Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасының химиялық құрамы. Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы



бет1/4
Дата09.03.2023
өлшемі169.02 Kb.
#470529
түріСабақ
  1   2   3   4
02.03.23жыл 9 сынып




Мұғалімнің аты-жөні:

Адиханова Динара Жумабековна

Пән/Сынып:

Химия, 9 сынып

Күні :

02.03.23жыл

Тарау немесе бөлім атауы:

IX тарау. Адам организміндегі химиялық элементтер

Сабақтың тақырыбы:

Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы

Оқу мақсаты:

  • 9.5.1.1 -адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe)




Сабақтың мақсаты

  • - aдaм aғзaсының құрaмындaғы химиялық элементтерді aтaп, олaрдың мaңызы турaлы мәлімет береді, aдaм aғзaсындaғы химиялық элементтердің топтaрын бір-бірінен aжырaтaды

  • - ағзадағы химиялық элементтердің биологиялық қызметін жіктейді, олардың жетіспеушілігінен туындайтын белгілерді сипаттай алады

Құндылыққа баулу:

Өмір бойы білім алу

Сабақ жоспары

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут



Ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен амандасу
Ой қозғау (оқушылардың ойы жинақталады, жаңа тақырыпқа назар аудартылады)

  • Суреттегі тағамдық өнімдер және олардың химиялық құрамы туралы әңгімелеңіз

Дәрумендер Нәруыз




Көмірсулар Майлар
Жаңа тақырып таныстырылып, сабақ мақсатымен таныстырылады
Химиялық элементер арқылы топтарға бірігеді (микроэлементтер, макроэлементтер)

1топ Макроэлементтер


2 топ Микроэлементтер
3 топ Ультрамикроэлементтер 

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
Суретке қарап әңгімелейді.Бүгәнгә сабақты анықтайды




Оқулық, кесте, дәптер А4 ақ парақ
Үлестірме қағаздар



14 минут


Жаңа сабақ

Топтық жұмыс. «Айналым» әдісі
Бұл әдіс - "жеке-жұп-топ" схемасы арқылы бойынша жүзеге асырылады.
Оқушылар берілген мәтінді жекелей танысып, жұппен талқылайды, топта талқылады, өнім (постер) жасап, түсіндіреді.


(Ж) 1-тапсырма
1.«Лездеме сұрақтар» әдісі (оқушылар сұраққа тез жауап беруі керек)

  • Тірі ағзаларда қанша химиялық элемент анықталған?

  • Қандай химиялық элементтер макроэлементтер деп аталады?

  • Олардың тірі ағзадағы мөлшері қандай?

  • Қандай химиялық элементтер макроэлементтер деп аталады?

  • Мароэлементтердің тірі ағзадағы мөлшері қандай?



Бекіту тапсырмалары
№1 тапсырма.
Адам ағзасындағы мөлшері 1%-дан аз болатын химиялық элементтерді атаңыз және маңызын сипаттап, кестені толтырыңыз.

Микроэлементтің атауы

Ағзаға түсу көзі

Ағза үшін маңызы



Жетіспеушілік белгілері



























Дұрыс жауап:



Микроэлементтің атауы

Ағзаға түсу көзі

Ағза үшін маңызы



Жетіспеушілік белгілері

І (йод)

Ас тұзы

Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысы



Қалқанша бездің жұмысының бұзылуы, метабализмнің баяулауы















2 тапсырма
Микроэлемент, макроэлемент атауын және оның ағзадағы биологиялық қызметін сәйкестендіріңдер

Темір

Өмірлік маңызы бар элемент, қалқанша безде жиналады, тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігіне әкеледі.

йод

Жасушада осмос қысымын тұрақтандырады, қышқыл-сілтілі балансты реттейді, жүйке талшықтарының бойымен импульстардың жақсы жүруін реттейді

Фосфор

Жасушаларда газ алмасуға қажетті нәруыз -гемоглобиннің құрамына кіретін микроэлемент

натрий

Академик Ферсман бұл элементті- «өмір және ой элементі»деп атаған. Ағза бұлшық еті жиырылуына қажетті, мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерінде жүретін биохимиялық үрдістерді қуаттандыратын АТФ қосылысының құрамына кіреді



Дұрыс жауап:

Темір

Жасушаларда газ алмасуға қажетті нәруыз -гемоглобиннің құрамына кіретін микроэлемент

йод

Өмірлік маңызы бар элемент, қалқанша безде жиналады, тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігіне әкеледі.

Фосфор

Академик Ферсман бұл элементті- «өмір және ой элементі»деп атаған.

натрий

Жасушада осмос қысымын тұрақтандырады, қышқыл-сілтілі балансты реттейді, жүйке талшықтарының бойымен импульстардың жақсы жүруін реттейді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет