«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2010 жылғы сәуір
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы сәуірде жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және параметрлерінің болжамы» тұрақты тексеру нәтижелері 2010 жылғы 1-тоқсанда банк жүйесіндегі өтімділік деңгейінің қалпына келтірілгеніне және кредит портфелі сапасының нашарлағанына қарамастан, банктердің заемшылардың жалпы экономикалық салалық және жеке тәуекелдерінің сақталуына байланысты айтарлықтай қатаң кредит саясатын жүргізуін жалғастырып отырғанын көрсетіп отыр Сондай-ақ корпоративтік сектор және сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың кейбір өсуі байқалды. Корпоративтік сектор заем қаражатын айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау үшін тартуын жалғастырып отыр. Бөлшек кредиттеу сегментінде банктер ипотекалық заемдарға қарағанда, тұтынушылық кредиттеуге біршама көбірек басымдық береді.
-
Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
1
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі
2-иаграмма. Кредит саясатының өзгеруі
. Зерттеу жүргізіліп отырған кезеңде қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуіне қатысты бағалау неғұрлым айқын болып отыр (1-диаграмма1). Сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 4-тоқсандағы 30%-дан 2010 жылғы 1-тоқсанда 48%-ға дейін өсті.
Сұраныстың өзгермегенін респонденттердің 52% атап өтті. Осы өсу біршама деңгейде корпоративтік сектор өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру қажеттілігімен және салдарынан айналым қаражатын қаржыландыру және болып отырған Борыштарды қайта құрылымдау қажеттілігімен туындады. Сонымен қатар, сұраныстың ұлғаюы негізінен мемлекеттің шағын және орта бизнес субъектілерін айтарлықтай нарықтық үлесі бар ірі банктер арқылы қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде бөлінетін қаражатқа шағын және орта бизнес тарапынан байқалып отыр. Бұл ретте дағдарысқа қарсы бөлінетін кредиттік ресурстарға қойылатын талаптарды банктер меншікті кредиттік өнімдермен салыстырғанда неғұрлым тартымды ретінде қарастырады, бұл мемлекеттік бағдарламаларға қатысушы банктерді бәсекелестік артықшылықтармен қамтамсыз етеді.
2. Кредиттеу ниетінің өсуін белгілеген банктердің санының ұлғаюының тұрақты үрдісін болған кезде, сонымен бірге бұрынғы қатаң кредит саясатының сақталуы байқалып отыр: респонденттердің 85% кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды, банктердің 12%-ы кредит саясатын шамалы жұмсартты (2-диаграмма).
3. 2010 жылғы 2-тоқсанда банктер кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсу үрдісін күтеді. Сауалнама жүргізілген банктердің 52% жуығы кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін күтеді, ал 48% ол өзгеріссіз қалады деп болжайды.
4. Банктер кредиттік саясаттың негізінен болып отырған үрдістер сақтайтынын күтеді – бұрынғы кредиттік саясатты респонденттердің 90% қолдады. Бұл ретте банктер кредиттер берудің баға талаптарының айтарлықтай өзгерістерін болжамайды: стандартты кредиттер бойынша маржа деңгейінің сақталуын респонденттердің 82% жуығы атап өтті және банктердің 81% кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны өсіруді жоспарлайды.
II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
1
3-диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі (ипотека)
. Кредиттеудің бөлшек нарығы сондай-ақ кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өсуімен сипатталып отыр. 2010 жылғы 1-тоқсанда ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 24% құрады, бұл 4-тоқсанға қарағанда шамалы жоғары (17%). Сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталуын растаған респонденттердің үлесі 62% құрады. Тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын атап өткен респонденттер үлесінің айтарлық өсуі байқалып отыр – өткен кезеңдегі 19%-дан талдау жасалып отырған кезеңдегі 48%-ға дейін (3 және 4-диаграммалар).
И
4-диаграмма. Кредиттік сұраныстың өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)
потекалық кредиттеу сегментінде шектеулі сұранысқа жылжымайтын мүлік нарығын дамытудағы шиеленіс факторлары және кейбір айқын еместік, сондай-ақ халықтың борышқа қызмет көрсету қабілеттігіне сенімсіздігі ықпал етуін жалғастырып отыр.
Тұтынушылық кредиттеу нарығындағы негізгі белсенділікті кейбір шағын және орташа банктер көрсетіп отыр. Осы банктер салынған капиталдың жылдам айналымдылығымен қамтамасыз етілетін тұтынушылық кредиттеу нарығын зор ынтамен кредиттейді. Тұтынушылық кредиттеудің негізгі үлесі ағымдағы қажеттіліктер үшін берілетін қысқа мерзімді сомалары бойынша және шектеулі кредиттерге тиесілі. Осы ақшаның мақсаты пәтер жөндеуге, тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары сатып алуға байланысты.
Ірі банктердің бөлшек кредиттеу нарығына қатысуы шамалы байқалады. Кредиттеу негізінен жалақы жобалары, сондай-ақ оң кредиттік тарихы бар бұрынғы заемшылар шеңберінде жүзеге асырылады.
Жақын арадағы 3 айда банктер сұраныстың 2009 жылғы 4-тоқсанда үрдістеріне ұқсас үрдістерді күтеді (3, 4-диаграммалар): тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін неғұрлым оңтайлы бағалау (респонденттердің 68% жуығы ипотека бойынша респонденттердің 33% қарағанда шамалы өсуді болжайды).
2. 2010 жылғы 1-тоқсанда кредиттік саясат бойынша респонденттердің 10% жуығы кредиттік саясатты шамалы жұмсартты және банктердің 80% астамы оны өзгерістерсіз қалдыруды жөн көрді (5 және 6-диаграмммалар).
Кредиттеу талаптары келесі тоқсанда өзгеріссіз қалады – орташа алғанда банктердің 83% кредиттеудің бағаға жатпайтын негізгі талаптарының (кредиттік лимиттер, кредитті өтеу мерзімдері, кепілдік талаптар және комиссиялар) сақталуын және респонденттердің 90% баға талаптарының (кредиттеудің стандартты және тәуекелді түрлері бойынша маржа) сақталуын атап өтті. Осы ниеттер заемшылардың ықтимал дефолтының және берілген заемдардың қайтару деңгейіне банктердің теңгерімді тәсілінен туындады.
С
5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (ипотека)
онымен бірге, банктердің 10% астамы ағымдағы жылдың келесі тоқсанында кредит саясатының кейбір жұмсаруын күтеді.
6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)
3. Заемшылардың қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты тәуекелдер біртіндеп төмендеуде – банктердің 20% жуығы заемшылардың заемдар мерзімінің өту және ұзартылу деңгейінің өсуінен, сондай-ақ қамтамасыз ету сапасының одан әрі нашарлауынан қаржылық жағдайының одан әрі нашарлайтынын бастан кешіретінін күтеді. Ал өткен тоқсанда осы көрсеткіш 30% астам болды.
7-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасын күту
4. Банктердің 40%) жуығы жылжымайтын мүлік бағалары тұрақтанды деп санайды, респонденттердің 36% жылжымайтын мүлік бағаларының шамалы қалыпты өсуін күтеді (7-диаграмма). Банктердің пікірі бойынша тұрғын үй нарығындағы ахуал жақсарып келеді, бағалардың төмендеуі бойынша дүрбелең көңіл-күй іс жүзінде жоқ. Бағалардың жаңғыруының бірнеше себебі бар: 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ нақты дағдарысқа қарсы қолдау көрсетті, елдегі макроэкономикалық ахуалдың жаңғыруы және әлемдік нарықтардағы жобаланып отырған оң үрдістер маңызды рөл атқарды. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығынан алыпсатарлық құрамдас бөлік кеткенін атап өтіледі, халықтың пәтерді қайта сату мақсатында сатып алуы біршама төмен дәрежеде.
-
Тәуекелдер картасы
Банктердің несие портфелі сапасының нашарлауы жалғасуда, ал теріс күтулердің кейбір нашарлауы байқалып отыр. Мәселен, респонденттердің 20% несие портфелі сапасының одан әрі шамалы нашарлауын күтуде және респонденттердің 66% сапа өзгеріссіз қалады деп болжауда, сонымен қатар өткен тоқсанда несие портфелі сапасының нашарлайтынын респонденттердің 30% күткен болатын. Несие портфелінің сапасын жақсарту мақсатында банктер проблемалы заемдарды қайта құрылымдау және кепілге салынған мүлікті өндіру бойынша жұмысты корпоративтік сектор бойынша және сол сияқты кредиттеудің бөлшек сегменті бойынша қарқынды жүргізуін жалғастыратын болады.
Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменті бойынша тиісінше 18% және 21% портфель сапасының нашарлайтынын күтуде, 65% және 67% портфель сапасының бұрынғы деңгейде қалатынын күтуде.
Тәуекелдер дәрежесін бөлуге қатысты айтатын болсақ, онда неғұрлым маңыздылық кредиттік тәуекелге (респонденттердің 51%) және операциялық тәуекелге (респонденттердің 23%) берілді. Бұл ретте операциялық тәуекелдің маңыздылығы алаяқтық жағдайларына байланысты болғанын атап өтті. Банктердің бақылауы бойынша алаяқтар өздерінің жұмыс әдістерін үнемі жетілдіріп отырады, клиенттер туралы жаңа ақпарат көздерін табады, олардың деректерін ұрлайды, адамдардың өз құжаттарына ұқыпсыз қарауын пайдаланады. Банк секторы алаяқтар үшін ерекше тартымды болып табылады.
Банктер өтімділік тәуекелін және валюталық тәуекелді «өткен тәуекелдер» деп атайды. өткен кезеңдердегі кредиттеуді қатаң шектеу және пассивтік базаны белсенді дамыту, сондай-ақ банктердің сыртқы міндеттемелеріне қызмет көрсету бойынша жүктемені төмендету өтімділік тәуекелін төмендетуге әсер етті. Валюталық тәуекелді төмендету ең алдымен ұлттық валютаның тұрақты бағамын ұстап тұруға және ағымдағы айырбастау бағамының сақталуын оңтайлы күтулеріне байланысты.
Қосымша қаржыландыру көздері бөлігінде банктер негізінен заңды және жеке тұлғалардың салымдарын тартуға (57% және 68% осы қорландыру көзінің жоғары артықшылығын атап өтті), сондай-ақ капиталды жұмыс істеп тұрған акционерлердің қаражаты есебіне ұлғайтуға (респонденттердің 41%) және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 35%) сүйенуіне жалғастырып отыр.
Банктердің сыртқы міндеттемелерін өтеу 1-тоқсанда ішкі міндеттемелер есебінен (90% астам) және активтердің және резиденттерге талаптардың қысқаруы есебінен (6%) болды.
Келесі 12 ай ішінде банктер сыртқы міндеттемелердің бір бөлігін ішкі міндеттемелерімен ауыстыруды көздейді (51%); сондай-ақ сыртқы міндеттемелерді ішкі активтердің төмендеуі есебінен жабу жоспарланып отыр (шамамен 35%). Активтерді және резиденттерге талаптарды сату (10% астам)2.
Достарыңызбен бөлісу: |