаушылардың іс - әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Қатысушыларды топқа бөлу
1 «Гүл» тобы
2 «Күн» тобы

Қатысушылар гүлдестелері мен күн шапақтарын таңдап алып, әрқайсысы өз аттарын жазып, гүл мен күн бейнесін шығарады.

Гүлдестелері, күн шапақтары

«Сұрақ-жауап» айдары

10 минут

«Еліміздің ертеңі — білімді ұрпақтың қолында, білімді ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында — демекші құрметті мұғалімдер дамыған елдің қатарына қосылуымыз үшін білімді ұрпақты дайындау үшін мұғалім қауымы шебер болу керек деген ойдамын
І. Амандасу тренингі
Күлкі бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз
Қол бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз
Күн бейнеленсе, жақсы ықыласпен сәлемдесеміз
Жүрек бейнеленсе құшақтасамыз


ІІ. «Шаттық шеңбері»
Мұғалімдер шаттық шеңберіне тұрып, «Сіз кеше отбасында немесе жұмыс орныңызда қандай жағымды сөз естідіңіз?» деген сұраққа жауап береді. Тек қана 1-3 сөйлем айту керексіз. Енді осы сөзді естігендегі эмоцияңызды көрсетіңіз

«мұғалімдер тренингке белсене қатысады

Суреттер, қалақшалар

Топпен жұмыс:

10минут

1 топ: «Шебер мұғалім қандай болуы керек?»
2 топ: «Сабақ сапалы болу үшін не істеу керек?»

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғайды.
1 топ «Мұғалім моделін» құрады
2 топ «Табыс сатысын» құрады

Постерлер, флипчарттар









«Ойлан, тап!» ойыны. «Мұғалімге тән қасиеттер»

  1. Мұғалім қандай болса, _____ сондай болмақшы

  2. Нағыз шебер өз шәкіртіне _____ білдіреді

  3. Барлық адам шебер болу үшін көп _____, көп еңбек ету керек

  4. Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, _____, ізденудің нәтижесі.

  5. Бүгінгі мұғалім –сабақты ұйымдастырушы, ______

  6. Шығармашыл мұғалім мектептің жүрегі, оқушыларына әрдайым ________




Қатысушы топтар бос орынға қажетті сөздерді табады

  1. Мектеп

  2. Сенім

  3. Оқып

  4. Үйрену

  5. Зерттеуші

  6. Шамшырақ




Wordwall онлайн сервисі

Рефлексия

5 минут

«Тілек» айдары
1 топ:
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!
2 топ:
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Шәкірттердің ықыласына бөленіп,
Арта берсін әрқашан мерейіңіз!



Топтарға тілектер жазылған парақшалар таратылады. Қатысушылар өздеріне жазылған тілектерін оқып, ой-пікірлерін білдіреді

Стикерлер, смайликтер


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет