Көз жасын төккен хатты кім жазған?



Дата23.02.2016
өлшемі107.26 Kb.
#8659
Көз жасын төккен хатты кім жазған?
2007 жылы Мәскеудің Әскери-тарихи (Военно-исторический) мұрағатынан мына төмендегідей хат табылды. Ол 1878 жылы 23 маусымда соғыс Министрінің атына жазылған. Оны жазған адам өте сауатты жан. Өз аты – жөнін көрсетпеген. Кім? – деп ойлаған дұрыс. Бұл хатпен бұрын ешкім таныспаған. Кейбір жері өшуге айналған. Ғалымдарға, әрі қазақ халқына қажет құжат деп есептеп көшіріп алдым. Оны орыс тілінде жазылған қалпында беріп отырмын. Кім жазды? – деп ойлайсыздар. Менің жорамалдауым бойынша бұл хатты жазған Ыбырай Алтынсарин.

Осы хат арқылы Ресей Империясының қазақ халқына мұжықтары мен казактары арқылы қандай қысымшылық көрсеткенін анық көреміз. Өз жерімізге өзіміз қожа бола алмағанымызды дәлелдейді.

Бұл хатты орыс тілінде берейін.

Болатбек Нәсенов,

1999 жылдан тарих зерттеуші, 12

томдық энциклопедиялық қазақ

халқының тарихына арналған

кітаптардың авторы, Семей Шәкәрім

және Әуезов атындағы университеттердің

құрметті профессоры.


Алматы, 12, Шагабутдинова, 71-22

Тел: 8-727-399-92-11




Военно-исторический архив г.Москвы.

Фонд 1099

Опись 1

Дело 163


Записка

без подписи (киргиз) с критикой проекта военного Министра об отводе земель киргизам в Тургайской области.

23 мая 1878 г. на 2 листах
Ознакомлены: нет.

Стр. 1. Издревле киргизы нынешней Тургайской области владели землями, или ныне населяемыми съ каковыми они и приняли русское подданство въ 1732 году. Часть этихъ земелъ по Высочайшему повелению 1835 года была причислена къ территории Оренбургского казачьего войска съ оставлениемъ на нихъ киргизъ, там проживавшихъ. Поводомъ къ этой меръ послужили волнения въ киргизской степи, въ которыхъ однако же районные киргизы не принимали никакого участия, неизменно сохраняя верность и преданность своему Государю и Отечеству, за что въ свое время они потерпели много обидъ и претеснений со стороны своихъ же неблагонамеренныхъ соплеменниковъ. Съ течением времени землепользование киргизъ и казаковъ, какъ через полосное стало порождать много недоразумений и повело къ утрате между сторонами, добрыхъ соседскихъ отношений. Для устранения этихъ неудобствъ, по приказанию бывшаго Оренбургского генералъ-губернатора, была назначена въ 1874 году комиссия изъ представителей войскового и областного начальствъ, которая пришла къ убеждению что для проснаго поземельного устройства киргизъ новолинейнаго района необходимо, въ интересахъ какъ киргизъ, такъ и самихъ казаковъ: а) Отделить ихъ друг отъ друга непрерывной границей, хотя бы и извилистой, которая связывала бы киргизъ со степью и представляла бы имъ свободное перекочевание во время лета къ своимъ одноплеменникамъ; б) Отвести районнымъ киргизамъ для пользования въ эту полосу сопредельную съ киргизской степью, до одного миллиона десятинъ, и в) Присоединить эту землю къ государственнымъ землямъ Тургайской области. При этомъ комиссии заключила, что, при такомъ лишь урегулировании надела, условия быта районныхъ киргизъ не подвергнутся никакимъ насильственнымъ изменениямъ и судьба ихъ хозяйственнаго и общественнаго устройства не будетъ разобщена съ судьбой степныхъ соплеменниковъ, а войсковая территория, хотя и отделиться новой границей отъ Тургайской области, но за то граница эта будетъ разобщать, как столкновения смешаннаго соседственного пользования землей киргизъ и казаковъ, такъ и существующую неопределенность административной и судебной зависимости означенныхъ инородцевъ.

Вследствие сего 23 мая 1878 года последовало Высочайше утвержденное мнение Государственного Совета следующаго содержания:


  1. Изъ присланнаго къ Составу земли Оребургского казачьего войска Новолинейнаго района отделить от 800000 до 1000000 десятинь земли въ пользование киргизовъ, кочующихъ въ названномъ районе, обеспечивъ при этомъ киргизамъ доступъ для летней перекочевки изъ сего района въ Зауральскую степь.

  2. Представить Оренбургскому генерал-губернатору воити, установленнымъ порядкомъ, съ особымъ представлениемъ относительно, способа приведения вышесказанной меры въ исполнение.

Въ силу этого высочайшаго повеления оставшагося неисполненнымъ за упразднениемъ Оренбургскаго генералъ-губернаторства г. военный Министръ 4-го марта сего 1898 года за №75 вошелъ въ Комитетъ Министровъ въ следующимъ проектомъ:

  1. Выделить изъ земелного отвода, проектированнаго киргизамъ, зимующимъ въ (стр.1 об.) Новолинейномъ районе. Оренубргскаго казачьяго войска, заключающаго 999003 десятины удобной и неудобной земли, которое войдетъ и наделены 9 казачьихъ селений, оставленныхъ на месте настоящаго ихъ расположения, и къ отводу этому прирезать соответсвующее количество земли по смежности казачьего войска.

  2. Отвезти сверхъ сего, 53251 десятины удобной и неудобной земли по смежности границъ означеннаго отвода взаменъ земли, состоящей подъ караванными дорогами, проходящими въ пределахъ отвода.

  3. Отказать въ прирезке 51439 десятинь удобной земли взамень 50442 десятинъ неудобной, вошедшей въ составъ отвода, и для доведения количества удобной земли отвода до 1-го миллиона десятинъ.

  4. Не присоединять означенный отводъ къ территории тургайской области и оставить долженствующихъ разместиться на немъ киргиз по прежнему в ведении Тургайского Военнаго Губернатора.

Отсюда видно, что проектъ господина Военнаго Министра совершенно игнорируетъ основания наделения районныхъ киргизъ землею, выработанныя комиссией 1874г. составленной изъ представителей казаковъ и киргизъ и ободренные Генералъ-губернаторомъ, которому были одинаково близки, интересы обеихъ сторонъ.

Изъ этого проекта между прочим усматривается, что общая площадь отвода лишь на бумаге составляетъ 999003 десятины, ибо въ прирезке 50442 десятинъ удобной земли взаменъ 50442 десятинъ совершенно неубодной земли, вошедшей въ составъ этого отвода и состоявшей изъ однихъ каменистыхъ местъ, под водою и чистыми солончаками, отказано это фактическое уменьшение общей площади отвода не удовлетворяя насущнымъ земельнымъ потребностямъ киргизъ, повлечет за собой, без сомнения разстройство ихъ благосостояния и окончательное разорение ихъ, и это темъ несомнительнее, что в числе 948561 десятины уступаемой киргизами земли, признаваемой удобною, имеется 266578 десятинъ мало удобныхъ солончаковъ, которые при наделении землями по закону принято насчитывать три десятины за одну, при чемъ размер киргизскаго отвода въ сущности определится цифрою въ 770842 дес. Более 7000 кибитковладельцевъ – районныхъ киргизъ, занимающихъ ныне 2300000 десятинъ земли въ Новолинейном районе, могли бы, хотя съ большимъ стеснениемъ себя съ землепользовании, разместится на полномъ миллиономъ отводе, но едва ли кто разместить ихъ, безъ потресения киргизскихъ хозяйствъ, на площади состоящей из 770842 десятинъ удобной земли. Закон 23 мая 1878 года о районныхъ киргизскихъ имеетъ, въ виду, безъ сомнения, прочное устройство и упорядочение ихъ быта, тогда какъ заселение ихъ на месте мало удобныя и слишкомъ ограниченныя по пространству породить лишь разстройство скотоводства, составляющаго главный источникъ ихъ благосостояния и разорения киргизъ.

Затемъ, хотя проектъ оставляетъ районныхъ киргизовъ въ ведении Тургайского Военнаго губернатора, но не присоединяетъ миллионнаго отвода къ территории тургайской области. Между темъ киргизы более ½ века испытываютъ все неудобства двоевластия на одной и той же территории Оренбургской и Тургайской администрации каковое не удобство и имела въ виду устранить комиссии 1874 г. и самое Высочайшее повеление 1878г. въ основании которого легли решения означенной вполне компетентной комиссии съ присоединениемъ миллионнаго отвода къ территории Тургайской области (стр. 2) районные киргизы, в силу взаимопомощи, присущей родовому ихъ быту могли бы съ большим удобствомъ извлекать пользу изъ совместного проживания со своими сородичами Тургайской области. Сверхъ того, въ этомъ случае районнымъ киргизамъ была бы открыта возможность такого же постепенного спокойного и нормального приобщения къ русской культуре, какой пользуются ихъ сородичи Тургайской области, где дело русскаго образования стоить на прочномъ фундаменте.

Еще разъ повторяемъ что районные киргизы всегда были добрыми русскими верноподданными, а потому они уверены что правительство окажетъ имъ справедливость и удовлетворитъ ихъ насущныя нужды, заключающаяся въ прирезке къ отводу 51439 десятинъ удобной земли и въ присоединении отвода къ территории Тургайской области согласно с решениемъ комиссии 1874 года, на основании котораго последовало и самое Высочайшее повеление 1878 года.

Объ этомъ районные киргизы, от мала до велика, отъ мужчинъ до женщинъ, проситъ со слезами.

130 жыл бұрын соғыс Министріне Жанашыр хатты кім жазған?

Мәскеудің Әскери-тарихи мұрағатынан хат тауып алдым. Бұрын онымен ешкім таныспаған. Шамалауымша Ыбырай Алтынсарин жазғанға ұқсайды. Оны қазақшаға аударып беруді де дұрыс деп есептедім.


1099 қоры, 1 опись, 163 – іс.

Торғай облысындағы қырғыздарға (қазақтарға Б.Н.) жер бөліп

беру жөніндегі соғыс (Әскери) Министрінің жобасын сынаған

қол қоймай (қырғыз) жіберілген хат.

Танысқандар: жоқ.

Бүгінгі Торғай облысының қырғыздары (Қазақтары Б.Н.) ерте заманнан осы жердің иесі болды. Қоныстанып келе жатқан қалпында 1732 жылы Орыс елінің қоластына кірді.

Бұл жерлердің біраз бөлігі ұлы мәртебелінің жарлығымен 1835 жылы Орынбор казак әскерлеріне беріліп, ал қырғыздар өз тұрған жерлерінде қалдырылды. Оған қырғыз даласындағы толқулар әсер етті. Бірақ бұл қозғалысқа аудан қырғыздарының ешбір қатысы жоқ еді. Олар өзінің мемлекет қожасына және Отанына адалдықтарын сақтай отырып қызмет етті. Сол үшін олар өздерінің көршілес қандастарынан да көп қорлық және қысымшылықтарда көрді.

Уақыт өткен сайын жерді пайдалану мәселесі қырғыздар мен казактардың арасында көптегені келіспеушілікке әкеліп соқты. Олар көршілік тату қарым-қатынастарынан айырыла бастады. Осы қолайсыздықты жою үшін бұрынғы Орынбордың Генерал-Губернаторының бұйрығымен 1874 жылы әскер және облыс басшыларының өкілдерінін қатысуымен комиссия тоғайындалды.

Олар Новолинейный ауданының қырғыздарының жерге орналасуын реттеу үшін, әрі қырғыздармен қазақтардың мүддесін бірдей қорғау мақсатымен мынадай шаралар қажет деп шешті.

Оларды бірінен бірін бөлу керек. Шекарасы үзілмейтіндей тіпті айналмалы немесе ирелеңдеген жол болса да шекара белгілеу керек. Ол жол қырғыздарды даламен байланыстыратын әрі жаз айында қандастарымен бірге еркін көшіп қона алатындай болсын.

Қырғыз жерімен шекаралас жерден қырғыздардың пайдалануына 1 миллион десятин жер бөлінсін. Ол өз руластарымен жаз айында бірге еркін көшіп қонуына мүмкіндік береді.

Ол жерлер Торғай облысының мемлекеттік жеріне қосылсын.

Комиссияның қорытындысы бойынша егер жерді бөлуді осылайша реттесе онда аудан қырғыздарының әлеуметтік жағдайлары зорлық-зомбылықпен өзгертуге жол бермейді. Қырғыздардың шаруашылық және қоғамдық құрылыстарындағы тағдырлары дұрысталып, даладағы ағайындарымен ара-қатынастарына бөгет болмайды. Ал әскерлердің жері Торғай облысынан жаңа шекара арқылы бөлінеді. Оның есесіне ол көрші қырғыздар мен қазақтардың жерді аралас пайдалану дауынан құтқарады. Онымен қоса әкімшілік және сот мәселесіндегі тәуелділікті және бүгінгі күнгі орын алып отырған кемшілікті жояды.

Осының нәтижесінде мемлекеттік кеңестің шешімін жоғарғы мәртебелі бұйрығымен бекітті. Оның мазмұны мынадай:

1) Орынбордың Новолинейный ауданындағы казактардың әскеріне бөлінген жерден 800000-нан 1000000 десятинға дейін жер сол аудандағы көшпелі қырғыздарға пайдалануға бөрілсін. Сонымен қоса оралдың сыртындағы жерлерге жазғы еркін көшіп қонуына жағдай жасалсын.

2) Белгіленген тәртіп бойынша Орынбор Генерал-Губернаторына осы шешімді іске асыру үшін табыс ету керек.

Бірақ Орынбор Генерал-Губернаторының қысқартылуына юайланысты бұл шешім-ұсыныс орындалмай қалды. Сол себепті соғыс (әскери) Министрі 1898 жылы 4 наурызда (Бұл жыл хатты жазған жылдан 20 жылдан кейін, сол себепті хат 1878 жылы 23 майда жазылды дегені қисынға келмейді. Хаттағы 1878 және жыл дегені 1879 жыл болуы керек Б.Н.).

Министрлер комитетіне мына төмендегі жобаны ұсынды:

1. Орынбор казактарының әскері орналасқан Новолинейный ауданындағы қыстамадағы қырғыздарға сол жердің жарамды және жарамсыз жерлерінен 999003 десятин жер бөлінсін. Ол жерлер казактардың – селосына бөліп берілген жерлер болғандықтан солардың қоластында қалады. Сондықтан казак әскеріне іргелес жерлерден белгілі мөлшерде бөліп берілсін.

2. Жоғарыдағыдан басқа қосымша көрсетілген көршілес жерден 53251 десятин жер бөлінсін. Ол керуен жолдары өтетін жерлердің орнына берілсін.

3. Бөлінген жерден жарамсыз 50442 десятинді 51439 десятин жарамды жермен ауыстыру, сөйтіп 1 млн. Десятин жарамды жерге жеткізуді сұраған тілектері қанағаттандырылмасын.

4. Бөлінген жері Торғай облысына қосылмасын. Ол жердегі қырғыздар қызмет бабымен бұрынғыша Торғай Әскери Губернаторының қарамағында қалдырылсын.

Міне көріп отырғаныңыздай Әскери Министр мырзаның аудан қырғыздарына бөлетін жер жобасы 1874 жылғы комиссияның шешімін жоққа шығарды. Ол кезде казактар мен қырғыздардың өкілдері келісіп шешкен. Оны Генерал-Губернатор қолдаған еді. Өйткені ол жоба екі жақтың да мүддесін қанағаттандырған болатын.

Бұл жоба бойынша жалпы жер көлемі қағаз бетінде 999003 десятин болғанымен оның 50442 десятині ешбір әжетке жарамайтын тау-тасты, судың астында жатқан сортаң жерлер. Ол қырғыздардың тілегін қанағаттандырмайды. Олардың әлеуметтік жағдайын төмендетіп, шаруа- шылықтарының ыдырауына әкеліп соғады. Оның үстіне қырғыздарға қолайлы деп берген 948561 десятины жерлердің 266578 десятины пайдаалануға қолайсыз сортаң жерлер. Заң бойынша ондай жерлердің 3 десятины 1 десятин жарамды жермен теңеледі. Осылайша есептегенде қырғыздарға берілген жерлер бар-жоғы 770842 десятин ғана болады.

7000-нан астам отбасы (ауданның қырғыздары) бүгінде 2300000 десятин жерде Новолинейном ауданында орналасып отыр. 1 млн. Десятин жердің өзіне тығыз орналасқан болар еді. Ал оларды 770842 десятин жерге орналастыру дегеніміз көптеген қырғыздардың шаруашылықтарының ыдырауына әкеліп соғады.

Ал 1878 жылғы 23 мамырдағы заң аудан қырғыздарының шаруашылығының іргесін берік етіп, әлеуметтік жағдайларының жақсаруын қамтамасыз етер еді. Мына жоба жерді тарылтады, малшаруашылығын дамытуға зиянын тигізеді. Ал ол халықтың күн көріп отырған – бірден бір тіршілігінің көзі.

Одан кейін бұл жоба бойынша аудан қырғыздары Торғай Әскери Губернаторының қарамағына бұрынғысынша қалдырғанмен оларға, бөлінген миллион десятин жерді Торғай облысының жеріне қоспай отыр. Ал қырғыздар жарты ғасыр бойына қосбасшылықтың кеселінен көп қиындық көруде. Бір жерді Орынбор және Торғай Губернаторлықтары басқарып халыққа қиыншылық туғызып келеді.

1874 жылғы тәжрибелі, білікті комиссия мүшелерінің шешіміне сәйкес 1878 жылы жоғары мәртебелінің бұйрығының арқасында бөлінген миллион десятин жерді Торғай облысына беру осы қолайсыздықты жойған болар еді.

(2 беті). Ауданның қырғыздары ертеден келе жатқан рулық негіздегі біріне-бірі көмектесу мүмкіндіктерін пайдаланып өз туыстарымен бірге тұрып әлеуметтік жағдайларын жақсартқан болар еді. Оның үстіне аудан қырғыздарын біртіндеп байыпты, сабырлы жолмен Орыс мәдениетіне тартуға болады. Олардың Торғай облысындағы тумалары (тұқымдастары) орыс білімін орнықты түрде қабылдауда.

Тағы да қайталаймыз, аудан қырғыздары әруақытта орыстардың қоластында кеңпейілді адал жандар болды. Сол себепті олар үкіметтің әділетті шешім қабылдайтынына сене отырып, аса қажет мұқтаждарын қанағаттандырады деп сенеді. Ол 51439 десятин қолайлы жерді алатынына және оларға бөлінген жерлерді Торғай облысына қосады деп сенеді. Ол үшін 1874 жылғы комиссияның шешіміне сәйкес қобылданған 1878 жылғы жоғары мәртебелінің бұйрығын қабылдаса жеткілікті.

Осы ауданның қырғыздары баладан үлкендеріне дейін, еркектерінен әйелдеріне дейін көз жастарын ағыза отырып сұрайды.

Аударған Болатбек Нәсенов,

1999 жылдан тарих зерттеуші,

12 томдық энциклопедиялық

қазақ тарихы туралы кітаптардың

авторы, Шәкәрім және Әуезов

атындағы университеттерінің



құрметті профессоры.
Мәскеу Әскери-тарихи мұрағатынан

2 желтоқсан 2008 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет