Конкурс өткізу туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын



Дата09.07.2016
өлшемі36.14 Kb.
#186546
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-R-4

56376

76235



«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары: 8(72156) 5-34-12, 8(72156)4-08-44, факс: 8(72156)5-32-52, электрондық пошта: Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы (1 бірлік, №04-3-1-1, Е-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау. Азамматарға тұрғын үй көмегін алу мәселесі бойынша кеңес беру. Тұрғын үй көмегін төлеу бойынша шығын мөлшерін болжау үшін есептерді жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық немесе әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядрлық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарын, экономика және әлеуметтік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы (1 бірлік, №04-3-1-3, Е-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Мүгедектер туралы мәліметтер базасын жүргізу, мүгедектерді жеке оңтайландыруды іске асыру жөніндегі есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізу. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мүгедектерге бір жолғы төлемдерді ұйымдастыру. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – экономикалық немесе әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы» заңдарын, экономика және әлеуметтік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген, қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді Шахтинск қаласы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет