Кредо қОҒамдық бірлестігі



Дата25.02.2016
өлшемі34.68 Kb.
#24711









КРЕДО

ҚОҒАМДЫҚ

БІРЛЕСТІГІ


ЕВРОПАЛЫҚ ОДАҚ


PRI (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРМЕ РЕФОРМАСЫ) ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨКІЛДІГІ

«КРЕДО»

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ




БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Астана қ., 22 тамыз 2012 ж.
Еуроодақ пен PRI жоба шеңберінде, сарапшылар Қазақстанның түрмелерінде таралатын АҚТҚ-індетінің жұғуы мен таралу қауіпін төмендету мәселелерін талқылайды
2012ж. 22-ші тамызында Астана қаласында Қазақстанның пенитенциярлық мекемелерінде таралатын АҚТҚ-індетінің жұғуы мен таралуын алдын алу мәселелері тақырыбында конференция өтеді. Еуропалық Одақтың қолдауымен «Сотталған әйелдер арасындағы АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез ауруларын алдын алу модельдік бағдарламасы» жобасы аясында Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) Орталық Азиядағы өкілділігімен іске асатын конференция өтеді.

Сотталғандардың ортасында таралатын АҚТҚ-індеті кеселінің жұғуының аса қауіптілігі мен басқа да денсаулықты нашарлататын кеселдердің таратылымдылығы бұл төңіректе мардымды мемлекеттік саясатты қажет етеді. Елімізде түрмелердегі зиянды төмендететін бағдарламалардың жоқтығы сотталғандардың арасында АҚТҚ-індетінің таралу мәселесін ушықтыруда.

Нақты айтқанда қазіргі таңда нашақұмарлықтан жапа шегіп жүрген сотталғандар қолдан жасалған бұйымдарды есірткіні қабылдау мақсатында пайдаланып, АҚТҚ және басқа да індеттерді біріне-бірі жұқтыруда. Бірталай уақыттан бері сарапшылар ортасы мен халықаралық ұйымдар ортасында зиянды төмендету мақсатында тым болмағанда пилоттық жобаның еңгізуі ұсынылып келеді, бұл дегеніміз инелердің алмасуын немесе опиойдтық орынын ауыстыру терапиясын білдіреді. Алайда түрме жүйесінің қызмет етуіне жауапты мемлекеттік мекемелер бұл ұсыныстарға ерекше сақтықпен қарауда.
«2011 жылы түзету мекемелерінде АҚТҚ індетінің жұғуының 140 жағдайы, 2012 жылдың жарты жылы ішінде 24 жағдайы көрініс алды,- деп хабарлайды Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілділігінің директоры Мектепбаева Саул,- Зерттеулердің куәлігі бойынша мұндай көріністер түрмелерде есірткілердің болғанының нәтижесінде орын алады және ол шектеусіз бүкіләлемдік тенденция. Алайда, есірткілер түрмеге келіп түскен жағдайда, қазіргі таңда зиянды төмендететін ықпалдатылған бағдарламалары жоқ. Біз көбіне есірткілердің келіп түсулеріне ескертулер жасауына ғана жұмыстанып, зиянның азаюына әрекет жасамаймыз».
«Пенитенциярлық жүйедегі алдын алу шаралары оған қатысушы мемлекеттік мекемелердің, түзету мекемелерінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында өзара тығыз қарым қатынастарды дамытқанда ғана мардымды бола алады. Қазіргі таңда жоба тәжірибесінің көрсетуі бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шараларында анық келісімділік жоқ және үкіметтік емес бөлім оған қажетті көлемде жұмылдырылмаған», - деп хабарлайды «Кредо» қоғамдық бірлестігінің директоры Надежда Козаченко.

Шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, академиктер, үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік сарапшылар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Конференция Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) Орталық Азиядағы өкілдігі мен “Харм редакшн интернэшнл” (HRI), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің бірігуімен жүзеге асады.


Конференцияға журналисттерді шақырамыз, аталған шара 22 тамыз 2012 ж. «RIXOS» қонақ үйінде (DHall-коференц залында) өтеді, мекен-жайы: 7 Қонаев көшесі, Астана қаласы, басталуы сағат 10:00-де, қатысушыларды тіркеу 09:30-да басталады.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 78-76-72/74 тел./факс немесе ashambilov@penalreform.org электронды пошта арқылы PRI жоба координаторы Шамбилов Азаматқа және +7(7172) 97-11-48 тел. немесе Karlygash.JAMANKULOVA@eeas.europa.eu электронды пошта арқылы Қарлығаш Джаманқұловаға, ЕО-тың ҚР-ғы Өкілдігіне хабарласуға болады.

Karlygash.Jamankulova@eeas.europa.eu.




Аталған жоба Еуропалық одақ тарапынан қаржыландырылады.

Еуропалық одақтың ҚР-дағы Өкілдігінің мекен-жайы:

Астана қ., Космонавтар к-сі, үй 62, инд, 010000

Тел.: (7172) 97-10-40

Еуропалық одақ технологияларын, ресурстарын және тағдырларын біртіндеп біріктіруге шешім қабылдаған 27 мүше-мемлекеттермен құрылған. 50 жыл ішінде бұл мемлекеттер мәдени әртүрлілік, сабырлылық және азаматтық еркіндіктерін сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және бекемді даму аймағын қалыптастыра алды. Еуропалық одақ өз жетістіктерін және құндылықтарын шекарасы тысында орналасқан елдер және халықтармен бірге қолдануды мақсат тұтады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет