Күрделі деңгей: Социолингвистикадағы үш ағымды талдаңыз



бет1/3
Дата03.01.2022
өлшемі19.81 Kb.
#451390
  1   2   3
13 апта жтб


Күрделі деңгей:

Социолингвистикадағы үш ағымды талдаңыз.

Социолингвистиканың дамуына көптеген Кенес заманының ғалымдары (В.А. Аврорин, Г.В. Степанов, А.Д. Швейцер, В.Д. Бондалетов, А.И. Домашнев, Л.Б. Никольский, Ю.Д. Дешериев және басқалары) сүбелі үлес қосты. Қазақстанда – Б.Х. Хасанов, З.К. Ахмеджанова және т.б. Зерттелетін көптеген проблемалар – тілдің әлеуметтік табиғаты, оның қоғамдық функциялары, әлеуметтік факторлардың тілге ықпалының сипаты, тілдің қоғам өміріндегі ролі – жалпы тіл білімінің де, социолингвистиканың да кіріспесіне бірдей қатысты. Социолингвистикада үш ағым бар: а) социологияға басым бағытталған ағым (уақыт, мақсат, тілді немесе тіл вариантын, адресатты таңдау факторларын ескере отырып, тіл қолданысы нормалары; бір жағынан тіл қолданысы мен тіл қондырғысының өзара қатынасы, екінші жағынан үй немесе ұсақ әлеуметтік желілер; өзара әрекеттестіктегі әлеуметтік экономика, тарих, этникалық дифференциация, мәдениет, тілдің әлеуметтік жіктелуі мен варианттары құраған құбылыстар кешеніне байланысты диглоссия мен кодтар теориясы проблемалары); ә) лингвистикаға басым бағытталған ағым (социологиялық параметрлерді есептегенде анықталатын тілдік жүйелердің бір текті болмауы; түрлі тілдік және тілдік емес айнымалылардың - әлеуметтік жіктің, жастың және сол сияқтылардың ықпалының нәтижесі болып табылатын белгілі бір әлеуметтік детерминацияланған тілдік ережелерді ықтималды талдаудың негізінде анықтау; тілдік өзгерістер теориясын жасау үшін варианттық лингвистика арнасында зерттеудің осындай мәліметтерін пайдалану мүмкіншілігі; тілдік эволюция үрдістері үшін әлеуметтік шарттардың релеванттылығын анықтау; вариантты құрылымның синхронды мәліметтерінің диахронды өзгерістердің «мезеттік бейнесі» ғана екенін дәлелдеу; б) этнометодология мен этнография бағытталған ағым (тілдік әрекеттестік орталық ұғым ретінде; қоғам мүшелері әлеуметтік ақиқатты жасап, оны реттелген түрінде бір-біріне таныстыру әдістерін зерттеу; онда әңгімені ұйымдастыру ісін формальды конверсациялық талдау мен мәннің тууы мен оның контекстуализация амалдарына сүйеніп түсінудің интерактивті үрдістерін зерттейтін этнографиялық талдаудың ара жігін ашу). Социолингвистиканың пәнаралық мәртебесі ұғымдық аппаратында әлеуметтік, тілдік нышандар негізінде тілдік ұжымды анықтауда (әлеуметтік әрекеттестік пен тілдің ортақ болуы); тіл жүйесінің белгілі бір деңгейімен және қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгеруімен немесе белгілі әлеуметтік жағдайлармен қатыстылық негізінде социолингвистикалық айнымалыларды анықтауда көрінеді. Негізгі назарға құрылымы жағынан көп өлшемді және стратификациялық дифференциацияны (қоғамдағы әлеуметтік жіктердің әр тектілігі), жағдайлық дифференциацияны (әлеуметтік жағдайлардың сан алуандығы) қамтитын тілдің әлеуметтік дифференциациясының проблемасы алынады. Сонымен қатар ұлттық тілдердің құрылу, тіл мен мәдениеттің әрекеттестігі проблемалары зерделенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет