Красивинский селолық округінің әкімі міндетін атқарушы Тойшыбеков Байдилла Жорабекұлының
2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы
ақпараты
Бүгін 14 желтоқсанда Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды – бұл еліміздің дамуының тағы бір белесі. Осы стратегиялық маңызды құжатта негізгі және басымдық бағыттар белгіленген, олар ары қарай еліміздің дамуының алғы шарттары. Президенттің алға қойған мақсаттары нақты, берген тапсырмалары Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына бағытталған.
Менің ойымша, адам құқығын құрметтеу және жеке дамуына берілген мүмкіндіктер, еліміздің күштілігімен байланысты және адамдарға қамқорлық танытып отырғанын сезінесің. Алға қойған мақсаттар әрбір қазақстандыққа аян: тұрғындарды жұмыспен қамту, қол жетімді баспана, мемлекеттік қызметтердің сапасы, басқару элиталарын қалыптастыру, сот жүйесін жаңашаландыру, білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту, мемлекеттік тілді дамыту. Нұрсұлтан Әбішұлы әсіресе жастарға көп көңіл аударды: өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың, жастардың негізгі бағыттарын көрсетті - ол патриоттық пен рухани даму, құлықтылық пен заңға бағынушылық және салауатты өмір сүру дене шынықтырумен айналысу. Ұлы даланың әрбір азаматына керек қасиеттердің барлығы.
Ауыл тұрғындарына көңіл қуантарлық мал шаруашылығын дамытуға берілетін несиелендіру, ауылшаруашылығын, аграрлық секторды дамыту шаралары.
Елбасының жолдауы ары қарай әлеуметтік –саяси тұрақты дамуға бағытталған, беделінің нығайуы және халықаралық алаңға әсері. Экономиканың даму жоспары, еліміздің алға жылжуын толық сеніммен айтуға болады. Алдағы күнге сеніммен қарауға барлық қазақстандықтардың алда тұрған белестерді бірлесе шешкендігінде.
Село округінің жағдайы туралы айтуға рұқсат берулеріңізді сұраймын.
Красивое селосының құрылған жылы -1905
Округтің аумағы - 44.351 га
Ауыл шарушылық бөліміне бағытталған жер - 35.383 га
соның ішінде жайылым - 26.573 га
шабындық - 8.390 га
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайына 5 әкімшілік-аймақтық бірліктерде 2293 адам тұрады.
Соның ішінде:
Красивое селосы 1497
Красивая бекеті 387
Ленинское селосы 211
Құмай 192
Тасоба селосы 6
Халықтың этникалық құрамы:
қазақтар 33 %
орыстар 32 %
басқа - (16 село округінде тұратын
басқа ұлттар 35 %
Сайлаушылар саны 1200
Өткен жылда тіркелген азаматтық актілер жағдайы:
туу туралы 28
неке қию 10
өлу туралы 13
халықтың табиғи өсімі - 15 адам
Жеке мал басы қозғалысының былтырғы жылғы аралығының аналитикалық талдау жасай келе, атап өтетіні: ірі қара мал басы саны 11 пайызға, яғни 689 басқа көбейсе, ұсақ мал саны қой, ешкі 10 пайызға яғни, 996 басқа артқан. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық малдарының түрлері бойынша келесідей:
Шошқа - 232
Жылқы – 209
Құстар – 10 780
Ветеринариялық іс шаралар уақытылы және сапалы өткізіліп тұрды. Олар:
- сібір жарасына қарсы барлық малдарға вакцинация - 2250
- Бруцеллез бен лейкозға қарсы Ірі қара мен ұсақ мал басы диагностиклық
тексеру - 2100
- ІҚМ басы идентификацияланды - 150
- сібір жарасы көметін орынның қоршауы бар;
Автомобиль жолдарының қашықтығы 32 шақырым, соның ішінде қатты жабылуымен 12; су құбыры -4; телефон желісі абонентері – 295;
Жалпы білім беру мектептері – 3, онда 350 оқушы білім алады,мұғалімдер -61; мектеп алды мекемелері жоқ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы ең басты мақсат ол – білім беру саласы.
Мұғалімдер ұжымының негізгі қызметтері Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау «Білім беру туралы», «Жалпы білім беру туралы», мектептерде мұғалімдердің ұжымдық педогогикалық жұмысының анализі шығарылып отырады.
Красивинский орта мектебі үш интерактивті тақтамен, химия, биология, физика, информатика, және лингофонды кабинеттермен жақбықталған.
Красивинский орта мектебінде 47 мұғалім жұмыс істейді, оқушылар саны 297. Соның ішінде,40 мұғалім жоғары білімді, 7 мұғалім –арнайы орта, жоғары санатты – 3 мұғалім, 1 санатты –8 мұғалім, 2 санатты – 17 мұғалім бар. 2012 және 2013 оқу жылдары орта мектепті 20 оқушы аяқтады. ҰБТ орташа көрсеткіші 53,57. 2012 жылғы Красивинский ОМ мұғалімдерінің жетістіктері:
-
«2012 жылдың Жас ұстазы» Байгутенова Ж.К.(орыс тілі мен әдебиеті)
-
Қазақ тілінен аудандық олимпиадада К.Бойко 2 орын. жет: Р.Сабекова
-
Әскери-спорттық ойын «Жасұлан» Красивинский ОМ 1 орын. жет: В.Гунар, А.Бирюков,А.Биндевальд.
-
Аудандық байқау «Керексіз заттардан жасалынған ғажайыптар» А.Саркубенова 1 орын,жет: Г.Шамиева.
-
2012 жылы Красивинский ОМ семинарлар өткізілді. 2012 жылы Красивинский ОМ аттестациядан өтті.
Ленинский орталау мектебінде 5 мұғалім, 1 медициналық қызметкер жұмыс жасайды.11 оқушы білім алуда. Есіл ауданы атынан Әлменовтар отбасы Астана қаласында өткен облыстық жәрмеңкеге қатысты. Тамыз айында Ленинский орталау мектебінде қайта ұйымдастыру болды.
Құмай селосында 1995 жылдан бастап мемлекеттік тілде білім беріп келеді. Сонымен қатар ағылшын, орыс тілдері де оқылады. «Драма» үйірмесі жұмыс істейді. Волейбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақтан секциялар өткізіледі.Құмай орталау мектебінің ұжымы және оқушылары село округінің қоғамдық өмірінде ерекше орын алады.
Село округінде 1 клуб, 2 кітапхана, 1 стадион, 3 спорт зал, 4 спорт алаңы және 3 балалар алаңы қызмет жасайды.
Красивое селосының құрама командасы аудандық жарыстарға үнемі қатысады. Біздің округтің мақтанышы Л.И.Антонцева – республикалық, облыстық, аудандық спортакиаданың президенттік көпсайыстың бірнеше дүркін жүлдегері. 2012 жылы Маяковский селосында өткен аудандық «Ақ бидай» спартакиадасында біздің команда президенттік көпсайыс бойынша 2 орын алды.
Медициналық мекемелер – 3, селолық учаскелік аурухана Красивинский дәрігерлік амбулаториясына ауыстырылды.
Красивинский СДА 2011 жылдың кейбір көрсеткіштері: терапевт дәрігерінде болғандар саны – 4707 адам, үйде қаралғандар – 508 адам, ауруына байланысты қаралғандар– 3093 адам, алдын алу тексерулері -422, лабораториялық тексерулер-5111, тұрғындардың 93 пайызы флюрографиядан өткен. Елбасының халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жүрек-қан тамыр аурулары тексеру нәтижелерінде 496 адам қаралды, 20 ауру адам шықты. Жоспар бойынша -1582, орындалды – 1430.
Аурухананың негізгі мәселесі материальды-техникалық базаны жақсарту: физиокабинет, лабороторияны жабықтау, қатты және жұмсақ құралдарды ауыстыру, ғимараттың жөндеу жұмыстары.
Құмай және Ленинское фельдшерлік пункттердің жұмысы негізгі бағытта істеп тұр.
Село округінің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет бөлімдері қалыпты температуралық режимде жұмыс жасауда.
Почта торабы, жинақтау кассасы жұмыс жасауда. Баспасөз беттеріне жазылу жоспары орындалды.
Село округі аумағында кәсіпорын мен ұйымдар жұмыс жасайды. Селомыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына олар өз үлестерін қосуда.
Өткен жылды қорытындылайтын болсақ, ол жыл біздер үшін жемісті және нәтижелі жыл болды. Біздің округігтің диқаншылары аянбай еңбек етіп, жақсы көрсеткіштер көрсетіп, өз үлестерін ауданымыздың дамуына қосып келеді.
«Қалқаман-Ел» ЖШС-гі (Рахметов А.Н.) бидай өсірумен айналысады. 2012 жылы 13 000 гектарға бидай егілді. Соның ішінде: 12 600 га бидай, ал, 40 га арпа егілді. Құндылығы гектарынан 3,9 центнер, арпа 1 гектарда 4 центнер. 2012 жылғы 400 гектар жерден 111 тонна шөп дайындалды.
ЖШС-гі жаңа ауылшаруашылық техникалары бар 10 «Вектор», 3 Джан-Дир» комбайындары,3 МТЗ-80 тракторы, дестелегіш,тиегіш ПМЗ -80 және арнайы тиегіш.
«Қалқаман-Ел» ЖШС-гі 416 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. (Ленинский орталау мектебінің тамақтануына, Красивинский орта мектебінің жөндеу жұмыстарына, ЖТО –дағы оқитын оқушылардың киімі, мектеп құрал жабдықтарына, жаңа жылдық сыйлықтар және аға ұрпаққа көмек көрсетілді).
Элеватор «Красивое» ЖШС –гі (директор Р.Т.Аманбаев) 2012 жылы кәсіпорын 68 000 мың тонна астық қабылданды, тиеліп жіберілгені 73 000 тонна астық. Кіріс мөлшері – 45 570 мың теңге. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны 75 адам.
«Құмай - Есіл» (директоры Қ.С. Әлмағанбет ).
Кәсіпорынның астық қабылдау сыйымдылығы 19 мың тонна. Осы жылы қабылданған астық мөлшері – 53 280 тонна, соның ішінде -50 328 астық. Жұмысшылар саны - 35 адам. Орташа еңбек ақы мөлшері – 30 000 теңге. «Бейбарыс» шаруа қожалығында жылқы және қой мал бастары көбейтілді.
Темір жол дистанциясы бойында, жол бөлімінде жұмыс істейтін темір жолшылар жұмыспен қамтылған. Красивая бекетінің бастығы Н.С. Ужекенов үнемі аз да болса көмек беріп отырады.
Село округінде Есіл аудандық электр жүйесінің желілік-шеберханалық бөлімі жұмыс істейді. Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Шағын бизнес саласы да алға басуда, сауда орындары да көбейіп, әртүрлі бизнес көздері ашылып жатыр..
Село округінің атқарып отырған жұмысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз байланыста.
Өткен жылы әлеуметтік атаулы көмекті – 25 адам, төленген сома мөлшері 511 мың теңге, село округі бойынша 42 отбасында тұратын мемлекеттік балалар жәрдем ақысын – 82 адам алды, оларға 951 мың теңге төленді. Тұрмыстық көмек алушылар саны – 32 адам.
Село округіндегі барлық санаттағы азамататарға көрсетілген материалды көмек жергілікті бюджеттен 320 мың теңге. Оны 280 адам алды. Мектептің 150 оқушысына аудандық білім бөлімінен киім-кешек, аяқ киім бөлінді.
Есіл аудандық ЖҚ және ӘБ бөлімі өткен жылы 25 қоғамдық жұмыс орны.
Осы есеп беру аралығында село округі әкімімен 47 нормативті-құқықтық акті қабылданған, село округіндегі селоларда өткізілген жиналыстар – 14.
Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы талқыға салу, селолардың әлеуметтік-экономикаылқ жағдайы, халықты ауыз сумен қамтамассыз ету, жаздық суармалы суаруды ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау тәртібі, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, азаматардың құқықтарын қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және тағы да басқалар. Селоларда өткен жиналыстарда аудандық басшылар және мамандар қатысты. Атап өтетіні бұл қарым –қатынас дәйекті мәселелерді шешуде оң нәтиже береді. Осы жұмыстың нәтижесі – сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Округімізде ақсақалдар кеңесі мен әйелдер кеңесі жұмыс жасайды (төрағасы –И.Н.Федориненко).Әкімшілік жұмысына көп үлесін қосуда. Өткен жылы отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер: экономикалық, күмәнді отбасылармен алдын алу шаралары туралы, ауыз суға борышкер азаматтармен жұмыс, гендерлі саясат туралы мәселелер, күмәнді отбасыларындағы мәселердің қорытындысы жасалынды.
Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын жүзеге асырушы әкім болып табылады. Өткен жыл ішінде село округінің әкіміне азаматтардан келіп түскен 58 өтініш қаралды, сның ішінде 17 ауызша өтініш қаралды
Жалпы құжаттар айналымы – 878.
Қазіргі заманауи әлеуметтік-саяси жағдайды бағалайтын болсақ, онда мыналарды атап өтетін едім,ауылшаруашылық жерлерін өңдеу, заманауи технологиялармен топырақты өңдеу, жеке меншік мал басын көбейту, жеке қосалқы шаруашылықты жем –шөп, азықпен қамтамассыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру.
Красивинский селолық округін дамытуға алға қойған мақсаттар: Красивое селосының бала- бақшасын қайта жөндеу және селодағы су құбырына жөндеу жұмыстарын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |